Главная страница

_ан алу т_ртібі(ВС-118 Диас) (1). Реферат ртрлі жануарлардан, оны ішінде зертханалы жануарлардан (трлеріне арай) ан алу тртібі мен технологиясы


Скачать 0.71 Mb.
НазваниеРеферат ртрлі жануарлардан, оны ішінде зертханалы жануарлардан (трлеріне арай) ан алу тртібі мен технологиясы
Дата10.03.2021
Размер0.71 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла_ан алу т_ртібі(ВС-118 Диас) (1).docx
ТипРеферат
#183285

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ»
комерциялық емес акционерлік қоғам



Ветеринария факультеті

Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Реферат
Әртүрлі жануарлардан, оның ішінде зертханалық жануарлардан (түрлеріне қарай) қан алу тәртібі мен технологиясы
Орындаған:

5В120200-Ветсанитария мамандығының

1 курс 118 топ студенті

Кенжебеков Диас

Тексерген:


АЛМАТЫ,2018ж.

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Жануарлардан қан алу тәртібі мен технологиясы

2.2 Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері

2.3 Шошқадан қан алу

2.4 Иттен қан алу

2.5 Қояннан қан алу

2.6 Теңіз шошқашығынан қан алу

2.7 Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу

2.8 Құстан қан алу

2.9 Бақадан қан алу

3.0 Қан сарысуының буферлік қасиеттерін анықтау

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе.

Қан физиологиясы

Қан дегеніміз — организмнің сұйық ткані. Қан, лимфа және ұлпа сұйығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Бұл орта құрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығымен (гомеостаз) белгілі. Қан екі бөліктен құралады: біріншісі — қан сұйықтығы — плазма, екіншісі — қанның клеткалық элементтері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан плазмасында 8—10% белок (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген), қалдық азот (0,02—0,03%), глюкоза (40— 60 мг), майлар (0,15%), минералды элементтер (0,9% кездеседі, оның 0,6% ас тұзы құрайды), гормондар, витаминдер, ферменттер және антиденелер болады.

Қан тасымалдау, қорғаныш, жылуды реттеу, коррелятивтік және басқа да қызметтер атқарады.
II.Негізгі бөлім.

Жануарлардан қан алу тәртібі мен технологиясы

Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен қүстан канды тікелей жүрек қарыншасынан алады.

Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаган қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.

Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45° бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап — автоматтар пайдаланылады.

Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін катетерлеу әдісі қолданылады.






Шошқадан қан алу. Шошқаның үлкен құлақ венасын скальпелмен тілу арқылы аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбінен саусақпен қысып тұрады.

Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скаль­пелмен құйрықтың ұшынан 1—1,5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны дезинфекциялап, құйрықтың ұшын 1—2 тәулік бойына бинтпен таңып тастайды.

Торайлардан 5—30 мл мөлшерінде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын теседі.
Иттен қан алу. Иттен (мысыктан) қанды аз мөлшерде құлағының ұшынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тілерсектен төмен орналасқаң сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқызып немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса ұстап, тілерсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырға-сын тесіп, қанды шприцпен сорып алады.



Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде құлақтың ұшын тіліп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұратын арпаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақты алдын ала жылы суға салған немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.

Қанды көп мелшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды (шынтақ төмпешігінен үшінші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны саусақпен басып тұрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді.

Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қояннан 15—20 мл-ге дейін қан алуға болады.



Теңіз шошқашығынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлшерде құлағының ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп мөлшерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшау-лағаннан кейін) немесе тікелей жүректен арнаулы инемен алады. Инені төссүйегінің сол жағына, жүрек қағысы анық сезіліп тұрған жерден қадайды. Инені 1,5— 2 см тереңдікке енгізу керек. Бір алғанда 5—10 мл қан алуға болады.

Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқүйрық пен тышқаннан қанды құлағының ұшын тіліп немесе қүй-рығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды кұйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін кұйрықты алдын ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содан соң құйрық түбін саусақпен кыса ұстап, венаға жіңішке ине кіргізеді де, қанды шприцпен сорады.



Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, канаттары-ның астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы түсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді.

Құстың қаны өте тез үйитын болғандықтан, қан ала-тын жерді алдын ала қан үйытпайтын сүйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан қанды пипеткамен Ішінде антикоагулянты бар пробиркаға кұяды.

Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10—15 мл, көгершіннен —1 —1,5 мл қан алуға болады.



Бақадан қан алу. Бақаның бірнеше тамшы қанын саусақтарының ұшын қайшымен кесіп тастап, алуға бо­лады. Қанды кейде қурсағының ортасында орналасқан тері венасын тесіп алады (алдын ала теріні кеседі). Көп жағдайда қанды бақаның кеудесін ашып, тікелей жүрегінен алады.

ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ

Керекті заттар мен қуралдар. Микроскоп, пипеткалар, төсеніш және жапқыш шынылар, өлшегіш цилиндр, таразы, әр түрлі салмақты гирьлер, шыны стакандар, фибринсізденген қан, дистильденген су және NaCl, СаС12, КCl, NaHC03

Жұмыстың барысы:

1. Физиологиялық (изотониялық) ерітінді дайындау:

Дистильденген су (Н20) — 100 мл;
NaCl — 900 мг.

2. Жылы қанды малға арналған Рингер ерітіндісін дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 900 мг;

СаС12 — 20 мг;

KC1 — 20 мг;

NaHC03 — 20 мг.

3. Гипотониялық ерітінді дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 300 мг.

4. Гипертониялық ерітінді дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 5 г.
Төсеніш шыныға бір тамшы қан тамызып, оны жапқыш шынымен жабады да, микроскоппен қарайды. Эритроциттердің мөлшеріне көңіл аудару керек. Жапкыш шынының шетін көтеріп, бір тамшы гипотониялық ерітінді тамызған соң, микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен тамшыны қайта қарайды. Эритроциттер ісінеді де, жарыла бастайды. Тәжірибені гипертониялық және изотониялық ерітінділермен қайталайды.

Тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды жасау керек.

ҚАННЫҢ ФИЗИҚАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Қанда сұйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар. Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, беттік керіліс, химиялық касиеттерге — қанның әрекетшіл ортасы (рН), буферлік қасиеттері, т. с. с. жатады.

ҚАН ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚАННЫҢ ҰЮЫ

Бір малдың қанын екінші малға донор (қан беруші) қаны мен реципиент (қан қабылдаушы) қаны үйлесімді болған жағдайда ғана құюға болады. Мұның себебі — эритроциттерде екі түрлі желімденетін заттар: А және В агглютиногендері, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат — а және р агглютининдері болады. Эритроциттердің бір-бірімен желімденуі А агглютиногені мен а аг­глютинині, В агглютиногені мен рт агглютинині кездескенде байқалады. Қан құрамындағы агглютиноген мен агглютининдердің сипатына қарай адам қаны 4 топқа бөлінеді.

Мал қанының эритроциттерінде көптеген агглютиногендік факторлар болады, сондықтан оларды топқа бөлмей, генетикалық жүйелерге біріктіреді. Мысалы, ірі карада 80 агглютиногендік фактор болады да, ол 12 ге-нетикалық жүйеге бөлінеді. Жылқы қанында 19 агглю­тиноген болып, ол 10 генетикалық жүйеге бөлінеді.

Ауылшаруашылық малы қан топтарыныц бұл ерекшелігін иммуногенетикада пайдаланады.

Керекті заттар мен құралдар. Қанның II және III топтарының стандартты сарысуы, пипеткалар, төсеніш шынылар, қан алуға арналған инелер, мақта, спирт, иод.

Жүмыс барысы:1. Қан топтарын анықтау.

Төсеніш шыныньщ астыңғы бетінің бір шетіне II, ал екінші шетіне—III деген белгі салады да, белгілерге сәйкес II және III топтың стандартты қан сарысуын тамызып, оларға зерттелетін қанның бір-бір тамшысьш араластырады. Егер тексерілген қан I топқа жатса, екі тамшыда да агглютинация жүрмейді (тамшыда ірімтіктер пайда болмайды), IV топтың қанында екі тамшыда да агглютинация байқалады. Агглютинация III топтың қан сарысуы қосылған тамшыда жүрсе, кан II топқа, ал керісінше II топтың қан сарысуы араласқан тамшыда жүрсе—III топқа жатады.

