Главная страница
Навигация по странице:

  • Этиологиясы.

  • Эпидемиологиясы.

  • Листериоздың клиникалық түрлері

  • Диагностикасы. Күмәндану жағдайы

  • листериоз (копия). Реферат Орындаан Дзелбаева Амина,Е1 топ студенті ТаырыпЛистериоз листериоз


    Скачать 24.42 Kb.
    НазваниеРеферат Орындаан Дзелбаева Амина,Е1 топ студенті ТаырыпЛистериоз листериоз
    Дата09.11.2022
    Размер24.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалистериоз (копия).docx
    ТипРеферат
    #779023

    Реферат

    Орындаған :Дүзелбаева Амина ,Е1 топ студенті

    Тақырып:”Листериоз”

    ЛИСТЕРИОЗ

    .Листериоз - Listeria monocytoqenes қоздыратын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерде өтетін, полиморфты клиникалық көріністермен сипатталатын жұқпалы ауру.

    Этиологиясы. Листериоздың қоздырғышы Listeria monocytoqenes – қысқа таяқшалар немесе кокктар, грам «оң», факультативті анаэроб, жылжымалы бактериялар. Капсула және спора түзбейді. Соматикалық О және қылаяқты Н – антигендері бар, 4 серологиялық типтерге және a,b,c,e - подтиптерге бөлінеді. Листериялар сыртқы ортада тұрақты. Олар топырақта, бидайда, мұзда ұзақ уақыт сақталып, +4-+6°С тоңазытқышта көбейеді.

    Қыздыру мен дезинфекциялаушы препараттардың әсерінен тез жойылады.

    Тетрациклин тобындағы антибиотиктерге, пенициллинге, рифампицинге, стрептомицинге, эритромицинге сезімтал.

    Эпидемиологиясы. Аурудың көзі және резервуары - сүтқоректілердің көптеген түрлері (ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа, кеміргіштер), құстар, кенелер, шаян тәрізділер.

    Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.

    Аурудың берілу жолдары:

    алиментарлы – шикі және әбден піспеген сүт, ет тағамдары арқылы,

    кеміргіштердің зәрімен залалданған су, тағамдар арқылы;

    контатктілі-жарақатты ауру малмен жанасу кезінді, ет бөлшектегенде, малдың терісімен жұмыс жасағанда;

    аэрогенді - залалданған шаң арқылы;

    трансмиссивті – кенелер арқылы (өте сирек кездеседі);

    вертикалды–анадан іштегі нәрестеге плацента арқылы. Залалдану жүктіліктің ерте кезеңінде болса өздігінен түсік тастау, нәрестенің өлі туылуы мүмкін. Жүктіліктің екінші жартысында залалданса нәрестенің туа пайда болған листериозы дамиды.

    интранаталды– босану жолдарынан өткенде;

    жыныстық қатынас арқылы

     Листериозға барлық адамдар сезімтал, бірақ ет-сүт комбинаттарында, мал, құс фермаларында жұмыс істейтін қызметкерлер жиі аурады, және иммунды тапшылық жағдайда жиі кездеседі: жүкті әйелдер, 1 жасқа толмаған балалар, 60 жастан асқан адамдар, және кортикостероидтар, иммунодепрессантар қабылдайтын науқастар, АИВ\ЖИТС-инфекциямен, қант диабетімен ауыратын науқастар.

    Листериоздың клиникалық түрлері :

    Листерия-тасымалдаушылық түріде кездеседі. Бұл жағдайда клиникалық көріністері байқалмайды.

    Ең жиі кездесетін түрі – ангинозды-септикалық. Катаралды немесе фолликулярлы баспа дамиды. Қызба 38,5°С 5-6 күнге созылады. Шеткі қанда өзгерістер анықталмайды. Ауру айығумен аяқталады. Ойық жаралы ангина тәрізді өтуі мүмкін. Қызба 39°С – 10-12 күнге созылады. Бауыр, көкбауыр ұлғаюы мүмкін. Шеткі қанда – лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз. ЭТЖ жоғарылайды. Ауру сепсиске айналып кетуі мүмкін. Бұл жағдайларда ремиттерлеуші қызба, теріде полиморфты бөртпелер, бауыр, көкбауырдың ұлғаюы, қанда мононуклеарлардың саны өсуі байқалады. Инфекциялық эндокардит қалыптасып, өлімге әкеліп соғуы мүмкін .

    Жүйкелік түрлерінде менингит, менингоэнцефалит, ми абсцессі дамиды. Ерте жастағы балаларда кездеседі. Менингеалды симптомдары пайда болады. Керниг, Брудзинский симптомдары байқалып, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады. Ликвор мөлдір, қысымы жоғары, белоктың құрамы жоғарлап, қанттың құрамы мен хлоридтер өзгермейді. Серозды менингит іріңді түріне ауысуы мүмкін. Менингоэнцефалит түрінде қосымша жүйкелік ошақты симптомдар байқалады - птоз, анизокория, стробизм, патологиялық рефлекстер. Перифериялық жүйке жүйесі зақымдалғанда парездер, салданулар қалыптасады. Кейбір жағдайларда полирадикулоневрит дамиды.

    Жүкті әйелдердің листериозы. Жүкті әйелдер листериоздың кез келген түрімен ауыруы мүмкін. Кейде жүкті әйелдерде босанғанға дейін бірнеше апта бойы түсініксіз қызба байқалады. Кейбір жағдайда жүкті әйелдер жеңіл тұмау тәрізді аурумен ауырады. Сонымен, 137 жүкті әйелдерді көп дүркін (7 рет) тексеру барысында, олардың 60-ның (44%) нәжісінен листериялар бөлінген. Ал өзге тексерулерде листериялар олардың нәжісінің 12% табылған.

