сөж тер -4. Реферат Тыныс алу мшелеріні ауруларыны уыс синдромы
Скачать 0.59 Mb.
|
Батыс Қазақстан Жоғарғы Медициналық колледжі СӨЖ. РЕФЕРАТ «Тыныс алу мүшелерінің ауруларының қуыс синдромы» Қабылдаған: Ермекова А.Б Орындаған: Шайхиева С. Шалабай П Хамитова Н Топ: МІ-25, 2-курс ЖОСПАР Кіріспе Негізгі бөлім 1. Өкпеде қуыс болу синдромының түсінігі. Клиникалық жағдай. 2. Өкпе абсцессінің негізгі симптомдары Қорытынды Кіріспе Синдром анықтамасы Синдром – бұл белгілі дертті сипаттайтын және даму немесе пайда болу себебі бір белгілердің жиынтығы. Өкпеде қуыс пайда болу синдромы Өкпе қуысы синдромы деп өкпеде каверналар, абсцестер айналасында инфильтративті немесе фиброзды қабатпен қоршалған қуыс пайда болған кездегі белгілер жиынтығын атаймыз. Қуыс ішінде тек қана ауа (бос қуыс) немесе ауамен қатар сұйықтық болуы мүмкін. Қуыс жабық немесе бронхпен байланысты болуы мүмкін. Клиникалық көріністері қуыс мөлшеріне, оның орналасу тереңдігіне бай-ланысты. Бұл кезде дауыс дірілі күшейеді. Егерде қуыста жарым-жартылай ауа болып, ол бронхпен байланысты болса, бұл кезде перкуторлық дыбыстың тимпаникалық қасиеті басым болады. Ал қуыс сүйықтықпен толып тұрса, үстінен тұйықталған немесе тұйық дыбыс анықталады. Бұл кезде ауалық қуыс үстінен аускультация кезінде тыныс дыбысы естілмейді. Егерде ауалы қуыстың бронхпен байланысы болса, ол жерден бронхиалды тыныс естіледі, себебі ол пайда болған жерінен (дыбыс саңылауы) ауа бағанасы бойымен дыбыс тез таралып келеді. Кейде қуыстың ішкі қабаты біртегіс боп келеді, бұл кезде резонанс нәтижесінде металдық дыбыс пайда болады. Қабырғасы тегіс қуыс бронхпен қосылып тұрған кезде амфорикалық тыныс естіледі. Жарым-жартылай сұйықтығы бар қуыс үстінен ылғалды сырьлдар естіледі, себебі олардың таралуын қуыс төңірегіндегі инфильтрация нәтижесінде тығыздалған өкпе тіні күшейтеді. Сонымен қатар, аускулътация кезінде өз бетімен пайда болған қуыс (каверна) дренажды бронхпен қосылған жерде, бронхиалды тынысты күшейтіп тұрған стенотикалық шуыл естілуі мүмкін. Рентгенологиялық зерттеу өкпеде қуыс бар екенін дәлелдейді. Негізгі бөлім 1. Өкпеде қуыс болу синдромының түсінігі. Клиникалық жағдай. Өкпедегі қуыс өкпе тінінің некрозынан, оның іріңді еруінен, сонымен қатар сау тіннен қабынулық қоршаумен шектелу салдарынан пайда болады. біріншілік диагностикалық гипотезалар болып табылады қабыну үрдістері (өкпе абсцессі, өкпе гангренасы, туберкулездік каверна, өкпенің іріңді кистасы, үлкен бронхоэктаздар), өкпе ісігінің ыдырауы, саңырауқұлақтық және паразитарлық аурулар . Қуыс болу синдромын анықтауға болатын шарттар: өкпе қуысының диаметрі 4 см кем емес қуыс кеуде қабырғасына жақын орналасуы қажет ( тереңдігі 6-7 см артық емес) қуысты қоршап жатқан өкпе тінінің тығыздалуы қуыс қабырғалары жұқа болуы керек қуыс бронхпен байланысқан болуы керек қуыста бір уақытта ауаның да, сұйықтықтың да болуы керек Клиникалық көрінісі: Шағымдар: аралас түрдегі ентікпе, «ауыз тола» қақырық бөлінетін жөтел; Кеуде қуысын қарау: тыныс алу кезінде зақымдалған жақтың қалыңқы болуы; тахипноэ Қосымша зерттеу әдістері: қақырықты немесе қуыстың бөліндісін зерттеу. Өкпе рентгенографиясы: өкпе тінінің көлеңкесінде дөңгелек немесе сопақша пішінді шектелген ағару ошақтары көрінеді; көп жағдайда горизонтальды деңгейде сұйықтықтың барын көруге болады. компьютерлік томография. бронхография, бронхоскопия, өкпе биопсиясы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. 