Дезинфекция. Реферат Дезинфекция ісінің негіздері. Реферат Таырыбы Дератизация Орындаан Ризабек . Тобы 3гэ абылдаан Карибаева Б. И. араанды 2021 ж Жоспар
Скачать 209.02 Kb.
|
Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі Пәні: Дезинфекция ісінің негіздері Мамандық: Гигиена және эпидемиология Реферат Тақырыбы: Дератизация Орындаған: Ризабек Ә. Тобы: 3-ГЭ Қабылдаған: Карибаева Б.И. Қарағанды 2021 ж Жоспар: Кіріспе Жалпы дератизация Негізгі бөлім Дератизация кезіндегі санитарлық-гигиеналық шаралар Кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық маңызы. Алдын алу және жою Кеміргіштер туралы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Дератизация (dе-жою және лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жер төлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезстанция), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды. Негізгі бөлім Дератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты — тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Механикалық шараларға әр түрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады. Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене (тышқан қақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланады. Кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық маңызы. Кеміргіштердің індерінде қансору арқылы жұқпалы ауруларды таратушы бүрге, кене, масалар кеңінен таралған. Сарышұнақ, сұртышқандар шөлді аймақтарда оба ауруының табиғи ошағын сақтаушы және жылдан жылға ауруды таратушы болып келеді. Қара тышқандар кемелерде мекендеп оба ауруын порттан портқа таратады. Су тышқандары туляремия ауруының таратушысы, дала тышқандары Қырым геморрагиялық қызбасының таратушысы болып табылады. Сонымен қатар, кеміргіштер риккетсиоз, сальмонеллез, кенелік энцефалит, Ку қызбасы, түйнеме ауруларының таралуына қатысады. Адамның құрылыстарында қара, сұр және үй тышқандары мекендейді. Кеміргіштер аш болса 2-3 тәулікте, сусыз 2 тәулікте, аш және сусыз болса - 25 сағатта өледі. Кеміргіштерді алдын алу және жою шаралары. Алдын алу шараларының мақсаты кеміргіштерге баспана бермеу, тағамдарға жолатпау. Кеміргіштерге қарсы шаралар жүргізу, жою санитарлық және техникалық шаралардан құралады. Санитарлық шаралар – тұрғын мекендердің аймағын және айналасын таза ұстау, қора, қойма, базар, тамақ өндірісінде, жануарлардың заттарын өңдеу мекемелерінде санитарлық жағдайды жақсарту, қадағалауды күшейту. Кеміргіштерді суға жолатпау үшін су колонкаларын, канализация құдықтарын қатты жабу, қалдықтарды уақтылы шығару, қоқыс жинайтын темір жәшіктердің биіктігін 70 см төмен жасамау керек. Асхана, азық-түлік дүкендерінде, ет, балық заводтарында тамақ өнімдеріне кеміргіштерді жолатпау. Қоймаларда қатарлар аралығы, қабырғадан қашықтығы 70см кем болмауы керек, еденнен 15 см биік решеткада сақталуы керек. Маңызды мәселе – бұл ауруды таратушы кеміргіштерді жою. Осыған байланысты Ойыл ауданының тулеремияның табиғи ошағы болып табылатын елді мекендерінде, атап айтқанда Ойыл (Екпетал, Ақшатау, Қаракемер) Саралжын (Шиқұдық, Ақкемер, Бестамақ) Қайыңды (Қоңырат, Көсембай) Қаратал (Құмжарған, Қарасу) елді мекендерінде жалпылама дератизация және дезинсекция шаралары жүреді. Залалсыздандыру жыл сайын сәуір және мамыр айларында жүргізіледі. Залалсыздандыру жұмыстары кезінде аталған елді мекендер аумағында және су жағалауларына мал жайылмауын ескертеміз. Дератизация-жұқпалы (паразиттік) аурулардың қоздырғышының көзі болып табылатын, сондай-ақ елеулі экономикалық залал келтіретін кеміргіштерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені. Кеміргіштермен күрес қамтиды: Алдын-алу; Жою іс-шаралар. Алдын алу іс-шаралары тұрғын үй құрылыстарын, азық-түлік қоймаларын, ауруханалар мен мектепке дейінгі балалар мекемелерін синатропалық кеміргіштердің (егеуқұйрықтар мен тышқандар) енуінен қорғауға бағытталған. Олар кеміргіштердің үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін құрылыс — техникалық іс-шараларды, сондай-ақ жалпы санитарлық шараларды қамтиды, олардың мақсаты-кеміргіштерге Тамақ өнімдері мен қалдықтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету: оларды тиімді сақтау, тоңазытқыштарды, қоқыс құбырларын санитарлық ұстау, қоқысты үнемі жинау және жою. Ауылдық жерлердегі агротехникалық іс-шаралар кеміргіштердің көбеюіне жол бермеуге бағытталған. Жою іс-шаралары кеміргіштер популяцияларының санын қысқарту мақсатын көздейді.