Главная страница

Рейно. рейно. Рейно ауруы


Скачать 366.98 Kb.
НазваниеРейно ауруы
АнкорРейно
Дата06.12.2021
Размер366.98 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файларейно.docx
ТипДокументы
#293278

Рейно ауруы

Ангиотрофоневрозбен артериола мен ұсақ артериялардың зақымдалуы. Көбінесе әйелдер ауырады. Ауру дамуы капиллярлы қанайналым бұзылуымен кезеңді түрде ұсақ,шеткі артериялардың ұзақтарылу мен сипатталады.Ауру жиі қол мен аяқ саусақтарының, сирек мұрын ұшы мен құлақ тамырларының тарылуымен жүреді. Рейно ауруы дамуының негізгі себебі ұзақ тоңу, саусақтардың созылмалы жарақаттануы, кейбір эндокринді ағзалардың (жыныс ағзалары, қалқанша безі) қызметтері бұзылуы мен психикалық бұзылыстар

I сатысы. Ангиоспастикалық.Фаланг ұштарының қантамырларында қысқа уақыттық құрысулар пайда болады. Жиі 2-3 алақан саусақтары бозарып, ұстағанда суық және сезімталдығы жойылады. Құрысу бірнеше минуттан кейін артерия кеңеюімен алмасады.Саусақтарда күйдіру,ауру сезімі мен фалангаралық буындарда ісік байқалады. Біртіндеп қантамырлық тонус пен саусақ түсі қалпына келіп, ауру сезімі жойылады.

II сатысы. Ангиопаралитикалық. Тіндік тұрақты гипоксиямен сипатталады. Тұрақты цианоз, ісіну. Саусақтар көкшіл түстес болады. Саусақтардың бозару ұстамалары сирек қайталанады.

III сатысы. Трофопаралитикалық. Саусақтарда, фаланг ұштарында жаралар, өлеттену ошақтары анықталады. 1-2 кезең ұзақтығы көбінесе 2-5 жыл аралығында кездеседі.

Емі. Негізінен қантамырлық тарылуды (новокаинды бөгет,физиотерапия, гипербариялық оксигенация т.б.) қалыптастыруға бағытталған. Ангиотроптық препараттармен спазмолитиктер қолданады. Консервативті терапия нәтижелі болмаса, бұғанаүсті әдіспен кеуделік симпатэктомия немесе видеоторакоскопиялық симпатэктомия мен белдік симпатэктомия (зақымданудың орналасуына қарай) жасалады



Вегетативтік дистония жайлы

Вегетотамырлық дистония (орыс тілінде Вегетососудистая дистония (ВСД) атауға ие) — адам ағзасындағы вегетативті жүйке жүйесінің ауруына жатады. Вегетативті жүйке жүйесі тамырлар және ішкі органдар қызметін реттейтін қыметке ие. Ол өз кезегінде симпатикалық және парасимпатикалық болып жіктеледі. Бұл вегетативті дистония әлем бойынша ересек адамдар арасында 40% таралған.

Вегетативтік дисбаланс организмнің бейімделу үрдістерінің бұзылуына ықпал жасайтын төтенше жағдайлар әсерінен де болуы ықтимал. Сондықтан вегетативтік дистония патологиялық жағдайлардың зардабы бола бермейді. Дегенмен, вегетативтік дистония айқын білініп, ұзаққа созылғанда гипертония ауруы, ойық жара, гиперткреоз, әр түрлі ағзалар мен жүйелердің вегетативтік нервтенуі бұзылуынан көптеген аурулар пайда болатынын есте сақтаған жөн.

[16:14, 12.10.2021] Азиза Муратовна: Конституциялық ВД бала жастан бастап кездеседі, неврологиялық вегетативтік параметрлері (терінің түсі тез өзгереді, тершеңдік, қан қысымы мен пульс тез өзгеріске ұшырайды, субфебрилитет жай байқалады, жиі, жүрек айну, тез шаршағыштық ) тұрақсыз болғандықтан ВД жиі кездеседі.

Пубертаттық (жас өспірімдердегі) ВД қан қысымы тез өзгеруімен білінеді, талықсу байқалады, көңіл күйі жиі өзгереді. Климакстік кезеңге ұстама тәрізді денесінің ысуының байқалуы және эмоциональдық дисфункция тән, ұстама тәрізді тершеңдік және вегетативтік-дистониялық ұстамалар тән.

Ішкі ағзалардың зақымдануында байқалатын ВД синдромында (өт пен бүйректің тас ауруларында, панреатит, АГ) пайда болған вегетативтік симптомдар негізгі ауруды емдеген кезде жойылады.

Мидың органикалық зақымдануындағы ВД синдромы. Вегетативтік зақымданулар мидың кез келген патологиясында кездеседі, бірақ ми бағаны, гипоталамус, лимбикалық бөлік зақымданғанда олар өте айқын көрініс береді

Невроздардағы ВД синдромы жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту ағзаларындағы көптеген функциональдық зақымданулармен байқалынады.

ВД синдромы жеке ауру ретінде туа пайда болған вегетативтік нерв жүйесінің ақаулары кезінле дамиды, оларға жүрек-тамыр қызметінің функциональдық өзгерістері тән.

ВД синдромы перманентті түрде кездеседі. Ол кезде белгілері үнемі байқалынады, пароксизмальдық түрінде симптомдары ұстама түрінде байқалынады.

Перманентті ағымда науқастарда бас айналу, бас ауру, әлсіздік, ашушаңдық, діріл, қол-аяқтың сууы, қан қысымының өзгерісі, ас-қорытудың бұзылыстары үнемі байқалынады.

Пароксизмальдық түрі симпатоадреналдық және вагоинсулярлық ұстамалар түрінде кездеседі.

ВД диагностикасы жоғарыда айтылған негізгі симптомдарға негізделеді. Бірақ бұл науқастарды тиянақты тексерістен өткізу керек, себебі бұл белгілер басқа аурулардың алғашқы кезеңінде көрініс беруі мүмкін.

Емі. Емдеу жолы ВД-ның себебіне байланысты — этиологиялық, патогенездік және симптоматикалық болуы керек.

Витаминдердің В, С, Е топтары, элеутерококк, женьшень; беллоид, белласпон, беллатаминал препараттары қолданылады. Емдеу жолдары вегетативтік тонусты қалыптастыруға бағытталуы керек. Стугерон; валокордин, боярышник тұнбасы және бетаблокаторлардың (анаприлин, обзидан, индерал) аз дозалары тағайындалады; транквилизаторлар (тазепам, феназепам, сибазон) тағайындалады.

Емдеу комплексіне физиотерапевтвтік процедурлар: бассейн, әр түрлі душтар, ЛФК, массаж, иглотерапия, электросон ретінде қолданылады.

Вегетативтік ұстамалар кезінде науқасты жатқызу керек, тыныштандыру қажет, криздің түріне сәйкес медикаменттік препараттар қолданылады.

Профилактикасы. Науқастың жұмыс істеу, дем алу кезеңдері дұрыс сақталуы қажет. Физикалық және эмоциональдық күштерден шектеу керек. Аутогендік тренировка, жалпы организмді шынықтыру, емдік физькултура және массаж қолдану қажет.


написать администратору сайта