Главная страница
Навигация по странице:

  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Институт: Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру П

  • РЕФЕРАТ

  • Мазмұны

  • Ашаршылықпен күрес.

  • Әдебиеттер тізімі

  • Ашаршылық саясаты реферат. Реферат таырыбы азастандаы ашаршылы зардаптары Студент Санат Ерасыл


    Скачать 70.57 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы азастандаы ашаршылы зардаптары Студент Санат Ерасыл
    Дата23.11.2022
    Размер70.57 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшаршылық саясаты реферат.docx
    ТипРеферат
    #807007

    Практическая работа студента

    Ф 3-1.1.36-2022

    1 издание 21.11.2022



    М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    Институт: Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру

    Пән:Қазақстан Тарихы

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы:Қазақстандағы ашаршылық зардаптары

    Студент: Санат Ерасыл

    Білім бағдарламасы: 6В07303 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау

    Курс: 1

    Лектор : Мырзаханова Назгүл Рысбекқызы

    Тараз 2022 ж

    Мазмұны

    Кіріспе:

    1. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық.

    2. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

    3. Ашаршылық: себептері

    4. Ашаршылықпен күрес.

    Қорытынды.

    Әдебиеттер тізімі.

    Кіріспе

    Бұл сұрақ ашаршылық тарихын зерттеушілер үшін  аса маңызды, тіптен басты мәселе деген болар едік. Осы жылдардағы ауыл халқының, оның ішінде қазақтардың  санын  бұрмалап көрсету  тарихи шындықтан адастыратынын кез келген зерттеуші ұмытпауы тиіс. Қазақ халқының 1930 жылдың басындағы нақты санын білмей ашаршылықтан қырылғандардың пайыздық үлесін анықтау мүлде мүмкін емес.

    Бұл мәселеде мұрағат қойнау­ларында қажетті деректер сақ­талғанын да атап көрсетеміз. Негізінен бұлар Бүкілодақтық санақ көрсеткіштері. 1926 жылдың соңында Кеңестер Одағындағы қазақтардың саны – 3 млн. 968 мың адамды құраса, ал 1937 жылғы санақ мәліметі бойынша қазақтар – 2 млн. 862 мың адам, ал 1939 жылдың басындағы санақта – 3 млн. 842 мың адамды құрады. Ашаршылықтың демографиялық салдарларын зерттеушілер әдетте осы мәліметтерді басшылыққа алып, оларды салыстырмалы түрде талдайды. Олардың арасында шетелдегі Роберт Конгвест, Робер Дэвис, Стивен Уиткрофт, Никола Пианчиело және тағы басқалар да бар.

    Дегенмен де, зерттеушілер үшін негізгі деректерді құрайтын бұл санақтарда қазақтардың саны бұрмаланып көрсетілгені ешкімді ойландыра қоймайды. Мұны дәлелдеу үшін 1897 жылғы халық санағына жүгінейік: бұл кезде қазақтардың саны – 3,5 млн. адамды құрады. Осыны бастау етіп алар болсақ, 1921-1922 жылғы ашаршылықта қазақтардың 30 па­йызы қырылғанын ескергеннің өзінде де, 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағының қазақтардың санын толық қам­тымағанын байқау қиын емес. 1916 жылғы патша үкіметінің есепке алу санағынан қаймыққан қазақтар 1926 жылғы санақтан жасырынып қалуға тырысты. Зерттеушілер осы мәселені ескере бермейді. Ал 1937 жылға қаңтардағы және 1939 жылғы қаңтардағы санақтардағы қазақтар санын салыстырғанда, кейінгі санақ көрсеткіштерінің қазақтарда орын алған ашаршылық құрбандықтарын азайту үшін адам санын асырып көрсететінін байқау қиын емес. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, 1937 жылғы санаққа жауапты адамдар (санақ басқармалары басшылары) түгелдей атылған соң, 1939 жылғы санақты жүргізушілер ашаршылық жалмаған аймақтарда адам санын (оның ішінде қазақтардың) үстемелеп көрсетуге амалсыздан барды. Бұлай болмаған жағдайда соңғы санақты жүргізушілер де алғашқылардың қасіретті тағдырын құшатын еді.

    Бұдан шығатын қорытынды: аталмыш Бүкілодақтық санақ мәліметтері 1930-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының санын анықтауда негізгі дерек көздері бола алмайды. Оларды мұрағат қойнауындағы әртүрлі мекемелердің ресми мәліметтерін талдауда қосымша, жалпылама және жанама деректер ретінде ғана пайдалануға болады. Өкінішке қарай, шетелдіктерді айтпағанда өзіміздің зерттеушілерміз де осы санақтардағы олқылықтарды ескере бермей жүр.

    Шындықты іздестірер болсақ, басты деректер қатарына Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Отырықшыландыру жөніндегі рес­публикалық комитеттің техникалық кеңесінің ресми мәлі­меттері де есепке алынуы тиіс. Осы мекеменің 1931 жылы 14 желтоқсандағы мәжілісінде мемлекеттік жоспарлау мекемесінің ресми мәліметі тыңдалған. Бұл бо­йынша Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар санының 706 мың екендігі атап көрсетіледі. Олардың 42 мыңы, яғни 5 пайызы ауқатты қожалықтар еді. Бұл дегеніңіз, сол жылдары осы мекемеде қызмет жасаған М.Г.Сириустың есебі бойынша, 4 млн. 236 мың қазақ болып шығады. Ол кезде Қазақстандағы барлық ауыл халқының (басқа ұлттарды қосып есептегенде) саны – 5 млн. 800 мыңнан асып түсетін.

