Главная страница
Навигация по странице:

  • Рента шарты және оның түрлері

  • 2. Тест сұрақтарына жауап беру. 1.

  • Задания №4 ответы. Рента шарты жне оны трлері Рента шарты


    Скачать 19.85 Kb.
    НазваниеРента шарты жне оны трлері Рента шарты
    Дата31.01.2023
    Размер19.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЗадания №4 ответы.docx
    ТипДокументы
    #914253

    ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

    1. Сатып алу сату шартының түсінігі мен жекелеген түрлері

    2. Айырбас шарты

    3. Сыйға тарту шарты

    4. Рента шарты және оның түрлері



    Рента шарты

    Меншіктен мүлікті иеліктен алу шарттарының ерекше түріне, қазіргі кезде рента шарты жатады. Бұрынғы заңда, ол өмір бойы асырауда ұстау негізінде тұрғын үйді оның иесінің (сатушының) иелігінен алу шарты болып танылған. Жаңа Азаматтық Кодекста рента шарты неғұрлым толық мазмұнына ие болып, ол екі түрге бөлінген: тұрақты рента және ғұмырлық рента. Ғұмырлық рентаның бір түрі – ол өмір бойы асырауда ұстау рентасы болады. Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента төлеушіге) оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің орнына рента алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға немесе оны асырауға міндеттенеді (517 б.). Рента – ол рента алушыға ақшалай және мүліктік нысанда төленетін төлем немесе оны асырау ұстау болып табылады. Шарт жазбаша нотариалды нысанда жасалады. Шарттың жақтары рента төлеуші және рента алушы деп аталады. Рента төлеуші әрекетке қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Тұрақты рента шартында, рента алушы, қоммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар болуы мүмкін, ал ғұмырлық асырау шарты бойынша, рента алушы еңбекке қабілеттілігіне және өзге табыстарының болуына қарамастан тек азамат бола алады. Рента төлемдері орнына, рента алушы рента төлеушіге кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті береді. Азаматтық құқық теориясында рента шарты тәуеклге байланысты деп аталатын шарттарға жатқызылады, ол рента төлеушінің міндеттерінен көрінеді. Мысалы, шарттың тәуекелге байланыстығы: төлемдердің ұзақ уақыт төленуінен (тұрақты немесе ғұмырлық болуынан), заң бойынша рента алушыға төленетін төлемдер орнына берілген мүлікке деген кепілдік құқығын беру, рента төлемінің ен төменгі мөлшерін бекіту жағдайларынан байқалады. Рента төлеуші үшін, оның тәуекелге байланыстығы: рента төлеу орнына берілген мүлік абайсызда жойылған немесе бүлінген жағдайда, оның рента төлеу міндетті тоқтатылмайтындықтан және ол міндеттің рента алушы қайтыс болған жағдайда да тоқтатылмайтындығынан байқалады.

    2. Тест сұрақтарына жауап беру.

    1. Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қолдана алады?

    [а] тек талап- арыз жасалған кезде;

    [а] тек дау шешілгеннен кейін;

    [а] сот шешімі шыққаннан кейін;

    [а] шешім шығарғанға дейін;

    [а] кез келген уақытта.
    2. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы иелену көнелігіне сәйкес пайда болады:

    [а] 1 жылда;

    [а] 3 жылда;

    [а] 10 жылда;

    [а] 7 жылда;

    [а] 5 жылда.
    3.Жаңа затқа меншік құқығы тиесілі:

    [а] егерде занда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, затты дайындаған немесе жасаған тұлғаға;

    [а] мемлекетке;

    [а] материалдық меншік иесіне

    [а] кімде көп дайындалса, сол тұлғаға;

    [а] заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес тіркеуге алынбаса, тиесілі болмайды.
    4.Кепілпұл - бұл:

    [а] кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының меншігіне өтетін кепіл түрі;

    [а] кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының иелігіне өтетін кепіл түрі;

    [а] кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігіне және пайдалауында қалатын кепіл түрі;

    [а] уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома;

    [а] бір тұлға басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенетін міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.
    5.Шығынды толығымен өтеу қағидасы нені білдіреді:

    [а] зиян келтірушінің жалақысы көлемінде шығынды өтеу;

    [а] несие берушіге келтірілген нақты шығынды қоса алынбаған пайда қоса өтеуді;

    [а] айып төлеу қажетілігін;

    [а] жауапкершіліктен босатуды;

    [а] өтем төлеу қажеттілігін.
    6.Қандай сенімхатты нотариат куәландыруға тиіс?

    [а] егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәлендіруін талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты;

    [а] кез келген сенімхатты;

    [а] тек мүлікке билік жасауға берілетін сенімхатты;

    [а] мүліктің жеке түрлеріне билік жасауға берілетін сенімхатты;

    [а] нотариаттың куәландырун талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты.
    7.Мекеме - ол:

    [а] саяси партиялар, кәсіби одақтар;

    [а] қайырымдылық мақсатты көздейтін ұйым;

    [а] басқару, әлеуметтік- мәдени немесе өзге де коммерциялык емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым;

    [а] рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі;

    [а] ассоциация.
    8. Ассоциация - ол:

    [а] мемлекеттік заңды тұлға;

    [а] заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі;

    [а] коммерциялық емес ұйым;

    [а] заңды тұлғаның құрамдас бөлігі;

    [а] қоғамдық бірлестік.


    написать администратору сайта