Главная страница
Навигация по странице:

  • 2022 ж. Жоспар

  • Соғыстың екінші кезеңі (1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)

  • Соғыстың үшінші кезеңі (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)

  • Соғыстың төртінші кезеңі (1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )

  • Соғыстың бесінші кезеңі (1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек)

  • Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы

  • Пайдаланылған әдебиттер

  • Екінші дүниежүзілік соғыс. 2 ДЖС[63]. Реферат Таырыбы Екінші дниежзілік соысты нтижелері мен сабатары. Орындаан Токтаров С. М. Топ 138 ом


    Скачать 30.98 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Екінші дниежзілік соысты нтижелері мен сабатары. Орындаан Токтаров С. М. Топ 138 ом
    АнкорЕкінші дүниежүзілік соғыс
    Дата09.11.2022
    Размер30.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 ДЖС[63].docx
    ТипРеферат
    #778040

    «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

    «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы

    Реферат

    Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары.

    Орындаған: Токтаров С.М.

    Топ: 138 ОМ

    Тексерген: Урустембаева Ж.Т.

    Астана қ.

    2022 ж.

    Жоспар:

    Кіріспе

    Негізгі бөлім

    1. Екінші дүние жүзілік соғыс.

    2. Соғыстың кезеңдері.

    3. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы.

    Қорытынды

    Пайданылған әдебиеттер

    Екінші дүниежүзілік соғыс (1 қыркүйек, 1939 жыл – 2 қыркүйек, 1945 жыл) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. нацистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.

    1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды.

    Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Аустрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды.

    Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

    Осы Молотов-Риббентроп келісімі (Вячеслав Молотов КСРО-ның, Иоахим фон Риббентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болд

    Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді.

    17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді.

    Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербург) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.

    Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді

    Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті.

    Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды.

    Румыния, Мажарстан, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді.

    АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).

    Соғыстың екінші кезеңі (1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)

    1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Ең алғаш Брест қамалы құлады. Онда үш дивизияның казармасы бар еді. Германияға Мажарстан, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ).Осы уақыттта неміс авиациясы (люфтваффе) Мәскеуді бомбалауды бастады. Оған жауап ретінде 1941 жылдың жазында Балтық жағалауында орналасқан Кеңес авиациясы Берлинді бомбалады. Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды.

    1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ-тың Перл – Харбор базасына басып кірді.

    8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – Аустралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады.

    1942 жылы Жапония АҚШ-тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайзия, Филиппиндер, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Аустралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп (Мидуей теңіз шайқасы), қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.

    Соғыстың үшінші кезеңі (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)

    Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Дуйат Эйзенхауер) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті.

    Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді.

    Екінші Дүниежүзілік соғысының Еуропада жүргізілуі

    Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.

    Соғыстың төртінші кезеңі (1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )

    Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті.

    АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды.

    1944 жылы шілде–қараша айларында Қызыл армия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады.

    Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді.

    1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Аустрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Аустрияға келіп кірді, 25 сәуір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – бірімен алғаш рет кездесті.

    Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті.

    Соғыстың бесінші кезеңі (1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек)

    Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады.

    6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.

    Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы.

