Главная страница
Навигация по странице:

  • Тексерген

  • Тамақтан уланудың жалпы сипаты

  • Микробсыз

  • Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі

  • Микробсыз тамақтан улану түрлері.

  • Тамақтан уланудың профилактикасы

  • Оқушылар арасында тағамдық уланулардың алдын алу. Реферат Таырыбы Оушылар арасында таамды улануларды алдын алу Орындаан Сарбасов Марат Болатбекович


    Скачать 26.15 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Оушылар арасында таамды улануларды алдын алу Орындаан Сарбасов Марат Болатбекович
    Дата04.07.2022
    Размер26.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқушылар арасында тағамдық уланулардың алдын алу.docx
    ТипРеферат
    #624223

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Реферат

    Тақырыбы: Оқушылар арасында тағамдық уланулардың алдын алу

    Орындаған: Сарбасов Марат Болатбекович

    (6В01404 Дене шынықтыру және спорт)

    Тексерген:Балгимбеков Ш.А. м.ғ.д. профессор

    Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп, улану тудырады.

    Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, өмір сүру деңгейі бактерияға ұшыраған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда пайда болады. Бұл жағдай көбінесе балалар арасында саяхатқа шыққанда, жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамағанда бактериалды уланудың дамуына әкеліп соғады. Мұның себебі – баланың ағзасы әлі толық жетілмегендіктен, тамақ өнімдерінің құрамында болуы мүмкін улы заттармен тиімді күресуге қабілетсіз болуынан.

    Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырғанда, тамақтануын ұйымдастырушы заңды және жеке тұлғалар балаларды қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз етуге міндетті:

    - тиым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді;

    - тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;

    - шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды; Өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін.

    - қолды жиі жуу өте маңызды;

    - әрбір тамақ бөлшегін, ұсақ ұнтақтары мен кір дақтарды микробтардың орналасқан орны деп қарау қажет;

    - ыдыс сүртетін орамалдар күн сайын залалсыздандырылып, ауыстырылуы қажет;

    - еден жуатын шүберектерді де жиі жуып отыру керек;

    Ал, жанұяңызбен саяхатқа шыққанда тағамды сенімді сақтау үшін оларды тығыз жабылатын банкілерге (контейнерлерге) салған жөн. Таза суды пайдалануға тырысу керек. Таза су ауыз су ретінде де, тамақ әзірлеу үшін де маңызды. Егер судың сапасы күдік тудырса, оны тамаққа қосар алдында немесе пайдаланар алдында қайнатып алыңыз. Қайнатылған суды пайдаланған дұрыс.

       Жаз мезгілінде тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, төмендегі өнімдерден уланудың ықтимал қаупі бар:

    сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ);

    жұмыртқа;

    балық өнімдері және теңіз өнімдері;

    ет;

    крем қосылған кондитерлік өнімдер;  

    дайын салаттар;

    фаст фуд;

    консервіленген өнімдер, әсіресе үйде жасалған, оның ішінде қауіптісі – улы саңырауқұлақтар.

       Әрине, бұл балмұздақ немесе тәттілер міндетті түрде улануға әкеледі деп тыйым салуды білдірмейді. Дегенмен, баланы сапалы аспен тамақтандыру, оның фаст-фудқа байланысты қалауларын құптай бермеу және салауатты үй тамағына үйрету маңызды. Сонымен бірге, балаға тамақты дұрыс сақтауды үйрету қажет. Сол кезде ғана бала сатылып жатқан тағамның сапасына мән беріп, өз өмірін түрлі қауіпті уланулардан сақтай алады.

            Тамақтан уланудың белгілері:

    Жүрек айну;

    Қатты құсу;

    Асқазанның бұзылуы;

    Диарея (күніне бірнеше ретке дейін);

    Температураның көтерілуі;

    Нәжісте ұйысқан қан, шырыш немесе жасыл түсті қосындылардың пайда болуы.

         Тамақтан уланған кезде бірден емдеуге көшу керек, өйткені мұндай жағдайды назардан тыс қалдыру түрлі асқынуларға алып келеді.
    Тамақтан улану - ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.

    Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.

    Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.

    Табиғаты бактериалды тамақтан улану - белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен (токсиндері) зараланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.

    Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуы ас ішуімен тікелей байланысы;белгілі таралу жолының болмауы; ас қорыту жолының гастроэнтериті; Әлсіз организм улануымен өтеді. Тамақтан улану (К.С.Петровский ұсынысы бойынша) Микробты: Токсикоинфекция, Токсикоз, Микотоксикоз.

    Микробсыз: өсімдік текті азықтар, жануар ,улы химиялық заттар.

    Ерекшелігі: маусымдылығы айқын, жасырын кезеңі ұзағырақ. Дене қызуы көтеріледі. Ағымы тек қана жедел болады. Бір аспен 2-ші ас байланысты жаппай улану айқынырақ. Летальдылығы төмен.

    Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі: Маусымдылығы жоқ. Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау. Токсикоинфекциялар - микроорганизммен көп дәрежеде тұқымданған (1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7) тағам мен азықтардың тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру.

    Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер: Ішек таяқшалары-Е.coli:Протей таяқшасы; Cl.perfringens; Bac.cereus; Микробсыз тамақтан улану. Микробсыз тамақтан улану микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10 %-н құрайды. Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.

    Микробсыз тамақтан улану түрлері. Улы өсімдік текті өнімдермен, саңырауқұлақтармен, дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арамшөптік токсикоздар). Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие жануар текті азық-түліктермен улану. Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдары. Инфекция көзін оңашалау, тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды заласыздандыру, микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын алу.

    Тамақтан уланудың профилактикасы

    1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.

    2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.

    3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.

    4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

    5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.

    6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.

    7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

    8.Ас үйді таза ұстаңыз.

    9.Таза суды пайдаланыңыз.

    10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.

    Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.


    написать администратору сайта