Фарида Реферат. Реферат таырыбыОтстік Корея ОрындаанРусланызы Фарида Тексергенспек Толанай Бауыржанызы Баршын Тірек Мектебі
Скачать 52.75 Kb.
|
РЕФЕРАТ Тақырыбы;Оңтүстік Корея Орындаған/Русланқызы Фарида Тексерген;Құспек Толғанай Бауыржанқызы Баршын Тірек Мектебі. 2021 жыл. Мазмұны Кіріспе(Эмитология) Негізгі бөлім(Корея жайлы қызықты мәліметтер) Қорытынды Дереккөздер Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған[4], ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі)[5] — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея. Корей мемлекеттілігі біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 ғасырлардан басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі бойынша Корея бұрын Жапония империясының қол астында болған кезде КСРО-ның қарамағына өткен солтүстік бөлікке, ал оңтүстік бөлігі АҚШ-тың қарамағына бөлінді. Корея Республикасы 1948 жылы 15 тамызда Америка аймағында құрылды, содан кейін 9 қыркүйекте Кеңес Халықтық Демократиялық Республикасы деп жарияланды. Кейінгі Корей соғысы (1950-1953) елдің бөлінуін нығайтты. ЭтимологияКорей тілінде Корея Республикасы Тэхан мингук (대한민국тыңдау (ақп.), 大韓民國) деп аталады. Дегенмен толық атаудың Хангук (한국, 韓國) немесе Тэхан (대한, 大韓) деген қысқартылған атаулары жиірек қолданылады. Кей уақытта Намхан (남한), яғни «Оңтүстік Хан» деген атау да қолданылады, бұл атау «Солтүстік Хан», яғни Солтүстік Корея елінің атауы болып табылатын Пукхан (북한, 北韓) деген сөзге қарама-қарсы бағытта қолданады. «Хан» сөзі Корей түбегін мекен еткен ежелгі Самхан тайпалық одағының атауына қатысты, ал «Корея» сөзі б.з 918—1392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген Корё мемлекетінің атауынан шыққан. Корё сөзінің өзі Корей түбегінің солтүстік аймағын, сондай-ақ қазіргі Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі мен Ресейдің Жапон теңізі бойындағы жерлерінде орналасқан ежелгі Когурё мемлекетінің атауынан шыққан. Goryeo 1392 жылы Чосон мен ауыстырылғаннан кейін, Чосон бүкіл территория үшін ресми атауға ие болды, дегенмен ол жалпы қабылданған жоқ. Жаңа ресми атау ежелгі Кочосон елінде (ескі Чосон) пайда болды. 1897 жылы Чосон әулеті елдің ресми атауын Чосон Даехан Джегукқа (Корей империясы) өзгертті.[6][7] Дэехан (Ұлы Хан) есімі Самханнан (Үш Хан) шыққан, Корей түбегіндегі ежелгі конфедерацияларды емес, Кореяның үш патшалығын білдіреді. Алайда, Чосон есімін корейлер өз еліне сілтеме жасау үшін әлі де кеңінен қолдана бастады, дегенмен бұл ресми атау болмады. Жапондықтардың билігі бойынша Хан және Джозеон деген екі есім бірге болды. Тәуелсіздік үшін күрескен бірнеше топ болды, олардың ішіндегі ең маңыздысы - Корея Республикасының Уақытша Үкіметі (대한 민임시 임시 정부 / 大韓民國 臨時 政府). 1377 жылдары Когурё мемлекетінде жазылған кітап Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған.[8][9][10] Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады. Ертедегі үш патшалық және КаяҚала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктердің қосылуы – патшалықтардың пайда болуына себепші болды. Сондай алғашқы патшалық б. з. д. 37 – б. з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Мемлекет негізін Хань патшалығына қарсы шыққан Кореяның әйгілі қолбасшысы Тоңмёңсоң уаң (Жумоң уаң) қалаған. Жумоң уаң бүкіл корей халқын қытай басқыншылығынан азат етіп, бүкіл Корей түбегінің солтүстігін бір мемлекетке бағындырды. Б. з. д. 18 – б. з. 660 жылдары өмір сүрген