2.Қаннық ұю жылдамдығын анықтау (Бюркер әдісі бойышиа). Сағат шынысының бетіне дистильденген судың бір тамшысын алып, оған бір тамшы қан араластырады да, уақытты белгілейді. Қанды адамның саусағынан, не қоянның құлақ тамырынан алады.

Әрбір жарты минут өткен сайын иілген жіңішке шыны таяқшамен тамшыны жайылып кетпейтіндей етіп араластырады. Таяқщаның ұшына фибрин жіпшелері ілінген уақыт канның ұю мерзімін көрсетеді.

СИМПАТИКАЛЫҚ НЕРВТІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА ӘСЕРІ

Қан тамырларына тамыртарылтқыш (вазоконстриктер) және тамыркеңейткіш (вазодилятатор) нервтер әсер етеді. Тамырдытарылтқыш нервтерге симпатикалық нерв жүйесі жатады. Олар тері мен құрсақ қуысын-дағы мүшелер қан тамырларын тарылтады, ал жүрек пен ми қан тамырларын кеңейтеді. Қаңқа ет тамырлары симпатикалық нервтердін әсерінен тарылады және кеңейеді, себебі бұл нервтің құрамында тамыр тарылтқыш және кеңейткіш талшықтар бар. Бұған қоян мойнындағы симпатикалық нервті кесіп және электр тогымен тітіркендіріп көз жеткізуге болады.

Керекті заттар мен қүралдар. Қоян, құрал-саймандар жиынтығы (үлкен және кіші қайшылар, хирургиялық және анатомиялық пинцеттер, скальпель), жіп, индукциялық аппарат немесе электрреттегіш, физиологиялық ерітінді, қоянға арналған наркоз (уретан, гексанал не­месе тиопентал ерітінділері, эфир), дәке, мақта, электр қағанағы, қоянды матап байлайтын стол.

Жұмыстың барысы.Қоянды орындыққа байлап, нар­коз береді. Қеңірдектен бір елі төмен жерден мойынның орта сызығын бойлай теріні 6—8 см тіледі. Скальпельдің сабымен ұлпаларды ажырата отырып, еттердің ара-сындағы тамыр-нерв будасын табады (19-сурет). Оны жіпке іліп алып көтереді де, симпатикалық нервті бөледі. Бұл нерв көкшіл-қызыл түсті, кезеген нервтен жіңішке және күре тамырдан алшағырақ орналасқан. Нерв-тің астынан жіп өткізіп оны байлайды да, байлаған жерден төмен қиып тастайды. Жіп нервтің бас жағындағы бөлігінде қалуы керек.

Тәжірибені нервті кескеннен кейін 10—15 мин өткеннен соң жүргізген жөн. Қоянның құлағын көтере созып астынан электр қағанағынан қан тамырлары жақсы көрінетіндей етіп жарық түсіреді. Екі құлақтңң қан тамырларын салыстырып, температурасын анықтайды. Жіпке байланған нерв ұшын жайлап көтеріп, оларды электродтардың үстіне салады да, электр тогымен 7—8 сек бойы тітіркендіреді. Қан тамырларының өзгерісін бақылап, құлақтың температурасын анықтайды. Тітіркендіруді тоқтатып тағы да қан тамырларындағы өзгерісті бақылайды. Тәжірибені қайталап қорытынды жа-сайды.

Тәжірибеден кейін жіпті кесіп алып тастайды, жарағa пенициллин сеуіп, тігеді де йод жағады. Қоянды кейіннен басқа тәжірибелерге пайдалануға болады.

ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ

Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы бір-бірімен жалғасқан белоктар, тұздар, қан клеткалары және бас­ка заттарға байланысты. Қанның тұтқырлығы қан тамырларындағы қанның ағу жылдамдығына әсер етеді. Қанның, плазманың және қан сарысуының тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстыра отырып анықтайды.

