Главная страница
Навигация по странице:

  • РЕФЕРАТ Тақырыбы: Жалпы микробиологияға кіріспе. Микроорганизмдердің морфологиясы және систематикасы. Микробиологиялық зертхананың құрылысы. Зертханада жұмыс істеу ережелері.

  • Алматы 2022 Жоспар: І. Кіріспе ІI. Негізгі бөлім

  • ІII. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе

  • Негізгі бөлім 2.1. Микробиология ғылымына жалпы сипаттама.

  • 2.2. Микробиологияның даму жолдары және кезеңдері.

  • Қорытынды Қорытындылай келе

  • Пайдаланған әдебиеттер

  • Микробиология 1. Реферат таырыбы Жалпы микробиологияа кіріспе. Микроорганизмдерді морфологиясы жне систематикасы. Микробиологиялы зертхананы рылысы. Зертханада жмыс істеу ережелері


    Скачать 107.87 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Жалпы микробиологияа кіріспе. Микроорганизмдерді морфологиясы жне систематикасы. Микробиологиялы зертхананы рылысы. Зертханада жмыс істеу ережелері
    Дата26.01.2022
    Размер107.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМикробиология 1.docx
    ТипРеферат
    #342841

    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




    НУО КАЗАХСТАНСКО - РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ







    НУО КАЗАХСТАНСКО - РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН –

    РЕСЕЙ

    МЕДИЦИНАЛЫҚ

    УНИВЕРСИТЕТІ

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Жалпы микробиологияға кіріспе. Микроорганизмдердің морфологиясы және систематикасы. Микробиологиялық зертхананың құрылысы. Зертханада жұмыс істеу ережелері.


    Қабылдаған: Ермекбаева Ф. Н.

    Орындаған: Туркменбаев Н.

    Тобы: Стоматология 205А.

    Пәні: Микробиология


    Алматы 2022

    Жоспар:

    І. Кіріспе

    ІI. Негізгі бөлім

    2.1. Микробиология ғылымына жалпы сипаттама.

    2.2. Микробиологияның даму жолдары және кезеңдері.

    2.3 Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері.

    ІII. Қорытынды

    IV. Пайдаланған әдебиеттер

    Кіріспе

    Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиетерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды. Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың санын тіпті есепке алу қиын.Микроорганизмдер молекулярлы-биологиялық құрылымына байланысты прокариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Прокариоттар (грек тілінен аударғанда karyon - ядро) - ядролық мембранасы және жоғары құрылымды органеллалары жоқ тіршіліктің ядроға дейінгі бір жасушалы қарапайымдылары. Бұл бактериялар, соның ішінде актиномицетгер мен көк-жасыл балдырлар. Эукариоттарға тұрақты ядросы және жоғары құрылымды органеллалары бар біржасушалы және копжасушалы ағзалар - қарапайымдылар, саңырауқүлақтар, балдырлар (тек кек-жасыл балдырдан баскасы) жатады. Прокариоттар мен эукариоттардың белгілі құрылысы, тіршілігінің арнайы тұрі бар және басқа тірі организмдермен, сондай-ақ тірі емес табигатпен биоценозды (грек тілінен аударғанда bios - өмір және koinos-жалпы) қарым-қатынаста болады. Прокариоттар сияқты эукариоттар да олардың өмір сүруі мен көбеюіне бағытталған тіршілік процесін қамтамасыз ететін қүрылымдардан тұрады.



    Негізгі бөлім

    2.1. Микробиология ғылымына жалпы сипаттама.

    Микроорганизмдердің ішінде ерекше орынды вирустар алады (латын тілінен аударғанда virus - у), вирустар тіршіліктің өте ұсак, және қарапайым түрі, тірі және тірі емес аралығында орналасып, жасушадан тыс өмір сүре алмайды. Вирустар құрамына нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ), ақуыз, ферментгер кіреді. Приовдар құрылысы оған қарағанда қарапайым - генетикалык материалы яғни нуклеин кышқылы жоқ «инфекциялық» ақуызды бөлшектерден тұрады.

    Вирустар мен приондар облигатты (міндетгі түрде) жасушаішілік паразиттер болып табылады. Прокариоттар әдетге жасушадан тыс көбейеді, бірақта факультативті жасушаішілік паразиттер де бола алады; тек кейбір бактериялар (риккетсиялар, хламидиялар) облигатты жасушаішілік паразиттер болады. Эукароиоттардың құрылысы прокариоттарға қарағанда анағүрлым күрделі. Бүл туралы жасушаның генетикалык аппаратын құрайтын гендер санына, яғни геном көлемі бойынша дәлелденеді. Эукариотгардың гендік келемі прокариоггарға қарағанда он есе, жүз есе үлкен. Вирустардың геном көлемі - 10-100 гендерден түрса, бактериялар - 1000-5000 гендерден, қарапайымдылар 10000-нан астам гендерден түрады. Микроәлемнің кейбір өкілдерін өлшемі 0,01-0,4 мкм, немесе 10-400 нм (вирустар), 10 мкм-ге дейін және одан жоғары (бактериялар, саңырауқүлақтар, карапайымдылар).

    Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, микроскоптық ашытқыш саңырауқұлақтарды—дрожжыларды, ұсақ балдырларды, қара-пайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрлысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тәсілдеріне, практикалық жұмыстардың талабына, жалпы ғылым мен техниканың дамуына тығыз байланысты.

    Микробиология жеке ғылым болғаңдықтан, оны зерттеудің өзіндік әдістері бар. Бұл әдістер практикада кеңінен қолданылып жүр. Молекулярлық биологияның соңғы жылдардағы қарқындап дамуы микробиологияда жаңа биохимиялық, биофизикалық және генетикалық әдістердің енуін қамтамасыз етті. Осы әдістерді қоддану арқасында микро-биологияда бұрын зерттелген салалардан бірқатар жаңа деректер алынды.

    Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал ферменттер мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өшмділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлардың зиянкестеріне қарсы күресуде, шырыңды азық-сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады.Топырақта жүріп жататын негізгі биологиялық процестер, топырақтың құнарлылығы, оның сапасы мен құралуы икроорганизмдер тіршілігіне    байланысты.     Микроорганизмдер тіршілігшің нәтижесшде өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі жақсарады, сейтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде топырақта азот, көміртегі және фосфор элементтерінің көбеюіне мүмкіндік туады.

    Микроорганизмдерді барлық судан да кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста, қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Тіпті өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті.Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсібі жиі орналасқан жерлерде көп тараған.Жалпы микроорганизмдер әлемінің табиғаттағы маңызы орасан зор. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады.

    Микробиология микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі рөлін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен, қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері — ашыту процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, басқа да жоғары сапалы өнімдер, сонымен бірге тағамдардың шіріп, бүлінуі және кегеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.Микроорганизмдердің қоршаған ортаны ластанудан тазартуда айта қаларлықтай маңызы бар. Ірі өндіріс орталықтарында, қалаларда қалдық заттардың көптеп жиналуы тіршілік үшін аса қауіпті. Сондықтан оларды уақытында осы зиянды заттардан тазартуда микроорганизмдерді қолданады.

    Микробиология өнеркәсібінің негізгі мақсаты — халық шаруашылығын мал азықтық белоктар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, бактериялы тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға қажетті препараттар және басқа да микробтық өнімдермен қамтамасыз ету.

    Қазір микробиологиялық жолмен алынатын ферменттер тамақ және жеңіл, медицина, химия өнеркәсібіңде және ауыл шаруашылығында қолданылады. Сондай-ақ біздің елімізбен қатар, микробтық ферменттерді қолдану шетелдерде: Жалонияда, Америка Қүрама Штаттарыңда, Англияда, Чехословакияда, Голландияда және Германияда кеңінен етек алып отыр.Осы жағдайды ескере отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше кеңіл бөліп, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяңдауға тырыстық.

    Микроорганизмдердің адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне зиянды әсер ететіні де мәлім. Қазіргі кезде олардың әсерінен болатын аса қауіпті аурулар белгілі болды және олармен дәйекті күресу шаралары белгіленіп отыр. Бұларға қарсы күресте басқа микробтардан алынатын антибиотиктерді, емдік вакцина, сарысуларды (сыворотка) қолдану жақсы нәтиже беріп отыр. Көптеген дәрі-дәрмек өнеркдсібінщ фабрикалары осы антибиотиктерді және басқа да емдік препараттарды өндіреді.

