Главная страница
Навигация по странице:

  • 2022 жыл Мазмұны: I.

  • дастурли емес формат. Дастан Несипбеков дастурли емес формат. Реферат "Сабаты йымдастыруды дстрлі емес формаларына сипаттама берііз"


    Скачать 51.73 Kb.
    НазваниеРеферат "Сабаты йымдастыруды дстрлі емес формаларына сипаттама берііз"
    Анкордастурли емес формат
    Дата10.10.2022
    Размер51.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДастан Несипбеков дастурли емес формат.docx
    ТипРеферат
    #726166

    Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

    Реферат “Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі

    емес формаларына сипаттама беріңіз”

    Студент: Нессипбеков Дастан Жанатович

    Оқытушы: Әділхан Гульзина

    2022 жыл

    Мазмұны:

    I. Кіріспе …...........................................................3

    II. Негізгі бөлім...................................................3-7

    1.1 Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.........................................................3-6


    1.2 Пайдасы мен зияны қандай?....................6-7

    III. Қорытынды................................................8

    Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай

    дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері – оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат – сабақтың құраушылары деп қарау керек.

    Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.

    Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.

    Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.

    Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, сынақ сабақтар, ХХI ғасыр көшбасшысы сабағы, қосар сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады.



    Семинар сабағыСеминар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.

    Қосар сабақ – іліктестірілген сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланыста қарап, 2 мұғалім береді.

    Модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетәін ескере отырып, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.

    Ойын сабақтары. Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан, тап!, аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады.«Жұлдызды сағат» сабағы қайталау-пысықтау сабақтарында, әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін дәстүрлі емес сабақтың көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады. Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді. Ойын оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды.

    Театр сабағы – сабақтағы өтілетін материалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.

    Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады, арттыра түседі.

    Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ.

    «Ойлан, тап!» сабағы – ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан, тап!»сабағы – білімді жүйелеу, қайталау және тексеру с абақтарын пайдаланған ұтымды. Сабақтың еркшелігі - сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардың терең білімді талап етеді.

    Осындай «Ойлан, тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушлықтарының артуына жол табады.

    Бақытты сәт ойыны «Жұлдызды сәт» ойынына ұқсас, бірақ көбінесе төменгі сынып оқушылармен ойналады. Бақытты сәт ойынының ерекшелігі – оқушыларды өз ойын еркін айта білуге үйрететіндігі.

    Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.

    Жарыс сабақтарына жататындар: сайыс сабағы, Не ? Қайда ? Қашан?

    КТС және т.б. сабақтар жатады. Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында сыныпқа 2 топ бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады.

    Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары: сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді.

    Саяхат сабағы - дәстүрлі емес сабақтың бір түрі. Саяхат сабағы бақылауға алынған объектіні жан-жақты зерттеуді жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастыратын сабақ түрі.

    Саяхат сабақ ерекшелігі - бұл сыныпта емес табиғат құбылыстарын қоршаған ортаның тылсым сырын ұғуға бағытталған, оқушының табиғат аясында өткізілетін сабақ. Саяхат сабақ балалар үшін тәрбиелік мәні бар.Табиғат сұлулығын түсіну одан үндестік табу оқушылардың эстетикалық сезімін, эмоциясын, мейірімділігін, қоршаған ортаға деген қамқорлығын оятады. Сонымен қатар оқушылардың өзара дұрыс қарым – қатынас жасауына ықпал етеді.

    Саяхат сабағының басты әдіс-тәсілі табиғаттың тылсым сыры мен құбылыстарын бақылау болып табылады. Саяхат сабағы оқу пәні мазмұнының көлемі ( бір тақырыпты, бірнеше тақырыпты) және бөлімдерді оқып, үйрену құрылысының орынына байланысты (кіріспе бөлім, ағымдағы, қорытынды бөлім) сияқты белгілерден тұрады.

    Сабақ мұқиятты дайындалады

    Оқушыларға алдын –ала тапсырмалар белгілері, көрнекіліктер дайындалады


    Сабақтың құрлымы ойластырылып, әр баланың жеке тапсырмалары тексеріледі

    Сыныптын ерекшеліктерін есепке алу арқылы сабақтын өтуі ойластырылады. Оқушылардың іс-әрекеттері ойластырылады

    әр бір әрекетке «үздік» және «орташа» оқушылар жұмысқа қосылады.

    Сабақтағы оқушылардыі іс-әрекеттеріне қарағанда дәстүрлі емес сабақ негізгі жетістігі – барлық оқушылар сабақтың өтуіне белсене қатысады, қызығушылықтары артады, сабақтын сапасы өседі.

    дәстүрлі емес сабақ алдына қойылатын талаптар.

    1. Оқу бағдарламаға сай бөлуі

    2. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері есепке алыну керек

    3. Өткен сабақтар бойынша бөлімдерін кеңейту керек.

    4. Оқушылардың қызығушылықтарын кеңейтіп, еңбекқорлығын ынталандыру қажет.

    5. Оқушылардың дербестігін, дарындылығын көрсету керек.

    6. Оқушы сабаққа «зертеуші» ретінде қосылып, өтіп жатқан тақырыптың теориялық және практикалық заңдылықтарын, өзара байланыстарын іздестіру қажет.

    7. Сабақ оқушыны жан-жақты дамытып, жетілдіру керек.

    8. Сабақ оқушының өз еркімен жасалған жұмыстарын міндетті түрде орындалатын жұмыстармен ұштастыру керек.

    9. Сабақта міндетті түрде қызығушылықтың артыраттын элементері болуы керек.

    10. Сабақта бос, еркін, көтерінкі күйдегі қарым қатынас болу керек.

    Дәстүрлі емес сабақтар қызықты, танымды, оқушыларға ұнайтын

    сабақтар болса да, оқытуда олардың жиі өткізуге қажет емес. Осы типті сабақтарды көбінесе қорытындылау, бекіту, жаңа білімді хабарлау кезінде қолдану тиімді. Сабақтардың саны, оқыту үрдісіндегі орны, әр мұғалім өзі ойластырады, осындай сабақтарды өткізу көбінесе мұғалімнің өзіне байланысты. Дәстүрлі емес сабақ оқытуды тағы да бір үлкен міндеттін орындайды – бұл оқытудың тағы да бір үлкен міндетін орындайды – бұл оқыту үрдісін демократизацияландыру. Әзірге зиянды жақтарын көрген жоқпыз,алдағы уақытта да болмайды деген үміттеміз.

    Осы ойымды қорытындылай келе, оқушылардың қоршаған орта мен оның тылсым сырлары туралы ұғымын оқушылар зердесінде қалыптастыру. Олармен тығыз байланыста болу. Оқушыларға пәндік материалдарды меңгерту және аталмыш тақырып бойынша олардың өз ойларын дұрыс жеткізіп, дәлелді сөйлеуге үйрету.

    Саяхат сабағы табиғаттың шынайы объектілерін қабылдаудан басталады. Бұл сабақ құрылысы болып табылады. Сыныпта өткізілетін сабақтарда берілген тақырыпты өмірмен байланыстырмай жеткізу қиынға соғады. Мәселе кеме, электр станциялар туралы берілген есептерді шығаруда оқушыларға олар туралы жеткізу қиын, өйткені олар оны көрмеген, . Балалар берілген Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.


    написать администратору сайта