Пэкче мемлекеті де ертедегі үш патшалықтың бірі. Бұл патшалықтың негізін Тоңмёңсоң уаңның кенже ұлы Онджо уаң қалаған. Аталған патшалық Хангаң өзенінің төменгі сағасында, қазіргі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болған. Силла патшалығы (б. з. д. 57 – 935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсіз, әрі артта қалған болатын. Алайда Силла Қытайдан айтарлықтай шалғай орналасқандықтан мұнда Қытайдың ықпалы әлсіз болды. Кая конфедерациясы Нактонган өзенінің сағасында мекендеген бірнеше солтүстік тайпалардың бірлестігі ретінде қалыптасты. Біріккен Силла мен ПархэVI ғасырдың ортасында Силла мемлекеті Кая конфедерациясының құрамына кірген барлық қалаларды өзіне қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан әулетімен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды. 676 жылы Силла Тан әулетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды. Корё935 жылы ішкі талас-тартыстың нәтижесінде Силла мемлекеті ыдырап, Корей түбегінде жаңа Корё мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің алғашқы билеушісі Уаң әулетінің негізін салушы Уаң Гон (Тхэджон). Уаң әулетінің тұсында Корей түбегі алғаш рет бір мемлекеттің құрамына бірікті. ЧосонТолық мақаласы: Чосон Чосон (кор. 조선) — 1392 жылдан 1897 жыл аралығында Корей түбегінде өмір сүрген мемлекет. Бұл кезеңде елді Ли әулеті басқарған. Мемлекеттің ресми атауы — Ұлы Чосон Мемлекеті (кор. 대조선국 Тэджосон-гук), 1897 және 1910 жылдар аралығындағы атауы — Корей империясы (кор. 대한제국 Тэхан чегук). Жапон басқыншылығыТолық мақаласы: Корея - Жапония отары XIX ғасырда Корея Батыстың дипломатиялық қатынас орнату талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Осы кезде Азия мен Еуропа елдері Корей түбегіне билік жүргізу мүмкіндігіне ие болу үшін өзара бақталастық үстінде еді. 1910 жылы Қытай мен Ресейге қарсы соғыста жеңіске жеткен Жапония Кореяны жаулап алып, отаршылдық билік орнатты. Отаршыл үкімет Корея территориясында генерал-губернаторлық құрды. 1919 жылдың 1 наурыз күні елдің барлық өңірлерінде бейбіт шеру орын алды. Көтерісшілер үкіметтен елдің тәуелсіздігін талап етті, тарихта бұл оқиға «бірінші наурыз қозғалысы» немесе Самиль қозғалысы (кор. 삼일운동) деген атаумен қалды. Жапон үкіметі аталған шеруді күшпен басты. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылдың 13 сәуірінде Шанхайда корей ұлтшылдары Корея Республикасының Уақытша Үкіметін (кор. 대한민국 임시정부 Тэхан мингук имси чоңбу) құрады. Қазіргі таңда Корея Республикасы 1 наурызда «Тәуелсіздік күнін» тойлайды. Бөлінгеннен кейінгі тарихТолық мақаласы: Корея Республикасы тарихы Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 - 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде. Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» (кор. 한강의 기적) деген атауға ие. Географиясы, климаты Чеджудо аралына көрініс Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас. Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр. Жер бедері негізінен таулы, жазық далалар территорияның тек 30% алып жатыр. Корей түбегінің жағалауында шамамен 3000-нан астам адам мекендемейтін ұсақ аралдар орналасқан. Ең ірі арал — Чеджудо аралы. Жер бедері және пайдалы қазбаларыКорей түбегіндегі ең биік нүкте – Пэктусан тау жотасы болып саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытай мен Солтүстік Кореяның шекарасында орналасқан. Ал Корея Республикасының территориясындағы ең биік нүкте – Чеджудо аралында орналасқан Халласан (1950 м) сөңген жанартауы болып табылады. Елдің орталығы мен шығысын Шығыс Корей таулары (кор. 