Қеректі заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналғап инелер, тұтқырлық өлшегіш, оксалатты немесе цитратты қан, дистильденген су, плазма, кан са­рысуы, спирт, эфир, 5%-ті йод ерітіндісі, мақта.

Жүмыстың барысы. Тұтқырлық өлшеуіш аспаптын. біріпші капиллярына алдын ала шүмегін ашып, «О» де-ген белгіге дейіп дистильденгеп суды сорып алады да, шүмекті жабады. Екінші капиллярға (сол жақтағы) резеңке тутігі арқылы нөлге дейін сағат шынысынан цит­ратты кан сорып алынады. Содап кейін шүмекті ашып, капиллярлардағы ауаны сорады, оларда вакуум пайда болып, сұйыктар төмен қарай жылжиды. Қанның деңгейі «І»-ге жеткен кезде, ауа соруды тоқтатады. Осы кезде су капиллярдың қанша бөлігін өткенін белгілеп, сол бойынша қанның тұтқырлыгын анықтайды. Соңынан капиллярларды жуып кептіреді де, жоғарыдағы тәртіппен плазма мен қанның сарысуының тұтқырлығын анықтайды.

ҚАН ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Қеректі заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналған инелер, 5%-ті натрий нитратының ерітіндісі немесе гепарин, бензол, хлороформ, тығыздығы 1,050—1,060 CuS04 ерітіндісі, 100 миллилитрлік цилиндрлер, пипетка, спирт, эфир, мақта.

Жүмыстың барысы. Қанның, плазманың және қан сарысуының тығыздықтарын түрлі әдістермен анықтауға болады.

1. Косяков әдісі бойынша қан тығыздығын анықтау үшін негізгі CuS04 ерітіндісін даярлау керек. Бұл үшін, 340 г химиялық таза CuS04 5H20 1,6 л дистильденген суда ерітіп, оның жалпы көлемін өлшем колбасында 2 л-ге жеткізеді. Дайын болған ерітіндіге ареометр салып, оның тығыздығы 1,10-ға тең болғанша су қосады. Осы ерітіндіден тығыздықтары 1,050-ден 1,060-қа дейін жететін түрлі тығыздықты ерітінділер дайындалады. Тығыздығы 1,050-ге тең CuS04 ерітіндісін дайындау үшін 100 мл цилиндрге 49 мл негізгі ерітінді құйып, оған 51 мл дистильденген су қосады. Осы ретпен басқа ерітінділер дайындалады (негізгі ерітіндіні 1 мл көбей-тіп', оған дистильденген суды 1 мл аз қосады). Оларды дайындау үшін 100 мл-ге цилиндрлердің 11-і қажет.

Тығыздықтары әр түрлі CuS04 ерітінділеріне бір тамшыдан нитратты қанды қосады. Тамшы ерітінділердің бірінің ортасында біраз уақыт тоқтайтын болса, онда қанның тығыздығы осы ерітіндінің тығыздығымен бірдей болғаны. Егер тамшы тоқтаусыз тез ыдыс тубіне батса, онда бұл қанның тығыздығы ерітіндіден жоғары, ал егер тамшы ерітінді бетінде қалса онда — төмен бол­ғаны.

2.Тығыздықты ареометрдің көмегімен анықтау ушін 2 бөлігі хлороформнан, 5,5 бөлігі бензолдан тұратын коспа дайындайды. Қоспаның тығыздығы шамамен 1,05—1,055-ке тең болуы керек. 100 мл-лік шыны ци-линдрге 70—80 мл қоспа құйып, пипеткамен бір тамшы қан тамызады да, оның қозғалысын бақылайды. Егер тамшы батып кетсе, онда хлороформ, ал батпаса — бен­зол қосады. Мұны тамшы қоспаның ортасында тұрғанға дейін жасайды. Содан кейін қоспаның тығыздығыи арео­метрмен анықтайды.