    XXғасырдың өзінде микробиологиядан  ғылымның жаңа саласы — вирусология  бөлініп шықты. Алғаш рет орыс оқымыстысы Д. И. Ивановский 1892 жылы вирустарды зерттеп ашты. Қтыру, қызылша, шешек, поли-омиелит сияқты аса қауіпті ауруларды қоздырушылар өте майда вирустар екені белгілі болды. Оларды егжей-тегжейілі жете зерттеу біздің ғасырдың 40-жылдарында жасалған электронды микроскоптар көмегімен жүзеге асырылды.Микроорганизмдердің санқилы қасиетін, оларды жетілдірілген аспаптармен терең зерттегенде ғана білуге болады.    Сонда    ғана    олардың    қауіпті    әрекеттеріненсақтануға,   пайдалы   жақтарын   тиімді   пайдалана   білуге мүмкіндік туады.Микробиологияның дамуы көптеген мыңжылдықтармен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V-VІ мыңжылдықта адам микроорганизмдердің бар екенін білмей-ақ оларды қолданған. Шарап жасау, нан пісіру, сүт өнімдерін жасау, тері илеу -микроорганизмдердің қатысуымен өтетін процестер. Көне заманда ғалымдар мен ойшылдар көптеген ауруларды тірі табиғаттағы кезге көрінбейтін бөтен себептер тудырады деп есептеген. Бұдан шығатын қорытынды микробиология біздің эрамызға дейін қалыптасқан. Өзінің дамуында хронологиялық емес, негізгі жетістіктер мен ашылуларға байланысты бірнеше кезеңдерден өтті.

    2.2. Микробиологияның даму жолдары және кезеңдері.

    Микробиологияның даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады: эвристикалық, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық.

    Эвристикалық кезең келесі ғалымдардың атымен байланысты: Гиппократ, рим жазушысы Варрон, итальяндық дәрігер Д.Фракасторо (contagium vivum - тірі контагия туралы ой). Аурудың көзге көрінбейтін қоздырғыштарының   болуы   туралы   дәлелдеулер   тек   микроскоп ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды. Бұл голланд ғалымы                        А. Левенгуктың есімімен байланысты. Осы кезеңді морфологиялық кезең деп атайды.

    Физиологиялық кезеңде француз ғалымы Л.Пастердің атқарған еңбегі зор. Атап айтар болсақ, ашыту, шіріту, құтыруға қарсы вакцина, пастеризация, аттенуация процестері. Осы кезеңнің аяғында орыс биологы Д.И.Ивановский Vira патшалығыньщ өкілі - вирусты ашты. Қазіргі кезге дейін ауру туғызатьш 1000-нан астам вирустардың түрлері анықталды. Соның ішінде ЖПИТС (жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) жаңа вирус болып табылады. Бұл вирусты ашқан ғалымдар Л.Монтанье және Р.Галло,

    Вакцинация туралы Л.Пастердің еңбегі микробиологияның жаңа кезеңі - иммунологияның негізін қалады (аттенуация әдісі). Л.Пастерден кейін вакцина қолдану барысында иммунитеттгің түзілу себебі мен механизмі туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Бүл турасында еңбегі сіңген ғалымдар И.И.Мечников пен П.Эрлих. П.Эрлих - неміс ғалымы -иммунитеттің гуморальды (латынша һитог - сүйықтык) теориясын үсывды. Ол иммунитет уды бейтараптайтын қандағы антидененің түзілуіне байланысты деп санады. Мүның дәлелі ретівде Э.Беринг пен С.Китазато күл (дифтерия) немесе сіреспе токсинін бейтараптайтын антитоксиндер - антиденені ашты. Бірақ И.И.Мечниковтың зерттеуі бойынша иммунитеттің түзілуінде ерекше жасушалар - макро- және микрофагтардың маңызы аныкталған.

    Иммунологиялық кезең генетикалық бөтендігі бар заттарға иммунды жүйенщ негізі реакцияларының ашылуымен сипатталады: антиденнің түзілуі мен фагоцигоз, жоғары сезімталдықтың баяу түрі (ЖСБТ), жоғары сезімталдықтың жедел түрі (ЖСЖТ), толеранттық, иммунологиялық ес. ЖСБТ мен ЖСЖТ - аллергияның (грекше allos -басқа, ergon - әсер) негізіyде жататын реакциялар. 1915 жылы орыс дәрігері М.Райский иммунологиялық ес қүбылысын ең алғаш бақылады, яғни қайта түскен антигенге антидененің жылдам түзілуі.

    1953 жылы ағылшын ғалымы П.Медавар мен чех ғалым М.Гашек толерантгық, шыдамдылық, антигенге тұрақтылық қүбылысын ашты, яғни антигенге карсы иммунды жүйе жауап бермейді. Иммунологиялық толеранттылык кұбылысы мүше мен тін ауыстыру мәселесін шешуде транспланталогияда колданылады. Бұл кезеңнің маңызды ашылулары адам мен жануардын қалыпты мүшелері және тіндері антигендерінің, жекелей адамдар мен жануарлардың антигендік айырмашылығымен байланысты. (Чистович Ф.Я., 1898; Ландштейнер К, 1900)

    Микробиология мен иммунология XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қарқынды дамыды. Бүл келесі себептерге байланысты:

    -молекулярлы     биология,     генетика,     биоорганикалық    химия саласындағы маңызды ашылулар;

    -генетикалык инженерия, биотехнология, информатика сияқты жаңа ғылымдардың пайда болуы;

    -тірі табиғаттың кұпияларына терең енугем үмкіндік беретін жаңа әдістер мен ғылыми аппаратураларының жасалуы.