태백산맥) алып жатыр. Оңтүстік Кореяда бірнеше көлдер мен ірілі ұсақты өзендер бар, солардың ішіндегі ең ірі өзен – Нактонган өзені (ұзындығы 506 км, бассейні 23 384 км²) болып табылады. Ол Тэгу, Пусан секілді ірі қалалар арқылы ағып өтеді. Сондай-ақ Хангаң (481,7 км) өзені елдің астанасы - Сеул қаласын кесіп өтеді. КлиматыКореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6 °C (43 F) тан 16 °C (61 F) ға дейін. Климаты жағынан — муссонды, жазы – ыстық, әрі ылғалды, қысы – біршама суық және құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері Сеулде 1370 миллиметрден Пусанда 1460 миллиметрге дейін құбылады. Оңтүстік Корея мемлекеті жайлы қызықты мәліметтер. 90% кореялықтардың көздері нашар көреді. Сондықтан олар бала кезінен бастап көзілдірік киеді. Корея – өте қауіпсіз мемлекет. Қыз бала түнде өзі жалғыз еш қорқынышсыз серуендей береді. Кореядағы ең танымал спорт түрі – бейсбол. Оны бәрі ойнайды, жасы да кәрісі да. Кореялықтар кофені өте жақсы көреді. Түскі немесе кешкі астан кейін міндетті түрде кофе ішеді. Forbes – тің айтуы бойынша, әлемдегі ең еңбекқор адамдар Оңтүстік Корея халқы. Мектептің мұғалімін тек президенттің өзі ғана жұмыстан босата алады. Бұл мамандық өте құрметті болып саналады. Артық салмағы бар кәрістер өте сирек кездеседі. Кореялық әйелдер терісін және шашын мұқият күтіп, көптеген косметикалық құралдарды пайдаланады. Олар көшеге боянбай шықпайды. Кәрістер әнді жақсы айтады, сондықтан Корея елінде караоке клубтар жиі кездеседі. Жігіттердің барлығы әскери борышын өтеуге міндетті, егер мүгедек болмаса. Кәрістер өте жомарт адамдар, басқа біреуге көмек көрсетуден бас тартпайды. Жалпы стереотипке қарамастан, кореялықтардың көбісі ит етін жемеген. Кореядағы шетелдіктер екі санатқа бөлінеді: студенттер мен ағылшын тілінің мұғалімдері. Олар танысу кезінде алдымен жасын анықтайды. Бұл қарым-қатынастың әрі қарай дамуы үшін маңызды. Егер сұхбаттасушы кем дегенде бір жылға үлкен болса, онымен сыпайы түрде сөйлеседі. Солтүстік Кореялықтар 1950 жылы Оңтүстік Кореяға бірыңғай коммунистік мемлекет құру мақсатымен басып кірді. БҰҰ соғыс барысына араласып, нәтижесінде 1953 жылы соғыс тоқтатылды. Бүгінгі күні бұл елдердің шекарасы әлемдегі ең қауіпті аумақтардың бірі болып табылады. Сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік Корея халқы әлемдегі ең жоғары IQ көрсеткішіне ие! Әлемдегі 5 ең ірі автоөндірушілердің қатарына кіреді. Ең танымал брендтер – Hyundai және Kia. 1963 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 100 доллар болатын, қазір ол 29 000 долларға жетті. Қызықты мәлімет: Кореяда таэквондо жауынгерлік өнері ойлап табылды. Экономикалық көрсеткіштердің және қазіргі заманғы технологиялардың дамуына байланысты, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань «Азия Жолбарыстары» деп аталады. Корея Республикасы - өте қауіпсіз мемлекет. Кореятүстік Кореяда типі, нәзік жандылар қауымы түнгі уақытта да қаланың сырт жағындағы аудандарда жалғыз өзі қорықпай жүре алады. Кісі өлтіру сияқты ірі қылмыстық оқиғалар бұрын-соңды болмаған жағдай болып саналады және жергілікті жаңалықтарда бірнеше апта бойы хабарланады. Кореяға барудың ең жақсы уақыты - көктем мен күз мезгілі. Көктемде шие гүлдеп жайқалса, ал күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, төңірек ерекше түске боялады. Қыста суық және желді, бірақ жазда кереметтей ыстық, ылғалды, сондай-ақ жаңбырлы болады. Елдің аумағы өте кішкентай, сондықтан өркениет оның барлық бұрышына дерлік еніп, ел жоғарғы деңгейде дамыған. Кореяда адасып кету мүмкін емес, мұнда алыс түкпірдегі ауылдар жоқ. Кореяда ең танымал спорт түрі – бейсбол. Оны барлығы, жасынан бастап кәрісіне дейін ойнайды және барлығында бейсбол жарқасы бар. Бейсбол ойындарында, әсіресе ауқымды ұйымдастырылған ойындар әрдайым аншлагпен өтеді. Танымалдылығы бойынша екінші орында – гольф. Оны орта жастағы ер адамдар ойнайды. Ал егде жасқа толған кәрістердің бәрі тауға шығады. Кәрістер тауға шыққанды қатты жақсы көреді. Тауларда серуендеу кәрістер үшін сүйікті ойын-сауық. Олар түні бойы мас болғанға ішімдік ішсе де, ертеңгісін таңғы сағат 8-де тұрып, таңғы асын ішіп, еш қиындықсыз тауға көтеріле алады. Кореялықтардың 90%-ы алыстан нашар көреді. Сондықтан, олар көзілдірік немесе контактілі линзалар тағып жүруге мәжбүр. Кәрістер көзілдірікті бала кезінен бастап тағады. Бұған қарап олардың көру қабілеті туылғаннан нашар болған деп ойлайсың. Кәрістердің барлығы Internet Explorer-ді қолданады. Олар басқа браузерлерді түсінбейді, сонымен қатар көпшілігі тіпті браузердің не екенін де білмейді. Осыған байланысты, корейлік сайттар, тиісінше, тек «Explorer-мен» жасалады. Оның үстіне ешқандай корейлік сайт басқа браузермен дұрыс жұмыс істемейді. Көптеген кәрістер Google-ті ашу үшін бірінші naver.com-ды ашады. Олар Google-ге корей тілінде naver.com деп іздеу жүргізіп, содан кейін ғана сілтемені басады. Кәрістер кофені қатты жақсы көреді және мұнда кофе ішетін орындар өте көп. Олар түскі немесе кешкі астан кейін міндетті түрде бір шыныаяқ кофе ішеді. Кореяда тегін ғаламторды әрдайым таба аласыз. Кез келген мекемелерде, кафелерде және тіпті автобустарда да тегін ғаламтор бар. Кофеханалар, кинотеатрлар, супермаркеттер, мейрамханалар, барлар, дүкендер желісі болса, демек ол танымал. Себебі, Кореяда кез-келген мекеме желі болмаса, ол әлі көтерілмеген дегенді білдіреді. Кореяда отандық тауарлар өте жақсы қолдауға ие. Сондықтан тіс пастасы, сағыз, әйелдердің гигиеналық заттары, чипс және т.б. сияқты көптеген импорттық тауарлар табылмады. Кореяда ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Қырыққабат, шалқан және көкөніс, күріш алаңқайлары тіпті қала орталығында да кездеседі. Бұл елде стоматологиялық қызметтер өте қымбат, сондықтан барлық кәрістер тіс гигиенасын мұқият қадағалайды. Олар тамақтанған сайын және әр шынаяқ кофеден кейін міндетті түрде тістерін тазалайды. Тіс щеткасын сөмкелеріне салып, үнемі өздерімен алып жүреді, ал кейбір жерлердің дәретханаларында тегін щеткалар тұрады. Білім алу кез-келген кәріс азаматының өмірінде маңызды рөл атқарады. Кәрістер таңертеңнен кешке дейін, апта күндеріне қарамастан, тіпті демалыс кезінде де қосымша курстар алып немесе өздігінен дайындалып болсын (сабақ) оқиды. Кореяда демалыс деген түсінік жоқ. Кәрістерге жұмыстан демалуға бірнеше күн жеткілікті. Әдетте, көптеген жұмысшылар тамыздың басында шетелге шығып келу үшін ғана бірнеше күнге демалыс алады. Елде екі негізгі ұлттық мереке бар. Біріншісі, ай күнтізбесі бойынша атап өтілетін Жаңа жыл мейрамы болса екіншісі, Корея үш күн бойы жұмыс істемейтін күзгі фестивалі. Оларда осы күндерден басқа мерекелік демалыс жоқ. Мемлекеттік мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді тек президенттің өзі ғана жұмыстан босата алады. Бұл – қатты құрметтелетін және жоғары жалақылы мамандық. Толық кәрістер өте сирек кездеседі. Ал, семіздері мүлде кездескен емес. Қыздары аяқтарын еш қымсынбай көрсете алады, бірақ кеудесін ешқашан көрсетпейді. Кәріс қыздарының көпшілігінің кеудесі кішкентай, ал бөксесі жалпақ келеді. Бірақ, олардың аяқтары оқтай, мінсіз болады. Сондықтан, Кореяде пластикалық хирургия жақсы дамыған. Ол жақта түскі үзіліске кеткен қыздар бір демде кеудесін ұлғайтып та келуі мүмкін. Мектеп бітіріп, институтқа барған соң, көптеген қыздар сыйлық ретінде қабағын, мұрынын немесе басқа жерін түзетіп алады. Кәріс қыздары терісін, шашын мұқият күтіп, ақылға қонбайтын косметикалар мен косметикалық құралдар пайдаланады. Олар көшеге макияжсыз шықпайды. Көпшілігі кәріс қыздары жапондықтар мен қытайлықтардан және басқа да азиялықтардан әдемірек деп санайды. Тіпті, сұлулығы жасанды болса да көбі кәріс қыздары әдемі деп есептейді. Таза болғандары сонша Кореядағы көшелерден қоқыс жәшігін табу өте қиын. Барлық кәрістер өлеңді жақсы айтады және сол себепті караокеге барғанды жақсы көреді. Ұялы телефон бәрінде бар, тіпті қаңғыбастардың өзі телефонмен жүреді. Бұл елде кез-келген телефонды екі жылға несиеге алуға болады. Кореяда сауда-саттықтың қызған уақыты кешкі 7-8-ден кейін басталады және кейбір жерлерде түн жарымға дейін жалғасады. Жас жігіттерге қыздарды өз үйлеріне алып келуге болмайды, сондықтан Кореяда қонақүйлер өте көп. Мотельдердің көбі шіркеулердің жанында орналасқан. Күнә жасап қойғандар дұға ету үшін алысқа жүгірмейді. Мүгедектігі болмаса, барлық жігіттер әскерде қызмет етіп, Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Кәрістер тамақтануға өте ерекше мән береді. Олар «қалың қалай» деудің орнына «дұрыс тамақтандың ба» деп сұрайды. Кәрістерде кем дегенде бір рет тамақ уақытын жіберіп алу күнә секілді есептеледі. Және «жеу» етістігі көптеген басқа етістіктерді алмастыра алады, мысалы, «ішімдік ішу», «дәрі қабылдау», «таза ауада тыныстап қайту», және тіпті «бір жылға өсу» сөздерінің орнына қолданылады. Кореялықтар көп тамақтанады және бір рет тамақтанғанның өзінде түрлі тағамдар жейді. Бірақ, дастархандарында міндетті түрде кимчи мен басқа тұздықтар тұрады. Түскі аста бір ғана тағам жегендері сирек кездеседі. Олар қарындары тойғанша тамаш ішеді. Кез келген кәрістен корей тағамдарының қайсы жақсы деп сұрасаң, екінің бірі бәрінің денсаулыққа кереметтей пайдалы екенін айтады. Және қандай да бір себептермен жиі ерлердің денсаулығы үшін пайдалы деп жатады. Кәрістер орыстардан да көп ішімдік ішеді. Олар тез масайып қалады, бірақ ешқашан шу көтеріп, жанжал шығармайды. Мұнда тіпті, мас кәріс ешқандай қауіп төндірмейді. Әрбір корей азаматы барлығын тез масайтуға бағытталған үстел үстінде ойналатын шулы ойындардың түр-түрін біледі. Кәрістер өте жомарт және қайырымды халық. Олар үнемі жанындағы адамға түсті ас алып бергісі келіп тұрады және ешқашан көмек көрсетуден қашпайды. Кореяда күзетшілермен, автобус жүргізушілерімен және аула сыпырушылармен жалпы, бәрімен бірдей амандасу қалыптасып қалған тәртіп. Мұнда егде жастағы адамдарға амандасу құрмет, ал оның кім болып жұмыс істейтіні маңызды емес. Үйленген еркектердің көбі әйелдерінің көзіне шөп салады және бұл оларда қалыпты жағдай. Тұрмыстағы көптеген кәріс әйелдері балаларын тәрбиелеумен