Главная страница

пропед ответ билет. Ректороманоскопия, колоноскопия, цистоскопияны мазмны, диагностикалы маынасы. Олара науасты дайындау


Скачать 13.93 Kb.
НазваниеРектороманоскопия, колоноскопия, цистоскопияны мазмны, диагностикалы маынасы. Олара науасты дайындау
Дата02.09.2021
Размер13.93 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапропед ответ билет.docx
ТипДокументы
#229072

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 15

Ректороманоскопия, колоноскопия, цистоскопияның мазмұны, диагностикалық мағынасы. Оларға науқасты дайындау.

Цистоскопия - қуықтың шырышты қабатын қарау.

Колоноскопия - тоқ ішектің шырышты қабатың қарау.

Ректороманоскопия – тік ішекті қарау.

Колоноскопиямен ректороманоскопияның алдында кешкісін және ертенгісін тазалау клизмасын жасайды. Колоноскопияның алдында мовоприп немесе фортранс: 2 пачканы бір литр суға ерітіп ішіп алу 3 сағаттан кейін қайталау, немесе дюфалак (қант дибетінде болмайды).

Цистоскопияның алдында қуыққа зарарсыздандыратын ерітінді еңгізіледі.

Қан түзу жүйесінің ауруларында науқастың шағымдары.

Шағымдар:

Қан ауруларына тән шағымдарға әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, ентігу физикалық күш түскенде, жүрек қағу, жұмысқа қабілеті төмендеу жатады. Бұл белгілер анемия және лейкоздарда болады. Осындай шағымдар асқазаннан қан кеткенде және жүрек жетіспеушілігінде болады. Басқа арнайы /спецификалық/ емес көптеген қан ауруларында қызу көтеріледі және терлегіштік болады. Терінің қышуы, лимфогранулематоз ауруында алғашқы белгі болуы мүмкін яғни аритмия, созылмалы лимфолейкоздарда болады.

Көптеген қан ауруларында тәбеті төмендеп, жүдеу болады, кейде кахексияға дейін.

В12 жетіспеушілік анемияда тілдің ұшы, шеттері күйдіріп тұрғандай болады. Темір жетіспеушілік анемияда дәм сезу өзгеріп пациенттер бор, көмір, жер, топырақ жейді, иіс сезу өзгеріп - бензин, ацетон, эфир және т.б жағымсыз иістерді искей береді.

Қансыраулар геморрагиялық диатездерде болады.

Сүйектерде ауырсыну лейкоз ауруларында кездеседі. Сүйекті басқанда күшееді.

Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну көк бауыр патологиялық процесске ұшырағанда болады /лейкозда/.

Оң жақ қабырға астында ауырлық сезім байқалады, ол бауыр зақымдануын білдіреді / созылмалы лейкозда.

ЦӘК төрайымы _____________ Филимонова А.А.

ПК төрайымы: ______________ Калиева Г.О.


написать администратору сайта