ҚАН САРЫСУЫНЫҢ БУФЕРЛІК КАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

Ұлпа құрамындағы қышқылдық және сілтілік элементтердін, өзгергіштіктеріне қарамастан, мал организміндегі әрекетшіл орта (рН) тұрақты болады. Қанға тон әлсіз сілтілік реакция көптеген механизм мен бу-ферлік жүйелер арқылы реттеліп отырады.

Керекті заттар мен щүралдар. Қан сарысуы, бюреткалар, стакандар, кез және өлшем пипеткалары, ионометр, 0,1 н. НСІ ерітіндісі, 0,1 н. NaOH ерітіндісі, индикаторлар—0,1%-ті метилоранж, 1%-ті фенолфталеин, дистильденген су, мақта, дәке.

Жүмыстың барысы:

  1. Сілтілік буферді екі параллель улгіде анықтайды. Бірінші стақанға (бақылау үлгісі) 10 мл дистильденген су, екіншісіне—10 мл дистильденген су және 1 мл тексерілетіп қан сарысуын құяды. Әр үлгіге 2 тамшыдан метилоранж индикаторын қосып, оларды 0,1 н. НСІ ерітіндісімен ақшыл-қызыл тус пайда болғанға дейін титрлейді. Титрлеуге кеткен ерітінді мөлшеріп анықтап (қан сарысуы мен суға), оларды салыстырады.

  2. Қышқылдық буферді анықтауда да бақылау (салыстыру) үлгісін пайдаланады. Бұл үшін бірінші стақанға 10 мл дистильденген су (салыстыру), екіншіге — 10 мл дистильденген су және 1 мл қан сарысуын (тәжірибе) құяды. Әрбір стақанға 2 тамшыдан фенолфталеин индикаторын қосып, оларды 0,1 н. NaOH ерітіндісімеп кызыл түс пайда болғанға дейін титрлейді. Екі үлгіні титрлеуге кеткен ерітінді мөлшерлерін жеке-жеке анық-тап, салыстырады.

  3. Ионометрдің көмегімен қан сарысуының рН-ын анықтау. Аспаптын, жұмыс істеу принципі электр тізбегіндегі электродтарда қозғағыш күштердің өзгеруіне негізделген. Қан сарысуы рН-ының көрсеткіші аспаптың магнит электрлік жүйесіне тіркеледі. Шыны стакандағы кан сарысуына ионометрдіц электродтарын батырады. Бұл кезде аспап тілі ауытқып, шкаладағы рН-тың мөл-шерін көрсетеді.

Жануарлар қанының сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшеріне шаққандағы ақуыздардың мөлшері (%)


Жануар түрі

Альбуминдер

Глобулиндер

α

β

γ

Жылқы

32,4

17,0

23,0

27,6

Ірі қара мал

40-48

12-20

16-21

20-30

Қой

39-43

18-22

35-30

10-15

Шошқа

39-49

15-24

10-18

15-30


Қан плазмасының минералды құрамы


Плазманың 1000г

Үй қояны

Шошқа

Жылқы

Сиыр

Ит

Мысық

Су

925,60

917,61

902,05

943,64

923,98

926,93

Натрий

3,292

3,150

3,286

3,195

3,159

3,289

Калий

0,215

0,224

0,218

0,212

0,188

0,217

Кальций

0,085

0,087

0,079

0,085

0,081

0,079

Магний

0,025

0,025

0,027

0,027

0,024

0,026

Хлор

3,883

3,627

3,726

3,690

4,023

4,170

Бейорганикалық фосфат

0,085

0,070

0,095

0,113

0,106

0,094

Қан құрамындағы гемоглобин


Жануар түрі

Сали бойынша (%)

Ауытқу

Қанның 100 мл (%) гемоглобинның

саны

Жылқы

80

50-110

13,6

ІҚМ

65

56-74

11,0

Қой

68

54-80

11,6

Шошқа

60

51-69

10,6

Ешкі

63

45-81

10,7

Ит

80

65-95

13,7

Мысық

65

47-83

11,0

Үй қояны

69

51-87

11,7



III.Қорытынды.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.



написать администратору сайта