    Бірақ бұл деректердің де кемшілігі бар: біріншіден, мұнда ашаршылықтың алғашқы жылында қырылған қазақтар есепке кірмей қалған; екіншіден, мұнда тек көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының саны ғана есепке алынған. Әйтсе де, бұл көрсеткіш сол жылдардағы қазақ халқының 90 пайызға жуығы болып табылады. Отырықшы қазақтарды есептемегенде, осы жылдары қазақтардың 6 пайызға жуығы қалаларда тұрғанын ұмытпауымыз керек. Бұл жылма-жыл өткізілетін, біршама шынайы қала халқының санағында көрсетілген. Алайда қазақ халқының саны 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу науқанынан бастап қысқара бастағанын ескеруге тура келеді. Бұл мәселеде де бізде нақты мұрағаттық дерек бар. Ол бойынша 1928 жылы қазақтардың барлық қожалықтарының саны – 826 мың (яғни 4 млн. 800 мыңнан астам адам) екенін көреміз. Бұлардың 120 мың қожалығы отырықшы болса, 700 мыңнан астамы көшпелі және жартылай көшпелі еді. Міне, қасіретті зобалаң қарсаңындағы қазақтың нақты саны осындай.

    1937 жылдың 14 ақпанында рес­публика санақ басқармасының бастығы (Қазнархозучет) Сама­товтың Мәскеудегі бастығы Кравальға және Мирзоянға жол­даған мәліметі бойынша, 1930 жылы 1 маусымда ауыл халқының саны – 5 млн. 873 мың адам (оның ішінде қазақтар 4,5 млн-нан асып түсетін) болатын. Осылайша, ресми деректер ашаршылық қарсаңындағы Қазақстандағы қазақ және басқа халықтардың ауыл шаруашылығындағы санын анықтауға мүмкіндік беретінін ескергеніміз жөн. Бұл айтылғандарды дәлелдейтін жанама ресми деректер де баршылық. Олардың ішінде Л.Мирзоянға жазылған «Алтаудың хатындағы» ( Ғ.Исқақов, И.Қаболлов, Ж.Арыстанов, В.Айбасов, Ғ.Тоғжанов, У.Жандосов (Ораз Жандосовтың ағасы)) ресми мәліметтер де бар. Онда хат авторлары Қазсовнаркомның мәліметі бойынша 800 мың қазақ шаруашылығынан (4 млн. 800 мың адамнан) 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылықтары (2 млн. 250 мың қазақ) қалғанын атап көрсетеді.

    1. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық.

    Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады. Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды.

    1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.

    Осындағы аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып–жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылады. Қу құлқыны үшін, бір хаиуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жансебілдікпен жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз. Жол жиегінде өліп жатқан, өліп бара жатқан адамдарға әлгі «жансебілдердің» өзі қарауға қорқады, өйткені келесі сәтте оның өзі де соның кебін құшуы мүмкін. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бірде тұрақты түрде адамның етімен қоректенген үш адамның ісі қаралып жатса, келесіде, адамның етін пұттап сатқанға үкім шығарып жатпады. Міне, дәл осындай көріністен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетінің 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебінде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр», – деп жазылған.



    2. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

    Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыз­дың ба­сы­нан кешкен зұлматты кеңестендіру жыл­дарының ақиқаттарын ашық айтуға мүм­кіндік алдық. Тарихшы ғалымдарымыз, зерт­теушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжым­дастыру арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар құнды-құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті ашылуда. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының ба­сынағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру ар­қылы келген ашаршылық қолдан жасалған, идеологияға негізделген саясатты көзсіз жү­зе­ге асыруға ұмтылушылықтың нәтижесі еді. Ком­мунистік партияны қазақтарға, одан кейін, бел­гілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан апат пен қайғы-қа­сіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен жазылып қалды.

    Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыз­дың ба­сы­нан кешкен зұлматты кеңестендіру жыл­дарының ақиқаттарын ашық айтуға мүм­кіндік алдық. Тарихшы ғалымдарымыз, зерт­теушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжым­дастыру арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар құнды-құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті ашылуда. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының ба­сынағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру ар­қылы келген ашаршылық қолдан жасалған, идеологияға негізделген саясатты көзсіз жү­зе­ге асыруға ұмтылушылықтың нәтижесі еді. Ком­мунистік партияны қазақтарға, одан кейін, бел­гілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан апат пен қайғы-қа­сіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен жазылып қалды.

