реферат. Реферат Орындаан Жбатан Аерке Мамандыы Математика педагогтарын даярлау
Скачать 19.13 Kb.
|
Реферат Орындаған: Жұбатқан Ақерке Мамандығы: Математика педагогтарын даярлау Тақырыбы: Мен көшбасшымын Мен көшбасшымын Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады. Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды Көшбасшылық – басқару, басқара алу қабілеті бар деген мағынаны білдіреді. Бұл басқа адамдарды олардың алғашқы ниеті қандай болмасын өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады. Сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттірін қолдана отырып оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылық ерекшеліктердің бірі алдына мақсат қойып оған жете алады. Ол өзінің нені қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алды ала жоспарлап алуы керек. Өзгеріс желін сезген адам желден қорғаныс емес, диірмен салу керек деп Мао Цзедун айтқандай қазіргі кезде білім саласындағы өзгерістерді желге теңесек содан қорғанудың жолы жағашылдыққа ұмтылу, ұстанымымызды өзгерту, әлемге басқаша көзқараспен қарау. Білім саласындағы өзгеріске ілесіп келе жатқан және әлі де ілесе алмай , оны мойындамай жүрген адамдар да кездесіп отыр. Олар жаңа форматпен жұмыс жасағысы келетіндерге үлкен кедергі. Осы кедергіні қалай жоюға болады дей келе мен қандай көшбасшымын? Деген сұрақты өзіме қойдым. Шындығында мен қандай көшбасшымын? Осы сұраққа талдау жасап ойландым. Неге талдау жасамасқа? Себебі мектептегі мұғалімдер, оқушылар мен жұмысшылардың жай күйі мені қатты толғандырады. Мен көшбасшы ретінде оларға қандай бағыт бердім, жол көрсеттім? Өзіме артылған жүкті дұрыс алып жүрмін бе\№ Міне осы сұрақтардың жауабын табу үшін көп еңбектені керектігін түсіндім. Қазақта «Жүк ауырын нар көтерер» деген дана сөз бар. Сондықтан әлем өзгеріп жатқанда мен неге өзгермеймін, мен басқарып отырған ұжым неге өзгермейді деген ұстанымды мақсат ете отырып алдағы уақытта ұжыммен бірлесе жұмыс жасауды және олардың пікірімен санаса отырып, сол пікірлерден тобықтай шығара білу керек екен деген ойға келдім. Біздің қоғам жас қоғам, жас қоғамда әркезде көшбасшылар да аз болады. Бізге үлкен жетістіктерді бағындыра алатын және халыққа рухани азық боларлық ойлармен жігер сыйлайтын тәлімгерлер керек. Бізге осындай жандардың қалыптасуынап , үлкен жетістіктерге жетуіне не кедергі. Ол үшін санамыздағы теріс пікірлерден арылуымыз керек. Қазір әлем жылдам өзгеріп жатқандықтан болашақпен бірге, жаңашыл болуға ұмтылуым қажет деген ой маған маза бермеді. Өйткені бүгінгі таңда өзгеріссіз қалу, көштың соңында қалғанмен бірдей деп есептедім. Осы оқуға бармай тұрғанға дейін мен өзімді патриот санап келдім. Оқуды аяқтағаннан кейін ойым да, санам да, көзқарасым да өзгерді, себебі мен — көшбасшымын. Көшбасшы — жол таба біледі, өзгелерге жол көрсете алады, өзіне жүктелген міндетті сезіне біліп, ауыртпақшылықты төзіп, ұжыммен ынтымақтастықта жұмыс жасай алатын адам деп түсінемін. Халқымыздағы «Жүк ауырын нар көтерер» деген мақалдың орынды айтылғанына көзім жетті. Көшбасшы мұғалім мектепті дамыту жұмыстарына белсене араласып қана қоймай, туындаған мәселелерді шеше біле алатындығын нәтижеге бағытталған жұмыстарынан көруге болады. Қазіргі кезде мектептерде бірінші , екінші, үшінші деңгей бітірген ұстаздар саны күннен күнге артып келеді. Олар осы көшбасшылық жұмысты өз дәрежесінде алып жүр ме? Ал, алып жүрмесе оларға қандай кедергілер кездесіп отыр? Деген сұраққа мен ең алдымен осы деңгейлік бітіріп келген мұғалімдерге қолдаудың аздығы әсіресе әкімшілік тарапынан көрсетілетін қолдаудың жоқтығы дер едім. Екіншіден осы курастарға мұғалімдердің қабілетіне және деңгейіне қарамай қалай болса солай жіберіле салуы. Бес саусақ бірдей болмайды дегендей барлық мұғалімнің бойында көшбасшылық қасиет бола бермейді, сондықтан осы курастарға жіберер алдында басшылық жіберетін адамының қандай екендігін және ол осы сенімге лайық па? Соны біліп алуы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар оның соңынан адамдар ілесе алуы керек. Қорыта келе көшбасшы болу үшін адамның бойында ерекше қабілет болу керек. Сондықтан мен көшбасшының 10 қасиетін айтқым келіп отыр. Мақсатқа жетуде өзіне не керек екенін біледі. Кәсіби шебер Позитивті , адал, тәртіпті Табанды Басқаға ісер ету, көзін жеткізуге қабілетті. Жауапкершілігі жоғары Ұйымдастырушылық қабілеті зор Қарым-қатынас құра алатын Өзін-өзі дамыта алатын Көшбасшылық құпияны сақтай алатын, Ол құпия «Тек алға» Сөз соңында Я.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ешнірсе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз деп сана» деген нақыл сөзі мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, онда басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған деп білемін. Пайдаланылған әдебиеттер: Ziatker.kz Martebe.kz https://kk.wikipedia |