    Жаңа туылған балалар листериозы.Туа біткен листериоз ауыр ағыммен және жиі нәрестенің өліміне әкелумен сипатталады. Іштегі нәресте ауруды жұқтырғанда, ол өлі немесе шала туылады. Интранаталды листериоз 7 күннен бастап дамиды: жиі менингит, менингоэнцефалит түрінде өтеді. Сепсис қалыптасады. Өмірінің алғашқы 2 аптасында өлім жағдайына душар болады. Неонаталды листериоз өте ауыр түрде өтеді. 2-3 күннен кейін қызба, улану симптомдары, пневмония, ауыр дистресс синдром қалыптасады. Аурудың бұл түрі септикалық-гранулематозды деп аталған. Аурудың негізгі белгілері: қызба (38-39°С), демікпе, көгеру. Сыртқы тыныс алу жолдарымен қатар, өкпе де зақымға ұшырайды. Бауыр ұлғайып, сарғыштану пайда болады, қөк бауырдың ұлғаюы сирек кездеседі. Экзантема кеуде мен аяқ-қолда орналасады. Басында қоңыр-қызыл дақ пайда болып, одан әрі олар папулаға айналады. Жазылғаннан кейін 15-20% сауыққандарда орталық жүйке жүйеде резидуалды құбылыстар сақталады.

    1 айға дейінгі емшектегі балаларда листериоздың пайда болуы, «жаңа туылғандардың листериозы» тәрізді өтеді. Егер жұғу босану кезінде болса, онда жаңа туылғандардың листериозы, босанғаннан 1-4 аптадан кейін клиникасы көрінеді. Листериоздың жиі түрі - менингит. Бактериалды менингиттің 1% оқиғаларында Listeria monocytoqenes анықталған. Кейде кенеттен неврологиялық симптомдар пайда болады немесе энцефалиттің клиникалық көрінісі дамиды.

    Әйелдердің жыныс мүшелеріндегі листериялардың персистенциясы (жалпы жұқпалы аурудың немесе жыныс мүшелеріндегі қабыну процестерінің клиникалық көріністері болмаса да) жүктіліктің және босанудың патологиясына (45%), содан кейін жүктіліктің үзілуіне әкеп соғады (өзіндік түсіктер - 29%, уақытынан ерте босану - 3,5%, дамымаған, тоқтап қалған жүктілік - 8%).

    Диагностикасы.

    Күмәндану жағдайы:

    Жыныс мүшелерінің қабыну процесі кезінде анықталады(себебі, жыныс мүшелерінің қабыну процестері генитальды листериоз кезінде бақылау тобымен салыстырғанда нақты жиірек тіркеледі)

    - анамнезде түсіктердің, өлі туылған нәрестелердің болуы. Сонымен қатар, листериоз кезінде сиректеу кездесетін жүктіліктің қолайсыз нәтижелері:

    - анамнезде нәрестенің туа пайда болған патологиясының болуы;

    - анамнезде ерте жастағы балалар өлімінің болуы.

    Емдеуі

    Этиотропты емді түрлі антибиотиктермен жүргізуге болады. L. monocytogenes антибактериальды препараттарға сезімтал.1.Жергілікті түрлерінде 1 антибиотик, жайылмалы түрлерінде - 2 антибиотик қолданылады: макролидтерге, ампициллинге, цефалоспориндерге аминогликозидтерді қосу қажет - гентамицин, тобрамицин және т.б.

    2. Патогентикалық ем– улану симптомдарымен күресу; ТШҚҰ-синдромымен күресу; қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ағзалық патологияға байланысты ем жүргізу қажет. Менингит кезінде дегидратациялық ем пайдалану қажет.

    Листериоздың емінде цефалоспориндерді (парентеральді немесе энтеральді) нитрофурандармен (жергілікті, қынап арқылы) бірге қолдану ұсынылады.

    Болжамы.Дер кезінде жүргізілген емнің өзінде де өлім қаупін тудыратын жағдай менингит пен энцефалит. Листериоздың трансплацентарлы берілуі барысында әрқашан нәрестенің өлімімен аяқталады. Жаңа туылғандардың залалдануында өлім қаупі 50%-ті қамтиды. Листериоздың болжамы 1 жасқа дейінгі сәбилер үшін, 60 жастан жоғары қарттар үшін, сондай-ақ өте ауыр ілеспелі аурумен ауырғандар (ісіктер, АИВ\ЖИТС-инфекция және т.б.) үшін жағымсыз. Жүкті әйелдерде листериоз іштегі нәрестенің ауыр зақымдануына алып келеді.

    Етті және ет өнімдерін қайнату. Шикі сүтті пайдалануға тиым салу. Листериоз әсіресе жүкті әйелдерге көп қауіп тудырады. Сондықтан мал шаруашылығында істейтін әйелдерді жүктілік кезінде жұмыстан босату керек.

    Сұрақтар

    1.Листериоз инфекциясының анықтамасы

    2.Листериоз инфекциясының этиологиясы

    3.Листериоз инфекциясының эпидемиологиясы

    4.Клиникасы,жас нәресте листериозының ерекшелігі

    5.Диагностикасы

    6.Емі

    7.алдын алу шаралары

    Оқулық

    1. Интернет материалдары

    2.Жұқпалы аурулар Алматы 2009 ж.


    написать администратору сайта