    Осылайша, 50-ші жылдары микробиология мен иммунологияның дамуында молекулярлы-генетикалық кезең басталды, бұл келесі маңызды ғылыми жетістіктер мен ашылулармен сипатталады:

    -бірқатар антигендердің химиялык    кұрамы    мен    химиялык мағынасының ашылуы;

    -жаңа  антигендердің,   мысалы ісік,  гисто сәйкестілік  (НЬА-жүйе) антигендерінің ашылуы;

    -антидене-иммуноглобулиндер  кұрылысының ашылуы;

    -жануардақылы мен өсімдік  ластаушасының әдістерінің және вирусты антигендерді алу мақсатынд аөнеркәсіптерде өсірудің өңделуі;

    -биотехнология әдістері  мен генетикалык  инженерияны  қолдана отырып вакциналарды (В гепатитке, безгекке қарсы вакцина, АИТВ (адамның иммунды тапшылық  вирусы) мен басқа антигендер), биологиялық белсенді пептидтерді (интерферон, интерлейкин, өсу факторлары және т.б.) алу;

    -табиғи немесе синтетикалық  антигендердің және олардың бөлшектері негізінде    синтетикалық    вакциналарды,    сондай-ақ    жасанды тасымаддаушы - адъювант (кемекші) - иммунитетті күшейтуді өңдеу;

    -туа пайда болған және жүре пайда болған иммунды тапшылықты зертгеу және олардыд иммунопатологиядағы маңызы мен иммунды түзету    емдеуін    өңдеу;    Иммунды    тапшылықты    тудыратын вирустардьщ ашылуы.

    -жұқпалы және жұқпалы  емес  аурулар диагностикасында жаңа әдістердің өңделуі (иммунды фермешті, радиоиммуңды сараптау, иммуноблоттинг, нуклеин қышқылдарының гибридизациясы).

    Осы уақыт кезеңінде бірқатар жаңа вирустар (геморрагиялық Ласса, Мачупо қызбасы; ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық вирусын тудыратын вирус) мен бактериялар (легионер ауруының коздырғышы) ашылды; жаңа вакциналар мен басқа да сақтандыру препараттары (қызылшаға қарсы, полиомиелит, паротит, кене энцефалиті, В гепатитке карсы вакциналар, сіреспеге, газды гангренаға және ботулизмге қарсы полианатоксиндер), жаңа диагаостикалық препараттар жасалынды.

    2.3Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері.

    Медициналық микробиология адамға патогенді микроорганизмдерді зерттейді: бактериялар, вирустар, саңыраукұлақтар, қарапайымдылар. Зертгелетін патогенді микроорганизмдердің табиғатына байланысты медициналық микробиология бактериологияға, вирусологияға, микологияға, протозоологияға бөлінеді. Бұл пәндердің әрқайсысы келесі сұрақтарды қарастырады:

    -морфологиясын және физиологиясын, яғни микроскопиялық және басқа зертгеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің зат  алмасуын,   қоректенуін,   тыныс  алуын,   өсу  және  көбею жағдайларын, генетикалык ерекшелілн зерттейді;

    - микроорганизмдердің    жұкпалы    аурулар    этиологиясы    мен патогенезіндегі орнын;

    -микроорганизмдер   тудыратын   аурулардың   негізгі   клиникалык көріністері мен таралуын;

    -жұқпалы аурулардың арнайы  диагностикасын, алдын алуын және емдеуін;

    -патогенді микроорганизмдердің  экологиясын.

    Медициналық микробиологияға санитарлык, клиникалық және фармацевтикалық микробиология жатады.Санитарлық микробиология қоршаған ортадағы микрофлораны, микрофлораның организммен қарым-қатынасын, микрофлораның және оның өнімдерінің адам денсаулығынын жағдайына әсерін зерттейді, адамға микроорганизмдердің колайсыз әсерлерінін алдын алатын шараларды өңдейді.

