Қазақстан тарихы реферат. Қазақстан тарихы рефератт. Реферат таырыбы лы Дала
Скачать 30.08 Kb.
|
ЖОСПАР 1. Дала өркениеті 2. Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік 3. Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім Кіреспе Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1999-188ә) мен Ф.Энгель оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық тұрпат саналатын көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дəйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның əлемдік өркениетке қосқан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде əділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді... Негізгі бөлім Ендеше, Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолмен калыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы əлеуметтану процесі мен нәсілдік-генетик. бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өндеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты. Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шы- ғыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі процесстерін өткерді. Әсіресе, мындаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық комбинаңиялардың, геосаяси жəне әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтасстырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені көне қытай жазбаларында мазмұндалған. Тоталитарлық режим тұсында тарихшылар түркі жұртының даңқсы да өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап,Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезендерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық ұшырасқан емес. Көне түркілер дəуірлеген кезеңде көшпелі түрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешен- деріне орасан ықпалын тигізді. Тұракты дипломат, және сауда-саттық карым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтасстырып, тек материалдык айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мəдени құндылыктардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәти-жесінде Көк түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — төл сына жазуы калыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакасия жəне Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. 1-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдыктың бас кезіндегі (5-6 ғ-лардағы) түркі тектестердің аса куатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дөлел боларлықтай. 20 ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этник. бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип — Дала өркениеті екендігі белгілі қазақ зерттеуші-ғалымдары м.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, М.Барманқұловтың, т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мəнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге (өткелсіз су айдындарына, ну жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік күбылыс емес, динамикалық, футуристік мұн-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді. Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды калыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар аркылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі кат-қабат окиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халкының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тəжірибесі жинакталған ауыз өдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз əпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты. Трансқұрлыктық байланыстар желісі, сондай-ақ әрісі Африка, берісі Еуропа құрлықтарының саяси-этникалық картасына дүркін- дүркін өзгерістер енгізген жеңімпаз жорықтары арқылы көшпелілер өзара өрекеттескен өзге халықтарды рухани байытып, жалпақ әлем, жарык дүниенің кендігі мен сан алуандылығын көрсетті; экономикалық дамудың, әлеуметтік, ұйымдасудың әр қилы сатысында тұрған, рухани, ділдік, нәсілдік, этномәдени, т.б. сипаттары сөйкес келе бермейтін, бір-бірінен оқшау орналасқан аймақтардағы адамзат қоғамдастығының арасына донекер болды.Ислам ренессансын бастан өткеріп, олемдік ғылымдар мен ғылыми-танымдык ізденістердің бастауына (әл-Хорезмидің "әл-Жебрасы", Ұлыкбектің астрономия зерттеулері, Омар Хайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі өлемінің ішкі тұтасуының саяси-экономикалық, мəдени жене этногенетикикалық үрдістері Шыңғысхан империясының шапкыншылығы кезінде күрт тоқырауға үшырады. Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. . Қортынды Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның ғеосаяси мүдделерінің орбитасына айналды. Әскери-əкімш. шаралардың ғана емес, сондай-ақ адуынды идеология аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтасстыкты бүзып, үлттық нигилизмге, тарихи жадсыздыққа дем берді. Көшпелілер коғамын "басқаруға келмейтін, жабайы, қиратушылық қарымнан аспайтын, прогрессивті дамудың алғышарттарына қарсы жөңкілетін күш" ретінде сипаттайтын пікір орнықты. Патша генералдары мен жазалаушы отряд басшыларының өзі қазақ даласындағы озбырлық өрекетгерін, отарлау саясатын "өркениетті әлемді тағыльқтан құтқару" деп түсінген. Тіпті, Батыс Еуропа ғалымдарының өзі (Тойнби, Р.Киплинг, М.Вебер, Э.Трельч, т.б.) еуропа өркениет қана бар, ал өзге кеңістік "тағыларды мәдениетгі адамға айналдырудың алаңы" деп есептеді. мұның астарыңда жымысқы империялық саясатпен астасқан нәсілдік астамшылык жатканы белгілі; əлемге ықпал ету аяларын бөліске салып, алуан кұрлық игіліктерін иемдену барысында еуропалыктарды өзгелерге өркениет ұрығын себуші, мәдени ұлағат миссиясын атқарушы етіп көрсететін түжырымдамаларда ғылыми шындықтан гөрі отаршылдық-идеология мүдденің басымдығы ашық айтыла бастады. Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі аясында өрбиді. Егемен ел — тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық құндьшықтарға қол жеткізіп, біртұтасс мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолды, шыққан биікті бағалай білу шарт. Өткенін бағалай білмеген келешегін де қадірлей алмайды. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.Қазақстан тарихы . Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Мектеп,2019 Джандосова.З.А. 2. |