РЕферат. Реферат Орындаан Мерденов А. Е. Тексерген бдіжами А. Ж
Скачать 29.74 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯ «БОЛАШАҚ» Реферат Орындаған: Мерденов А.Е. Тексерген: Әбдіжами А.Ж. Nf Жоспары: 1. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару 2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару 3. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқару Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару. Қоғамдық жұмыстарға тарту - жаза жүйесіндегі жаңа жаза түрі болып табылады. Бұл жаза алғаш рет 1990 жылы БҰҰ-ның 8-ші конгресінде бас бостандығынан айыру жазасына балама жаза ретінде қабылданылды. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталған адамдарға негізгі жаза ретінде тағайындалады. Бұл жаза сотталушының негізгі тұрғылықты жері бойынша, жергілікті атқару органдарымен белгіленген жұмыс объектілерінде негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақыттарда қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауымен атқарылады. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қылмыстық жазалардың ішінде мерзімі сағатпен анықталатын жаза болып табылады. Қоғамдық жұмыстарды орындау жазасы 60 сағаттан 240 сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандар үшін 40 сағаттан 160 сағатқа дейін тағайындалады. Әрине, кәмелетке толмағандарды бұл жазаға тартқанда, олардың күші жететін жасына сәйкес жұмыстарды орындау белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуші сотталғандар жаза өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға, белгіленген жұмыс объектілерінде еңбек етуге және сот белгілеген қоғамдық жұмыстардың мерзімін өтеуге, сонымен бірге, тұратын жерінің өзгергені туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлауға міндетті. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталғандар, тұратын жерін қылмыстық-атқару инспекциясының рұқсатынсыз өзгерте алады, тек мұндай жағдайлар болғанда, сотталушы тұратын жерінің өзгергені туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлауы тиіс. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару. Түзеу жұмыстары жазасы негізгі жаза ретінде, сотталушының негізгі жұмыс орны бойынша 2 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Сотталушының табысынан сот белгілеген көлемде мемлекет қорына 5 пайыздан 20 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Бұл жаза қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауымен және сотталушы жұмыс істейтін мекеме әкімшілігімен атқарылады. Сотталушының негізгі жұмыс орны ретінде, еңбек кітапшасы өткізілген мекеме, кәсіпорын алынады. Сотталушының басқа жерлердегі қосымша жұмыстарына бұл жазаның күші қолданылмайды және ол жақтағы табысынан ұсталым жүргізілмейді. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза 16 жастан бастап тағайындалады. 16 мен 18 жастың араларындағы кәмелетке толмағандарға, бұл жаза бір жылға дейінгі мерзімге тағайындала алады. Қылмыстық-атқару инспекцияларына сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүргізу де жүктелген. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғандардың жеке мінез-құлық ерекшеліктерін, жасаған қылмысының түрін, қоғамға қауіптілік дәрежесін, т.б. елеулі жағдайларын ескеруі керек. Инспекция сотталғанмен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, оған ол жұмыс істейтін мекеменің әкімшілігін, ұжымын тарта алады. Түзеу жұмыстарын атқаруға байланысты орындалуға жататын жұмыстар қылмыстық-атқару инспекциясының міндеттеріне жатады. Сондықтан қылмыстық-атқару инспекциясы жоғарыда айтылғандардан басқа, сотталғандардың мінез-құлқын бақылайды, қажет болған жағдайда оларды жұмыспен қамту орталықтарына жібереді, шақыру бойынша немесе тіркелуге келмеген сотталғандарға еріксіз келтіру шараларын қолданады, жазаны өтеуден бұлтарған сотталғандарды іздестіру шараларын жүргізуге хабарлама береді, тұратын жері белгісіз сотталушылар туралы материалдар әзірлеп, тиісті органдарға береді, сондай-ақ жазаны өтеу кезінде сотталғанның қалауы бойынша жұмыстан шығып басқа жұмысқа ауысуына рұқсат береді. Түзеу жұмыстарына тартылған сотталған, жұмыстан қылмыстық-атқару инспекциясының жазбаша берген рұқсатынан кейін ғана шыға алады. Жұмыс беруші мекеме, кәсіпорын қылмыстық-атқару инспекциясының рұқсатынсыз сотталғандығы жұмыстан шығарып жібере алады. Тек мұндай жағдайда мекеме бұл туралы инспекцияға өзі хабарлауы керек. Сотталған жұмыс орнының өзгергенін он күн ішінде инспекцияға хабарлауға міндетті. Түзеу жұмыстарына сотталған адамдар заңда қарастырылған талаптарды сақтауға міндетті. Бұл міндеттерді жаза өтеудің бастапқы кезеңінде-ақ қылмыстық-атқару инспекциясы оған ескертеді. Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға, өздеріне қылмыстық-атқару инспекциясы жүктеген міндеттерді орындауға және оның шақыруы бойынша айына екі рет келіп тіркілуге міндетті. Бұл жазаға тартылған адамдар жұмыс орнынан жылдық демалысын ала алады, сонымен бірге мерзімі он күнге дейін қосымша демалыстар алуға құқылы. Бірақ бұл демалыстарды сотталған қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен ғана алады. Демалыстың басқа түрлерін жалпы негізде алады. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқару. Бас бостандығын шектеу жазасы сотталған адамды қоғамнан аластамай, арнаулы мекемелерде ұстау арқылы, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бас бостандығын шектеу-қылмыстық жазалардың ішіндегі негізгі жазалардың бірі болып табылады. Бұл жазаны атқару қатынасына түсуші субъектілер түзеу орталықтары, сонымен бірге сотталған адамдарға жұмыс беруші мекеме, кәсіпорындар және осы жазаны өтеуші сотталған адамдар болып саналады. Жаза атқарылу тәсілі бойынша, түзеу орталығының сотталған адамға үнемі бақылау жасауымен анықталады. Қылмыстық жаза сотталған адамның қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесіне және сотталған адамның қоғамға қауіптілі қарай тағайындалатындықтан, бұл жазаны өтеуші адамдарды маңыз ауыр емес дәрежедегі қылмыстарды жасағандар мен бас бостандығанан айыру орындарынан жақсы мінез-құлық қалыптасуына және қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстарын өтеуден қасақана жалтаруына байланысты ауыстырылғандар құрайды. Сотталған адамның түзеу орталығына өз еркімен баруына сенімсіздік туғанда және түзеу мекемесі мен түзеу орталығының арасы қашық немесе ол аралықта жол жүру қиын болғанда, түзеу орталығына айдаумен апарылады. Сотталушы жолдама қағазды алғанмен, бірақ түзеу орталығына бармаса, онда іздестіру шаралары жүргізіледі. Іздестіруді түзеу орталығы да, ішкі істер органдары да бере алады. |