Главная страница

ЭКХ. Елешова ф-31. Реферат таырыбы Емшекпен емізу Орындаан Елешова Н. С. Тексерген Есбосынова. Г. Ж 2020


Скачать 30.29 Kb.
НазваниеРеферат таырыбы Емшекпен емізу Орындаан Елешова Н. С. Тексерген Есбосынова. Г. Ж 2020
Дата05.03.2021
Размер30.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕлешова ф-31.docx
ТипРеферат
#182096

Орал медициналық колледж «Мақсат»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Емшекпен емізу

Орындаған: Елешова Н.С.

Тексерген: Есбосынова.Г.Ж

2020

1.Емшекпен емізудің БДҰ бойынша ұсыныстары.

Нәрестелерді тамақтандырудың ең қауіпсіз тәсілі, мұнда бала ең сапалы тағамды қабылдайды. Медицина қызметкерлеріне омырау сүтінің артықшылығы бұрыннан белгілі. Қазіргі кезде сиыр сүтінде және жасанды қоспалардан кездеспейтін және бала бас миы мен көздің торлы қабығының дамуына қажетті бірқатар көп қанықпаған май қышқылдары омырау сүтінде бар екенін дәлелдеді. Омырау сүті диабет, жайылған склероз және асқазан-ішек жолының қабыну аурулары сияқты созылмалы аурулардан организмді қорғай алады. Мұндай ауру көбінесе бала кезінде жасанды тамақтандырылған жасөспірім мен ересектерде кездеседі. Омыраумен тамақтандыру әйелдер организмні үшін де маңызды, өйткені ол климаксалды кезеңде омырау және аналық без рагымен сырқаттану мүмкіндігін төмендетеді. Бала дүниеге келген сәтте анасына оны ұстауға мүмкіндік беру керек. Қолайлы болса баланы жалаңаштай анасының кеудесіне тығыз денелік қатынас болу үшін жатқызған жөн. Анаға баланы омырауға жатқызуға кеңес беріңіз. Балаға бірден омырау емізіп мәжбүрлемеңіз, бірақ көптеген нәрестелер шамамен бір сағаттан кейін емуге дайын болады. Бұл кезде нәрестелерде сору рефлексі өте мықты болады. Бала дүниеге келгенде осындай қатынас ана мен бала арасында байланыс орнату үшін өте маңызды. Қалыпты босанудан кейін нәресте анасымен бірге бір төсекте немесе жанында кішкентай кереуетте болу керек. Ана өз қалауымен баланы омыраумен тамақтандыра алады, қажет болғанда жуындырады, қолына алады. Анаға баласы қанша рет сұраса, сонша рет омыраумен тамақтандыруына рұқсат етіледі. Мұны сұраныс бойынша тамақтандыру деп атайды. Алғашқы кезде нәресте ретсіз тамақтануы мүмкін. Әрбір нәресте омырауды ұзақтығы бойынша әртүрлі уақытта емеді. Омыраумен тамақтандыруда дұрыс орналасқанда бала аузымен тек ұшын ғана емес, сонымен бірге ареола мен омыраудың төменгі аймағын қамтиды. Бала омырауды емізік формасымен созып алуы керек.

2.Емшекпен емізудің артықшылығы

Бала үшін артықшылығы: ана мен бала арасындағы байланыс, толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организміне түсуін қамтамасыз етеді, асқазан-ішек жолдарының функциясын реттейді, иммунологиялық қорғаныс пайда болады. Ана үшін артықшылығы: бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі және арасындағы гемоглобин қорын сақтайды. Омыраумен емізу дұрыс жүргізіліп отырса, жүктілік алдын алады, яғни 6 айға дейін. Климакс алды кезінде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді. Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезім дамытады. Отбасы үшін артықшылығы: қаражат пен уақыт үнемдейді, дені сау бала, дені сау ана.

3.Емшекпен емізудің ережелері

Әр емізердің алдында анасы таза қолымен сүт безін жақсылап жуу керек. Баланы емізер алдында анасы сүттің біразын сауып тастау керек, себебі бактерияларды өлтіру үшін және перипериялды қанға өтпеу үшін. Баланы емізіп болған соң сүт безі жарылып кетпеуі үшін таза жұмсақ сүлгімен кептіру керек.

4.Емшекке баланы салудың техникасы

Алғашқы күндері ана сәбиін бір жақ қырымен жатып емізеді. Сәбидің аузына емшектің ұшын салуға қолайлы етіп жатқызады да, емшегін сәл көтеріп, ұшын саусақтарымен ұстап, сүт безі қолының алақанында жатады. Сәбидің аузына ұшын ғана емес айналасындағы терінің бөлігін дұрыс ұстайтындай етіп салады. Бас бармағы мен баланың мұрнын жауып тыныс алуына кедергі келтірмеу үшін сүт безін кейін төмен ығыстырып ұстап тұрады. Одан әрі босанған әйел отыруға рұқсат берілгеннен кейін ана баланы бір аяғының астына кішкене отырғыш қойып, отырып емізеді. Бастысы бала емізіп отырған ана өзі тыныш, демалып отырған жағдайда орналасу керек. Сонымен қатар әр уақытта баланың басын емес, арқасынан сүйек отыруы қажет. Бір емшекті емізгеннен кейін, ондағы сүт толық таусылса, балаға міндетті түрде екінші емшекті беру керек, ал келесі емізгенде міндетті түрде осы емшектен бастап емізу қажет.


написать администратору сайта