    КСРО және АҚШ, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерiнiңантигитлерлiк қарсылық бiрлiгiнiң барысында фашизм талқандалды. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия, Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Фашистiк Германия мен милитаристiк Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңiсi маңызды роль атқарды, соғыстың негiзгi ауыртпалығын КСРО мемлекетi көтердi. Фашистiк Германияның КСРО-ға қарсы жасаған соғысы қарама-қарсы екi қоғамдық жүйенiң күресi болды. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды. Көп ұлтты Кеңес халықтарының Отан сүйгiштiгi мен социализмнiң болашағына деген сенімі бүкiлхалықтық сипат алды. Кеңес халықтарының туысқандық семьядағы ұлдары мен қыздарының ерлiктерiн елiмiз жоғары бағалады. 11618 кеңес жауынгерлерiне Совет Одағының Батыры атағы берiлдi. Олар: 8160 орыс, 2068 украин, 309 белорус, 161 татар, 108 еврей, 104 қазақ, 90 грузин, 90 армян, 69 өзбек, 61 мордван, 47 дағыстан, 18 түркмен, 15 литван, 14 тәжiк, 12 қырғыз т.б. Кеңес әскерлерiнiң азаттық миссиясы Еуропа және Азияның бiрқатар мемлекеттерiн фашизмнен азат еттi. Бұл елдер де халықтық-демократиялық революциясының барысында капитализмнен социализмге өттi. Соның нәтижесiнде дүниежүзiлiк социалистiк жүйе пайда болды, капитализм жүйесiнде дағдарыс жалғасты. Дүниежүзiлiк социалистiк жүйенiң пайда болуы соғыстың аса көрнектi қорытындысы болып табылады. Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропада мына елдер социалистiк қоғамға өттi: Албания, Югославия, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Герман Демократиялық Республикалары. Милитаристiк Жапонияны талқандаудың барысында Азияда Корей Халық Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Корея), Въетнам Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Въетнам), 1949 жылы Қытай Халық Республикасында социалистiк қоғам орнады. 1959 жылы Кубада Социалистiк қоғам орнады. Герман фашизм мен Жапон милитаризмiнiң талқандалуы ұлт-азаттық қозғалысының кең етек алуына ықпал етіп, империализмнiң отаршылдық жүйесiнiң күйреуiн тездеттi. Соғыстан кейiн Азия және Африканың көптеген елдерi отаршылдықтан азат болып, тәуелсiз мемлекеттер құрылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы дүниежүзiлiк капиталистiк қоғамның дамуына айтарлықтай өзгерiстер әкелдi. Соғыстан Франция, Ұлыбритания әлсiреп шықты. Германия, Италия және Жапония жеңiлдi. Соғыстан Америка Құрама Штаты байып шықты. 1945 жылы атом бомбасын жасап шығуының нәтижесінде дүниежүзiндегі бiрден-бiр күштi елге айналды. КСРО соғыстан қираған және бүлiнген экономикасын қалпына келтiру үшiн күресiп жатты. АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк үшiн күрестi. Капитализмнiң экономикалық-әлеуметтiк дамуында монополиялық капитализмнен мемлекеттiк-монополиялық капитализмге өттi. Жалпы капитализм әлеуметтiк қоғамға айналып, қайырымды мемлекет саясатына көштi. Мемлекеттiк реттеудiң негiзгi үлгiсi либерал-реформалық жүйеге сүйендi. Көптеген капиталистiк елдерде экономика национализацияланып, мемлекеттiк меншiкке айналды. ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы капитализмнiң дамуы қазiргi кезеңдегi капитализмнiң сипатын анықтады. Қазiргi капитализм нарықтық, рынок пен өндiрiстi корпоративтiк реттеуге көштi. Қазiргi кезеңдегi капитализм мемлекеттiк-корпоративтiк және әлеуметтiк қоғамға өттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы адамзат баласының тарихи дамуында соғыстың сабақтарын әр уақытта естен шығармай, бейбiтшiлiк үшiн және ХХI ғасырда үшiншi дүниежүзiлiк соғысты болдырмау үшiн күресу керек екендiгiн жоққа шығармайды. Соғыстың қорытындысы мен сабақтары осыған үйретедi.

    Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижесі — отарлық жүйенің жойылуының басталуы болды. Азаматтық мақсаттар және соғыстың антифашистік сипаты, фашистік баскыншылардың талқандалуы ұлт-азаттық козғалыстардың өрлеуіне мүмкіндік жасады. Жапонияның басып алған Азия және Тынық мұхит елдері (Үндікытай, Индонезия, Малайзия, Бирма, Филиппин) метрополия елінің карамағынан, бакылауынан шыкты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін бұл елдер өз тәуелсіздігін жариялады. Ал баска отар елдерде, әсіресе Үндістан, Сирия, Ливан, Трансиордания, Палестинада соғыс халық бұкарасының саяси белсенділігін оятты, олар белсенді түрде тәуелсіздікті талап ете бастады. Отаршылар билігі шайқалды және отарлык жүйенің кайтымсыз күйреуі басталды.

    II дүниежүзілік соғыс салдарынан әлемдік аренадағы күштер салмағы да тез өзгеріске түсті. Германия, Италия, Жапония соғысқа дейін ұлы державалар катарында болса, жеңілгеннен кейін уақытша болса да тәуелді елдерге айналды. Олардын экономикасы соғыспен күйреген болатын және бірнеше жылдар бойы олар өздерінің бұрынғы бәсекелестерімен бәсекеге түсе алмады.

    Франция Германия соққысынан кейін, уакытша өзінін ұлы держава ретіндегі жағдайын жоғалтты. Ұлыбритания үш жеңімпаз — державалардың бірі ретінде соғысты табысты аяқтады, бірақ оның саяси-экономикалык ұстанымдары әлсіреген болатын. Экономикалық және әскери жағынан ол АҚШ-тан әлдеқайда артта қалып қойды және америкалық көмекке тәуелді жағдайына түсті.

    Жеңімпаз мемлекеттердің ішінде АҚШ соғыстан едәуір күшейіп шықты. Өз аумағында соғыс іс-кимылдардың болмауы, соғыс нәтижесіндегі киратулар мен тұрғындар шығындарына тап болмауы, олардың экономикалық және әскери жағынан барлық қалған елдермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты елге айналуына қолайлы жағдай туғызды. Сол кезеңде тек Америка Құрама Штаттары ғана атом каруын иеленді, олардың флоты мен әуе күштері әлемдегі ең қуаттысы болды, олардын өнеркәсіп өндірісінің деңгейі қалған барлық елдерді косып алғаннан да артық болды. Қорыта айтканда, АҚШ «ұлы державаға», әлемдік үстемдікке ұмтылушы капиталистік әлемнің жетекші еліне айналды.

