Главная страница
Навигация по странице:

  • Қ аза қ стан Республикасында құқ ы қ

  • қ алыптасу ы

  • Реферат таырыбы аза стан Республикасында ы ты ж не


    Скачать 17.27 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы аза стан Республикасында ы ты ж не
    Дата29.11.2021
    Размер17.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла222222222.docx
    ТипРеферат
    #285632

    ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы

    Орындаған: Тойшыбекова Сания

    Тобы: 1101-11

    Қабылдаған: Қылышбаев Арман

    Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің жариялануы - республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиғалардың бірі болды. Бұл кезеңде Республиканың толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадамы еді. 1991жылғы 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, Тәуелсіздік күні деп аталып, қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды.

    Тәуелсіз Қазақстан - демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Құқықтық мемлекеттің ең басты белгісі – Заң бәрінен де жоғары. Мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің барлығы заң арқылы реттеліп, барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндет етеді. Заң ережелерін қатаң түрде, бұлжытпай орындау – құқықтық мемлекет қалыптасуының ерекше маңызды шарты.

    Құқықтық мемлекет - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғаудың басты мақсаты болып қойылған мемлекет. Бұл жерде адам және оның құқығы, өмірі мен оның еркіндігі басты құндылық. Барлық азаматтардың теңдігі, барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігін нақты көрсетеді. Мемлекеттік заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция. Республиканың тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституциясы 1993жылы 28 қаңтар күні қабылданды. Конституция бойынша: «Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет». Халық - республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылды. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғарғы Кеңесінің және Президентінің ғана құқығы бар. Осылайша Конституцияның қабылдануының да үлкен саяси - әлеуметтік маңызы болды. Алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995жылы 30 тамызда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданып, онда 1993жылғы Конституцияда орын алған кейбір қайшылықтар түзетіліп, нақтыланды. 1995 жылғы Конституцияның негізіне, алдымен, адам мен азаматтың құқықтары алынды. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруы керек. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне

    РРРРРООЛ


    написать администратору сайта