    Аталған ашаршылық салдарынан қазақ хал­қы өз жерінде күні кешеге дейін саны жағынан азшылыққа ұшырап, өзгелерге жол берумен кел­ді. Халықтану демография ғылымының сол ашар­шылық апаттың қыр-сырларын зерттей отырып болашақта оның қайталанбауы үшін өз тұжырымдарын алға тартады. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Қазақстандағы кеңестендіру жыл­да­ры қолдан жасалған ашаршылықтан қазақ хал­қының саны мен үлесіне қалай әсер еткенін 1926,1937 және 1939 жылдары жүріп өткен Бү­кілодақтық халық санақтарының қорытынды нәтижелерін қолдана отырып, оларды өзара ғы­лыми түрде салыстыру арқылы үлкен дәлдікпен есептеп шығара аламыз.

    1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бо­йынша, Қазақстан аумағындағы тұрған тұр­ғы­лықты халықтардың саны 6500895 адам­ды құ­раған екен. Олардың 8,3 %-ы қалаларда, ал 91,7 %ы ауылдық жерлерде тұрған еді. Енді олардың ара­сындағы қазақтардың саны 3713394 адамды құрап, республика халқының 57,1 %-ы болса, ал орыстар 1279979 адамды құрап, демек 19,7 % болған екен. Ал қала тұрғындарының ішіндегі қазақтардың саны мен үлесі 77554, яғни 2,1 пайыз болса, ал орыстардың қатары 283767, демек 22,2 пайызды құрап, қазақтардың санына қарағанда орыстардың сандық үлесі (206213) яғни 20,1 пайызға жоғары болған екен. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны 3635840, яғни 97,9 пайыз болса, ал орыстардың қатары 996212, демек 77,8 пайызды құрап, қазақтардың саны орыстардың санына қара­ған­да (2639628 адамға) яғни 20,1 пайызға басымдау болғанын көреміз 

    3. Ашаршылық: себептері

    30-шы жылдардағы алапат ашар­шылық ұлттық апат – кездейсоқ тап болған зобалаң емес. 1917-1919 жж. Түркістан Республикасына қарайтын Сырдария және Жетісу облыстарында көшпенді халықтың миллионнан астамы, яғни бір ширегі опат болды. Мұның басты себебі – өлкедегі кеңес билігінің қолдарындағы қару-жарақ күшімен құлаған режімнің қанау саясатын жалғастырғанында жат­қан. 

    Бұл ХХ ғасырда қазақ халқы­ның басына түскен ұлттық апаттың бірінші кезеңі еді. Екінші кезең Қазақ Республикасында 1921–1923 жылдары орын алды. Оның да басты себебі – жергілікті халықтың отарлық қанау салдарынан кенеуі кете баста­ған дәс­түрлі шаруашылығын әуелі азамат соғысы, одан соң орталықтың азық-түлік жинау жасақтары одан әрмен күйзелтуінде еді. Қазақ халқы сол шақтағы жалпы санының тағы да бір ширегін жоғалтты.

    Қазақ қайраткерлері ұлттық межелеу нәтижесінде екі өлкедегі жер-суы мен халқы бірігісімен, ашаршылықтың Үлкен Қазақстанда қайталануына жол бермейтін амалдарды қарастырған. Ресей Компартиясы Қазақ обкомының 1925 жылғы сәуір пленумында мал бағудың көшпенді түрі – егін егуге қолайсыз даланы шаруашылық кәдес­іне асырудың бірден-бір ықти­мал тәсілі ретінде мойындалды. Сон­дықтан да жайылымдарды сулан­дыру, жем-шөп әзірлеу, қой тұқы­мын асылдандырып, құрамының сапа­сын жақсарту үшін көшпенді халық­қа кең көлемде несие беруді аса маңызды шара деп тапты.

    4. Ашаршылықпен күрес.

    «Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік. Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылды».Тарғын уезіндегі ашаршылықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия Жәнібек кентінде орналасты. Кеңес аппаратының және партияның уездік органдарының барлық қызметкерлері дерлік ашаршылықпен күресті ұйымдастыру үшін шалғай ауылдарға жіберілді. Уезд орталығында ашыққандарға арналған 8 тегін тамақтандыру пункті жұмыс істеді, солармен іргелес қараусыз қалғандар үшін жатақхана ұйымдастырылды. 1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.

    1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Балалардың тұрмысы мен өмірін жақсарту жөніндегі комиссия Ашыққандарға көмек көрсететін республикалық Орталық комиссияның балалар арасындағы аштықпен күрес жөніндегі арнаулы бөлімі болып қайта құрылды. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді.

    1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.

    Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды.

    Қорытынды:

    Мен бұл тақырыпта Қазақ халқының бастан кешірген ең үлкен қаралы күндері ашаршылық заманымен таныстым. Бұл жақта 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық және ол уақытта бұл туралы романдарды немесе қол жазбаларын өртеп жойып отқандығын, ашаршылық кезіндегі қазақ халқының адам саны жәнеде ашаршылық саясатымен күрес туралы білдім.

    Әдебиеттер тізімі:

    «Қазақстан Тарихы» М.Б.Мұхамедов

    «Қазақстан Тарихы» Б.Сырымбетұлы

    «Қазақстан Тарихы» Т.М.Әминов

    «Қазақстан Тарихы»Қ. Өскембаев

    З. Сақтағанова



    написать администратору сайта