Қалалық және далалық дератизация бар. Қалалық дератизация синатропалық және жартылай инатропалық кеміргіштерге қатысты жүргізіледі,ал оның ең тиімді нысаны елді мекенде де, оның аумағында да жаппай жүйелі дератизация болып табылады. Далалық дератизацияны жабайы кеміргіштерге қатысты негізінен зооноздық жұқпалы (паразиттік) аурулардың табиғи ошақтарының аумақтарында, жиі дезинсекциялық іс-шаралар кешенінде жүзеге асырады. Кеміргіштер – ең көп таралған сүтқоректілер тобына жатады. Осы топқа шамамен 2800 түрі жатады. Кеміргіштер отряды 30 тұқымдастарды біріктіреді. Тышқан тұқымдастар тобы көп тараған. Өмір сүру түріне байланысты кеміргіштерді ажыратады: жерде өмір сүретін егеуқұйрықтар, тышқандар, сұр тышқандар (полевки), құмтышқандар (песчанки), саршұнақтар (суслики), тарбағандар (сурки), атжалмандар (хомячки)жартылай суда өмір сүреді (ондатырлар, су тышқандар),ағашта өмір сүреді (летяги). Қазақстан аймақтарында кеміргіштер отрядының 140 түрі бар. Ең кең таралған түрлері: сұр егеуқұйрық қара егеуқұйрық түркістандық егеуқұйрық үй тышқан орман тышқан дала тышқан сұр тышқан орман сүр тышқан (ары, қзыл, сұр-қызыл) Әрбір кеміргіштердің өздерінің таралу, өмір сүру шекаралары бар. Біздің еліміздің көптеген аудандарында, адамдар өмір сүретін жерлерде кеміргіштердің мына түрлері кездеседі: сүр, қара, түркістандық, үй, орман егеуқұйрықтар, сұр тышқандар, қызыл, орман сүр тышқандары, су тышқандар. Осы кеміргіштердің бір-бірінен айырмашылығы: дене мөлшері (размері), түкті қабаттарының түрі, өмір сүру жағдайына байланысты болады. Кеміргіштердің жалпы белгілеріне сипаттама:Кеміргіштер тез кӛбейеді және ұрықтанады. Мысалы, қатар скипидар, меркаптан, фенол, кӛптеген синтетикалық қара егеуқұйрықтың ұрғашы жылына 3-7 рет кӛбейеді, 8-10 ұяластардан тұрады, олар 2 айдан кейін жетіледі.Не болмаса үй тышқаны жылына 3-8 рет көбейеді, 4-8 ұяластардан тұрады, 5 жұмадан кеін жетіледі.Ашқарақтығы.Сұр және қара егеуқұйрықтар бір тәулікте 20-30 гр. тағам жейді және 15-30 мл су ішеді.Үй тышқан – тәулігіне 3 гр құрғақ тамақ жейді, 1,5 мл су ішеді.Кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар мен тышқандар дәм сезгіштік қасиетінің арқасында өздеріне қажетті тағамдарды тауып жейді. Егер тамақ ішпесе олар 2-3 тәулікте өледі, сусыз 2 тәулікте өледі. Синантроптық кеміргіштер өмір сүру ұзақтығы 1-3 жыл. Егер сумен тамақ ішпесе кеміргіштер 20-25 сағата өледі. Әр түрлі жағдайларға төзімділігі.Жасырын өмір сүру мүмкін (егерде кеміргіштердің саны аз болса олар білінбейді. Егер енжар (вялые) түрлері анықталса, бұлар ауру немесе уланған кеміргіштер болады Иіс сезгіштік (обоняние) және есту қабілеті өте дамыған.Олар иісті жақсы айырады, үлкен арақашықтықта өз тағамдарының иісін сезеді. Мынадай тағамдардың иістерін: өсімдік майы, сүт, ет тағамдарын жақсы сезеді, олар егеуқұйрықтар мен тышқандардың көңілін аударады. Сонымен өсімдіктердің иісі оларды үркітеді. Есту қабілеті жақсы дамығанына байланысты сыбдырларды естуі мүмкін. Сезім органдарының жетілуі арқасында кеміргіштер кеңістікте жақсы бағыт алады, өздерінің қоныс алған жерлерін жақсы және тез арада есіне сақтайды. Кеміргіштердің нәжістері мен бөлінділерінің өзіне тән сыртқы ерекшеліктері болады, соған қарап қандай кеміргіш екенін білуге болады. Қоймаларға, сауда бөлімдеріне кеміргіштер ашық есік, терезе, желдеткіш тесіктері арқылы және жәшіктермен, контейнерлермен әр түрлі груздар арқылы енеді. Тіс жүйесінің құрылысы.Алдынғы кескіш тістерінің түбірлері жоқ және тоқтаусыз өсіп отыруымен сипатталады. Кеміргіштердің алдыңғы күрек тістерінің өсу жылдамдығы шамамен жылына 125 мм. Күрек тістерінің екі жағында тістері болмайды. Содан кейін екі жанында диастема бар үстіңгі және астынғы иектерінде 3 тек азу тістер орналасқан. Желінбеген тағамдарды кеміргіштер тілдерімен диастема арқылы шығарып тастайды. Қорытынды Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жер төлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақша медицина,Дератизация www.kazmedic.kz www.wikipedia.com https://kk.atomiyme.com/ |