адаптация Жадыра. Реферат таырыбы Мектепке дайын болу аспектілері Мектепке дайын болукп маыналы, кп компонентті тсінік
Скачать 25.85 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі С.Аманжолов атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРАТ Тақырыбы: Мектепке дайын болу аспектілері: Мектепке дайын болу-көп мағыналы, көп компонентті түсінік Орындаған: Болат Жадыра Тексерген:Дюсембинова Гульнар Калихановна Өскемен қаласы, 2018 жыл Жоспар Кіріспе............................................................................................................... 3 1.1 Психологиялық жетілу...............................................................................4 1.2Тұлғалық дайындық....................................................................................5 1.3 Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы...................................6 1.4Ақыл-ойының даярлығы.............................................................................7 1.5 Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы..........................8 1.6 Зерттеулер...................................................................................................9 Қорытынды......................................................................................................10 Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................11 Кіріспе Мектепке алғаш бару – бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп – жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата –аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығы ақыл – ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым – қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл- әрекеттерінің ықтиярлы қабілетін, ақыл –ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды. Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады. 3 1.1 Психологиялық жетілу үш аспектіге бөлінеді: әлеуметтік, эмоционалды, интеллектуалды. Әлеуметтік толысу – қатарластарымен болатын қарым-қатынастың қажеттілігін, балалар тобына сіңісіп кетуді, мұғалімдер мен оқулықтардағы тапсырмаларды түсінуін тұспалдайды. Эмоционалды толысу – баланың өмірде болатын әрбір жағдайды қабылдауында, оған деген әсерін білдіре алуында көрініс табады. Зеріктіретін өте ұзақ жұмысты атқаруда, күйзеліс жағдайларына төтеп беруде маңызы зор. Интелектуалды толысу – бұл назарды топтастыра алу, құбылыстар мен жаңалықтар арасында байланыстар орната білу, логикалық есте сақтаудың дәрежесін көтере білу, үлгілер, мысалдар келтіру, ақыл-ойды дамыта білу қабілеті. 4 1.2 Тұлғалық дайындық Бала мектептегі жаңа іс әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқы мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Тұлғалық дайындық деген ұғым сондай ақ баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, жаңа мектеп ұжымына енуіне, әрбір ұжым жұмысына белсене араласуына мүмкіндік беретін: оқытушыларға, өз- өзіне көзқарасы,ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды. Егер баланы жаңа білім алу, тану қызығушылығының дамуы( сөмке, оқулықтар, дәптерлер емес) қызықтырса, онда бала мектепке оқуға дайын деп есептеуге болады.Бала(болашақ оқушы) мінез- құлқын, танымдық іс- әрекетін өз еркімен меңгере білуі тиіс.Оқу іс- әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез- құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді. 5 1.3Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы. Баланың дүниеге деген көзқарасы, танымы кең болса, белгілі бір білімдердің қоры болса, онда оны мектепке дайын деп есептеуге болады. Сол сияқты балада жоспарлы қабылдау, зерттелетін материалда теориялық қатынастың элементтері, ойлаудың жалпылама формалары, негізгі логикалық операциялар және мағыналық есте сақтаулар болуы керек. Оқу әрекетінде баланың бастапқы қабілеттері қалыптасса, әсіресе оқу мақсатын анықтап, оны жеке мақсатқа айналдырса, ол интеллектуалдық дайындықтың негізгі элементі болып табылады. Сонымен интеллектуалдық дайындық мынандай элементтерден тұрады: А) дифференциялық қабылдау; Б) аналитикалық ойлау; В) шындыққа рациональды қарау; Г) логикалық есте сақтау; Д) білімге қызығушылық, қосымша күштер көмегімен оларды алу процесіне; Е) тілді меңгеру, ұрандарды қабылдауға және түсінуге қабілеті; Ж) қолдың қимылдарының және көру- қимылдау бағытының дамуы. 6 1.4 Ақыл-ойының даярлығы Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады. 7 1.5 Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады. Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады: 1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»); 2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі; 3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы; 4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы; 5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау. 8 1.6Зерттеулер Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі рөлді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді. Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады. Алайда, мектепке дайын болу мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды: 9 Қорытынды Баласы мектепке барған кезінде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады. Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді. Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек. 10 Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Кравцова Е.Е.Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе.-М.,1991. 2.Мухина В.С.Детская психология.-СПб.,1992. 3.Овчарова Р.В.Практическая психология в начальной школе.-М.:ТЦ Сфера,2002. 4.Рогов Е.И.Настольная книга практического психолога в образовании.-М.,1995. 11 11 |