Антибиотиктер. Реферат Таырыбы Антибиотиктер Орындаан убкір Аяулым Тексерген Шермаанбет Айслу Тобы мб 1121 Жоспар
Скачать 24.97 Kb.
|
БОЛАШАҚ ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ Реферат Тақырыбы: Антибиотиктер Орындаған: Әубәкір Аяулым Тексерген: Шермағанбет Айсұлу Тобы: МБ 11-21 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлімі: Антибиотик түсінігі Антибиотик түрлері Антибиотиктерді бөліп алу және тазалау: экстакция, иондық алмасу,тұнбалар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе “Антибиотик” термині (anti - қарсы, bios – өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp.griseus продуцетін ашқан. Ваксман енгізген болатын. Антибиотиктер -бұл антимикробтық биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жануар тіндерінен бөлінед: химиялық жолмен синтезделуі де мүмкін. Антибиотиктер пигменттер, алколоидтар, уыттар сияқты микроорганизмдердің екіншілік метаболиттері. Олардың биологиялық міндеті - қоректік ортадағы микроорганизмдердің басқа бөтен топтарының тіршілігін басп жою. Бұл молеклярлық салмағы төмен шамамен 1000 дальтон, клеткада амин қышқылдардан, көмірсулардан, май қышқылдарынан, пуриндерден және т.б. синтезделеді. Антибиотиктер - бұл тікелей емес трансляцияның өнімдері, күрделі биосинтетикалық жолға ие. Сонымен қатар, антибиотиктер негізгі алмасудың метаболиттеріне жатпайды және клеткалар олардың қатысуынсыз тіршілігін сақтай алады. Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ерекше орын алады. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін “антбиотиктер дәуірі” деп атаған. Жалпы антибиотиктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың қосылысы медицинада және басқа саларда қолданылады. Олардың ішінде пенициллиндердің, цефалоспориндердің, әсіресе олардды жартылай синтетикалық туындылары: аминогликозидтердің, макролиттердің, сонымен қатар синтетикалық препараттардың ішінде - фторхинолдардың өндірісі басым. Антибиотиктерді басқа биологиялық заттардан айыратын қасиеті - олардың антимикробтық әрекеті және бұл әрекеттің бір бағыттылығы болуында. Медицинада қолданылатын антибиотиктер ветеринарияда, ауыл шаруашылығында қолданылмайды және керісінше. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлақтардан бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін ірекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды. 1871жылы орыс оқымыстысы В. А. Манассеин зең - саңырауқұлақтарының бактерияларды жойып жберетін қабілетін ашты. Бұдан бір жылдан соң А. Г. Полотебнев оны іріңдеген жараға салып, жақсы нәтижеге ие болды. Осыдан бастап микробиология ғылымында антибиотиктерді іздестіру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антиотиктер белгілі болды. Олардың ішінде маңыздылары: Пенициллин - пенициллум зең саңырауқұлағынан алынған. Ол көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мұның әсеріне төзімді келеді. Оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады. Стрептомицин - актиномицеттин алынады. Ол туберкулез таяқшасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады. Грамицидин - топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады. Биомицин - актиномицеттің бір түрінен алынған. Бұл да жануарлар мен адамдар ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылдары мал мен адам ауруларына қарсы қолданылатын басқа да бірааз антибиотиктер табылды және олар жан жақты зерттелуде. Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Токин 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олармикроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл,, терек, емен жапырақтарында фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және самырсынды ормандар микроорганизмдерге кедей болатыны да міне сондықтан. Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді. Жалпы антибиотиктерді адам мен жануарлар организмі де бөлетіні белгілі. Жануарлар тектек антибиотикке тиссулин, лецкин, сангвинин, экстразин, камполон, анстипин, птерин жатады. Қазір емдік қасиеті бар осы тектес антибиотиктерден лизоцим мен экмолинді атап өтуге болады. Лизоцим тауық жұмыртқасының ақуызынан бөлініп алынған. Ол көптеген ауру қоздырушы және сапрофит микробтарға жойқын әсер етеді. Лизоцим адам мен жануарлардың сүтінде, сілекейнде, көз жастарында, бауыр мен талақ экстрациясында кездеседі. Ол бірқатар өсімдіктерден де табылған. Әрине белгілі бір қасиетіне қарамастан лизоцим саңырауқұлақтар мен бактериялардан алынатын антибиотиктердің күшінен анағұрлым төменірек. Экмолинді балықтан алады. Одан жасалған препарат дифтерия, ішсүзегі таяқшаларына, стафилакокктар мен стрептококкаларға, ішек таяқшасына және оба вибриондарына, сонымен бірге тұмау вирусына да жойқын әсер етеді. Экмолинді пиницилиннің күшін арттыру мақсатында қосып қолданады. Осындай комплексті препаратты жас балалар дизентериямен ауырғанда қолданады. Организм вируспен зақымданғанда клеткада интерферон пайда болады.