2. Өкпе абсцессінің негізгі симптомдары: көбінесе екіншілік ауру ретінде дамиды. Науқас анамнезінде пневмония, бронхоэктатикалық ауру, кеуде қуысының жарақаттары, бөгде заттың аспирациясы, сепсис көрсетіледі. Абсцесс ашылмай(жарылмай) тұрып – айқын интоксикация, интермитирлеуші қызба, өте нашар физикалық көрсеткіштер. Абсцесс бронхқа ашылғаннан кейін – үлкен көлемде іріңді қақырық бөлінеді, қызба қайтады, интоксикация төмендейді. Өкпе рентгенографиясы- қараю анықталады. Екінші кезеңде көлеңкелі проекцияда горизонтальды деңгейдегі сұйықтықтың ағаруы көрінеді. Абсцесс қуысы көбінесе созыңқы сопақша пішінді келеді, ол пневмониялық тінмен қоршалады. Компьютерлік томография – қуысты кеуде қуысының әдеттегі рентгенологиялық зерттеуінен бұрын да анықтауға болады. Қақырықты зерттеу - қоздырғыш түрі, оның антибиотиктерге сезімталдығы анықталады. Көп жағдайда қоздырғыштар пневмококктар, стафилококктар, анаэробты флора, саңырауқұлақтар болып табылады. Өкпедегі қуыс синдромы Өкпе тінінде әр түрлі көлемде қуыстардың түзілуімен сипаталатын синдром. Себептері: өкпе іріңдігі, өкпе гангренасы, туберкулездық каверна, өкпе ісігінің ыдырауы. Өкпедегі қуыстың белгілері мынадай жағдайда анықталады: ♦ ♦ қуыстың диаметрі 4 см кем болмауы керек; ♦ ♦ бронхпен қатынасы болуы тиіс; ♦ ♦ кеуденің бетіне жақын жатқан жағдайда қуыстың көп бөлігін ауа толтыруы керек. Негізгі шағымдары: ентігу, жөтел, көп мөлшерде сасық иісті сарғыш-жасыл түсті қақырық бөлінуі. Қарағанда: кеу де сарайының ауырсынған жағының тыныс алудан қалың қы болуы. Қорытынды Тыныс алу органдарының аурулары ересектер мен балалардың арасында өте жиі таралған ауруларға жатады. Тыныс алу органдарының аурулары полиэтиологиялығымен, клиналық ағымының ауырлығымен, жиі асқынуларымен сипатталады. Тыныс алу жүйелері ауруларының таралуына қолайсыз қоршаған орта, өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары және автокөліктің пайдаланылған газдары, үй-жайлар ауасының ластануы, иммунитеттің төмен болуы және басқалар әсер етеді. Бұл мәселенің өзектілігін және әртүрлі саладағы мамандардың күштерін біріктіру қажеттілігін анықтай отырып, тыныс алу органдарының аурулары көптеген елдердегі тұрғындардың сырқаттанушылық және өлім-жітім құрылымында алдыңғы орындарда болуының жалғасуына кері әсер етеді. Мысалы, бронхит шырышты қабықшалардың, бронхылардың ауада болатын қандай да бір бөлшектермен тұрақты зақымдалуы жағдайында өте тез дамиды. Шырышты қабықшалар мен бронхылар түтінмен, шаң-тозаңмен, өзге де бөлшектермен тұрақты зақымдалатын болса, онда науқаста тыныс алу жолдарынан қақырықты кетіру үшін жиі жөтелу қажеттілігі туындайды. Адам үшін өте қолайсыз климат, атап айтқанда, үнемі ылғалдылықтың болуы, ауа-райы жағдайларының жиі өзгеруі, тұман бронхиттің тағы бір себебі болып табылады. Сондай-ақ, нашар тамақтанатын, жиі салқын тиетін, нашар жағдайда тұратын, темекі тартатын, дене салмағы төмен адамдар бронхитпен жиі ауырады. Жынысына қарамастан, темекі тартатын адамдар мұндай әдетке үйір емес адамдарға қарағанда созылмалы бронхитпен 3–4 есе жиі ауырады. Темекі тартумен салыстырғанда, зиянды өндірісте жұмыс істеудің әсері жаман. Жүн иіру, химия, нан зауыттарының жұмыскерлері де бронхитке жиі шалдығады. Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алуға қатысты ең маңызды қарапайым әдістердің бірі — адамның таза ауада жүру мерзімінің ұзағырақ болуы. Алдын алу шараларының ең бастысы — жеке бастың тазалығын сақтау және организмді шынықтыру, тұрақты әрі мерзімді түрде егу. Тыныс алу мүшелері жүйесіне ішімдік ішу және шылым шегу жағымсыз әсер етеді. Шылым мен ішімдік құрамындағы жағымсыз заттар өкпеге еніп, оның қабықшаларын зақымдайды. Шылым шегетіндерде өкпе обыры, өкпе эмфиземасы, созылмалы бронхит ауруы шектен тыс жиі кездеседі. Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу — бұл тыныс алу мүшелеріне арналған жаттығулар, эфир майы бар емдік шөптерді пайдалана отырып ингаляция жасау. Тыныс алу мүшелерінің ауруларына бейім адамдарға бөлмелерінде оттекті бөлетін бөлме өсімдіктерін көп ұстағаны дұрыс. |