    Ал екінші «ұлы держава» Кеңестер Одағы болды. Ол капитализмге қарсы шыққан барлық қоғамдық күштерді шоғырландырды. Сонын нәтижесінде шартты түрде Шығыс пен Батыс деп аталған екі негізгі полюс, екі идеологиялық және әскери-саяси блок құрылды.

    Қорытынды

    Қорыта келгенде негізгі соғысты ұйымдастыру жоспарлары. Антифашистік коалицияның басты державалары соғыс барысында соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің негізгі бағыттарын белгілеп қойған болатын. Тегеран, Ялта, Потсдам конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшылары, сондай-ақ Каирдегі конференцияда АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекет басшылары аумақтық өзгертулер жөнінде, жеңіліс тапқан мемлекеттерге қатысты және әскери қылмыскерлерді жазалау жөніндегі мәселе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын халықаралық ұйым құру мәселесі жөнінде өзара келісілген болатын. Одақтас державалар фашизм мен милитаризмді түп-тамырымен құрту мақсатында Германия, Италия, Жапонияны басып алуды шешті. Олар басты әскери қылмыскерлерді Халықаралық трибунал сотына беруді шешті. Германия, Италия, Жапония және олардың одақтастарының 30-жылдары және II дүниежүзілік соғыс барысында басып алған аумақтары жойылды. КСРО, АҚШ және Англия мемлекеттері Австрия мен Чехославакияның тәуелсіздігін қалпына келтіруді және Солтүстік Трансильванияны Францияға қайтару қажеттілігін жариялады.

    Одақтастар Германия мен Польша арасындағы шекараны Одер мен Нейс (Одра мен Нисса) өзендері бойынша белгіледі. Польшаның шығыс шекарасы Батыс Украина және Батыс Белоруссия шекарасы бойынша, Керзон шебінің бойымен өтетін болды. Кенигсберг каласы және онымен жанасып жатқан аудандар Кеңестер Одағына берілді. Германия және оның одақтастары фашистік баскыншы құрбаны болған елдерге репарация төлейтін болды.

    Ұлыбритания, АҚШ және КСРО Жапонияның қол астынан «күштер көмегімен басып алған» барлық аумақты азат етуді және негізгі төрт аралда жапондық егемендікті шектеуді шешті. Кореяға тәуелсіздігін беруді уәде етті. Жапония басып алған Солтүстік-Шығыс Қытай (Маньчжурия), Тайвань (Формоза) және басқа қытай аралдарын Қытай мемлекетіне қайтарып беру ұйғарылды. Кеңестер Одағына Оңтүстік Сахалин және 1855 жылға дейін Ресейге тиісті болған Куриль аралдары қайтарылып берілді. Қытай үкіметінің келісімімен КСРО Порт-Артур (Люйщунь) және Дальний (Далянь) аудандарындағы әскери-теңіз базасын жалға алуға келісті.

    Ялта конференциясында және де кейінгі өткен мәжілістерде КСРО, АҚШ және Англия Еуропада катысушы кеңестік және ағылшын-америкалық әскерлері арасын бөлетін шеп жөнінде келісімге кол жеткізді. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай: Балтық теңізінен Германия мен Австрия арқылы, Югославанияның Италиямен шектесетін шекарасының өн бойымен Адриат теңізіне дейін өтті. Бұл шептен шығыска қарайғы аумақты (Грекиядан баска) кеңестік әскер азат етті, ал одан батысқа қарай ағылшын-американ әскерлері.

    Кореяны да бөлетін шеп белгіленді, ол Солтүстік Корея (38 параллель сызығынан солтүстікке қарай) кеңестік әскер, Оңтүстік Кореяны америкалық әскер азат етті. Бастапқы да бұл бөлу сызықтары уақытша әскери шара деп шамаланса, бірақ кейін ол іс жүзіндегі кеңестік және ағылшын-америкалық ықпал ету өрісінің шекарасына айналды. Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралык өмірдегі ең маңызды оқиғаның бірі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы, оның міндеттері халықаралык бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, халықтар мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады. БҰҰ Жарғысының аякталған ең соңғы мәтіні 1945 жылы сәуірден маусым айлары аралығында өткен Сан-Франциско конференциясында қабылданып, 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекеттің өкілдері қол койған болатын және өз күшіне 1945 жылдың 24 қазан күні енді. Осы күн БҰҰ күні деп аталып өтеді.

    Пайдаланылған әдебиттер:

    Бөжеева Б.З. — Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009): оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2010. — 340 б. Мақала әдебиеттің 5-ші бетінде орналасқан.

    https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96_%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D1%81%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%81


    написать администратору сайта