    Клиникалың микробиология-адамдағы аурулардың пайда болуындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің рөлін, осы аурулардың диагностикасы мен сақтандыру маңызын зерттейді. Фармацевтикалық микробиология дәрілік есімдіктердің жұқпалы ауруларын, дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатгарының микроорганизмдермен зақымдануын, дәрілік заттарды дайындау барысындағы, сондай-ақ дайын дәрілік түрлердін ластануын, асептика мен антисептика әдістерін, дәрілік препараттар өндірісіндегі дезинфекцияны, микробиологиялық және иммунологиялық диагностикалық, сақтандыру, емдеу препараггарын алу технологиясын зерттейді.Ветеринарлық микробиология медициналык микробиология мәселелерін, бірақ көбінесе жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдерді зерттейді.Ауыл шаруашыльщ микробиология топырақ микрофлорасын, өсімдіктер әлемін, оның өсімталдығына әсерін, топырақ құрамын, өсімдіктердін жүқпалы ауруларын және т.б. мәселелерді зерттейді.Теңіздік және космостық микробиология сәйкесінше теңіздік және су қоймаларындағы, космостық кеңістік пен басқа планеталардағы микрофлораны зерттейді.Техникальщ микробиология биотехнологияның бөлігі болып табылады, халық шаруашылығы пен медицинадагы әртүрлі өнімдерді (антибиотиктер, вакциналар, ферменттер, ақуьпдар, витаминдер) микроорганизмдерден алу технологиясын оцдейді. Қазіргі заманғы биотехнологияньщ негізі - генетикалық инженерия.

    XIX ғ. екінші жартысындағы  макро- және микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін микробиология саласындағы көптеген жаңалықтар иммунологияның қарқынды дамуына әкелді. Алғашында иммунология жұқпалы ауруларғаағзаның тұрақтылығы туралы ілім ретінде карастырылды. Иммунология диагностиканың зертханалық әдістерін, жұқпалы және көптеген жұқпалы емес (соматикалык) аурулардын, алдын алуы мен емдеуін өңдеуде, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды (вакцина, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, аллергендер, диагностикалық препараттар) өңдеуде негіз болып табылады. Иммунобиологиялық препараттарды өңдеу мен өндірісімен айналысатын иммунологияның жеке бөлігі - иммунобиотехнология болып саналады. Қазіргі заманғы медициналық микробиология мен иммунология иммунды жүйенің бұзылысына байланысты көптеген жүқпалы және жұкпалы емес аурулардың (онкологиялық, аутоиммундық аурулар, мүше мен тіндердің трансплантациясы) диагностикасында, сақтандыру мен емдеуінде аса маңызды орынды алып үлкен жетістіктерге жетті.

    Қорытынды

    Қорытындылай келе, микробиология ғылымы жер шарындағы тірі табиғатты жана жақты зерттеуді қамтамасыз етеді.Микроорганизмдер табиғат пен адам өмірінде аса үлкен орын алады. Олар табиғатта заттар мен энергия айналымын, топырақтың құнарлылығын, атмосфераның газдық қүрамын және басқа табиғи процестерді ұстап тұруды қамтамасыз етеді.Микроорганизмдердің көпшілігі адам үшін қауіпсіз, тіпті көбісі пайдалы. Тері мен шырышты кабаттағы, асқазан-ішек жолдарывдағы және зәр жыныс жолдарындағы микроорганизмдер адам ағзасының экологиялық бірлігін кұрайды және де оның тіршілігіндегі (эндоэкология) бірқатар процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адам көптеген микроорганизмдерді тіршілігіне қажетті өнімдер мен материалдарды алу үшін колданады.Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды (грек тілінен аударғанда заргоз - шірік және рһуіоп - өсімдік), яғни өлі организмнің органикалык заттарымен коректенеді. Дегенмен адамда әртүрлі ауруларды және патологиялық процестерді тудыратын микроорганизмдер топтары кездеседі. Бүл микроорганизмдерді патогенді (грекше раthos - ауру) деп атайды; олар органикалық субстраттар арқылы қоректеніп өмір сүреді. Патогенді микроорганизмдердің саны өте көп -3000-нан астам түрлері бар (бактериялар, вирустар, саңыраукүлақтар), соның ішінде 1000-нан астамы вирустар. Организмнің қарсы түру қабілеті төмендегенде немесе сәйкес-қолайлы жағдайлар туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады.

    Пайдаланған әдебиеттер

    1. Микробиология және вирусология, Ү.Т. Артықбаева, Г.Д.Асемова, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, С.К.Бисимбаева, Н.Б.Рахметова, Қ.Б.Қойшыбаева, Н.В.Калинина, Ғ.М.Сейтғалиев. Астана, 2005 ж.

    2. Медициналық микробиология, Б.А. Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлы Алматы, 2011ж.

    3. Интернет желісі, www.google.kz



    написать администратору сайта