Бұның өзі белок тектек зат. Ол вирустағы нуклеин қышқылының түзілуін тоқтатады, сөйтіп жаңадан вирустың пайда болуын тежейді. Дәл осы интерферонға ұқсас заттар кейбір өсімдіктер клеткасынан да табылған. Бұл организмнің вирустан сақтануындағы табиғи қорғаныш болып есептеледі. Антибиотиктерді бөліп алу және тазалау барысында экстракция, иондық алмасу, тұнбаларр т.б. әдістер қолданылады. Экстракция дегеніміз – антибиотиктерді бір ерітіндіден екіншіге көп рет ауыстырар алдында оларды тұндырады яғни, бірнеше рет қайтара кристаллизация жасайды. Ионды алмастыру сорбциясы негізінде антибиотиктердің теріс зарядталған иондары катионды шайырға жабысады. Енді керсінше шайырға жабысқан антибиотиктерді ерітіндімен айырып алады. Тұнбалау әдісінде антибиотик органикалық затпен немесе бейорганикалық затпен байланысп тұнбаға түседі. Әрі қарай оның экстракциясы жүреді. Гемогенді түрде бөлінген антибиотикті ауамен немесе лиофильді кептіргішпен кептіреді, биологиялық активтігін сақтау үшін тұрақтандырады, дәрілік формаға айналдырады. Антибиотиктердің негізгі продуценті – микроорганизмдерді анықтау. Антибиотиктердің негізгі продуценті актиномицеттер, саңырауқұлақтар, бактериялар болып табылады. Олардың тіршілік ететін негізгі жері топырақ. Антибиотик түзетін микроорганизмдерді анықтау үшін, топырақтың үлгісін алып, оны құрғақ қылып кетпіріп, қоректік ортаға себеді. Антибиотиктердің негізгі продуценті актиномицеттерді анықтау үшін, көміртегінің көзі болатын крахмал немесе глицерин қосатын синтетикалық қоректік орталарды пайдаланады. Азоттың көзі ретінде ортаға нитрат тұздарын қосады. Мұндай орталарда бактериялардың өсуі тездейді, ал саңырауқұлақтар аз мөлшерде дамиды. Олар жақсы өсуі үшін, ортаны қышқылдандырады. Сонымен қатар Чапек қоректік ортасынн қолдануға да болады. Анықталған антагонист микроорганизмдердің культураларын ондағы антибиотиктік заттардың құрамын зерттейді. Храмотография әдісімен белгілі антибиотиктердің бар жоғын зерттейді. Егер жаңа антибиотик тапса, алдымен бірінші реттік анықтау және химиялық тазалау жүргізеді, оның улы және химия терапевтикалық әсерін әр түрлі аурулардың қоздырғыштарымен жараланған жануарлар арқылы анықтайды. Анықталған антибиотиктердің штамм иродуценттері тұрақты емес. Сондықтан сұрыптау әдісімен перспективалы штамды таңдайды, содан соң индуцирленген мутанттарға талдау жүргізеді. Микроорганизмге мутантты әсеп ету әр түрлі сәуле энергияларын ( УФ сәуле, рентген сәулесі, нейтрон) қолдану арқылы болады. Қорытынды Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ерекше орын алды. Е. Хаувник 1984 ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін “антибиотиктер дәуірі” деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай, милондаған адам өмірлерін әкететін, мемлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңзды, ең алдымен, қолданылатын барлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу – профилактикалық препараттар ретінде қарастырылуы. Сонымен антибиотиктердің қазіргі таңда тек қана 50 шақты түрін тұтынады. Оны өндіру үшін экстракциялау әдісін жиі қолданады. Яғни, ол дегеніміз экстракциялық декантерлерді пайдалану арқылы құнды затта жоғалтпай, 98% өнім алуға болады. Антибиотиктердің өндірісімен қатар қазіргі таңда пробиотиктер өндіруге көңіл бөлініп жатыр. Ол дегеніміз адамның ішек асқазан микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Яғни, ол антибиотиктерді қабылдау керек емес деген сөз емес. Кез келген аурудың оданары күшейіп кетпес үшін антибиотик пайдаланылған дұрыс. Тек сол антибиотиктердің сол ауру клеткаға әсер ететіндей етіп шығару керек, ойластыру керек, жұмыс жасау керек. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген ең тиімді деп санаймыз. Адам баласы өз тамақ рационын қадағалап, дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз денсаулығына немқұрайлы қарамау керек. Пайдаланылған әдебиеттер Орысша - қазақша түсіндірме сөздік: Биология/ Жалпы редакциясын басқарған э.ғ. д.,профессор Е. Арын – Павлодар: “ЭКО” ҒӨФ. 2007. – 1028 б. ISBN 9665–08–286-3 Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ тіті терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: “Мектеп” ААҚ, 2001 SZH. KZ Twirpx. Com |