айналысып, жұмыс істемейді. Барлық егде жастағы әйелдер бірдей жүреді. Олардың шаш үлгілері де, киімдері мен бас киімдеріне дейін бірдей. Кореяда қаңғыбас иттер жоқ. Үлкен иттерді де асырайтындар аз. Бірақ, оларда қалтаға салып жүретін кішкентай ит алып жүру, оның жүнін жарқын түстерге бояу, қызықты киімдермен кидіру сәнге айналған. Танымал түсінікке қарамастан, иттің етін жеп көрген кәрістер өте аз. Кореядағы шетелдіктер екі санатқа бөлінеді: алмасу бойынша білім алып жүрген студенттер және ағылшын тілінің мұғалімдері. Кәрістер орындық немесе диванға қарағанда, еденге отырғанды жақсы көреді. Мұнда ауа-райы болжамы дәлме-дәл келе ме, әлде кәрістер әрдайым сөмкесіне қолшатыр салып жүре ме, бірақ әйтеуір жаңбырдың астында қалған адамды көру мүмкін емес. Кореяда қатты жаңбырдың салдарынан жиі су тасқыны болады. Кез-келген кәрістің әмияны визиткаларға, әртүрлі жинақ және дисконттық карталар мен купондарға толып тұрады. Кәрістер негізінен корей музыкасын тыңдайды. Батыс орындаушыларынан тек хитке, сәнге айналғанын тыңдайды. Ал корей музыкасы негізінен поп-музыка, және бір-бірінен ерекшеленбейтін бой-бэнд пен герл-бэндтер. Музыкалық топтың әрбір әнге шығарған өздерінің биі болады. Оларды жанкүйерлері жатқа біледі. Кореяда алаңдар жоқ. Тек кейбір ғимараттардың алдында ғана алаңқай бар. Көптеген барларда тек сыраға ғана тапсырыс беруге болмайды. Ондай жерлерде міндетті түрде сыраға арналған тұздықтарға тапсырыс беру керек болады. Кәрістер сыраның өзін ғана іше алмайды, олар сырамен бірде міндетті түрде шайнайтын бір нәрсе жеуі керек. Корей телеарнасында – жарнамалар, корей сериалдары, әзіл-оспақ шоулар, сұлулық шоулары және тағамдарды көрсететін бағдарламалар көрсетіледі. Корей жарнамасының шынымен де нені жарнамалап жатқанын түсіну мүмкін емес. Сұлу әрі жас қыздың алкогольдік сусынды жарнамалап жатқаны ешкімді қызықтырмайды. Кәрістер танысу кезінде алдымен адамның жасын сұрайды. Бұл қарым-қатынастың әрі қарай дамуы үшін маңызды. Егер әңгімелесуші кем дегенде бір жас үлкен болса, оған сыпайылықпен, құрметпен қарауға және оған қызметшіл болуға тиіс. Кәрістер сөйлесу кезінде жиі әдепсіздік жасайды. Олар «жігітің бар ма?» немесе «сен неге тұрмысқа шықпадың?» деп жеке басқа қатысты сұрақтар қоюы мүмкін. Кореяда барлық жерде шылым шегуге болады. Темекі шегуге тыйым салатын белгілерді жиі елей бермейді. Көшеден темекі шегіп тұрған қызды көру сирек кездеседі. Кореяда шылым шегетин қыздар аз және олар тек барларда және клубтарда ғана шылым шегеді. Кореяда көшеде де алкоголь ішуге болады. Кәрістер көбінесе күтпеген жерлерде алкоголь ішіп, тосннан пикник ұйымдастыра салады. Кәрістер кез-келген сөзге жаждет ретинде күледі, тіпті күлкілі емес әзілдің өзіне күле береді. Әсірсе, олар шетелдіктердің корей тілінде сөйлегенін көріп қуанады. Кореяда ешкім ешқайсысын атымен атамайды және «сен» немесе «сіз» демейді. Олар туыстық және қарым-қатынас жағдайлары үшін қолданылатын әртүрлі сөздерді қолданады. Егер біреу біреуді өзіне шақырса, басқа елдердегідей қолын жоғарыға көтеріп емес, алақанын төмен түсіріп шақырады. Дереккөздер http://kosis.kr/nsportalStats/nsportalStats_0102Body.jsp?menuId=10 South Korea. World Economic Outlook Database, April 2019. International Monetary Fund. http://kosis.kr/nsportalStats/nsportalStats_0102Body.jsp?menuId=10 South Korea. World Economic Outlook Database, April 2019. International Monetary Fund. |