Главная страница

59 жалпы орта білім беретін мектеп. Реферат Таырыбы Бірінші дниежзілік соысты себептері мен салдары


Скачать 93.04 Kb.
НазваниеРеферат Таырыбы Бірінші дниежзілік соысты себептері мен салдары
Дата18.10.2022
Размер93.04 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла59 жалпы орта білім беретін мектеп.docx
ТипРеферат
#739088

№59 жалпы орта білім беретін мектеп

Реферат

Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары

Орындаған: Алайдар Айғаным

Сыныбы: 8 «А»

Қабылдаған: Назиева Ақбота

Шымкент 2022-2023ж

Елдің басын біріктіру арқасында және Француз-прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Британия 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.

Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы, кейін Антанта ретінде белгілі одақ пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.

Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ, себебі, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалисттеріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Британия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.

Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан британ бұйымдарын ығыстыра бастауы Британия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың пилоты.

Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік Антантға айналды.

Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Антанта құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Аустрия-Мажарстан монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Аустрия-Мажарстан ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.

Үштік Антантадағы жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Аустрия-Мажарстан, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды.

Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.

Әйтсе де Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Аустрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.

Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Солтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды. Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Аустрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.

Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.







написать администратору сайта