Главная страница

Маъруфали. Респираторлы ауру Жедел респираторлы аурулар полиэтиологиялы аурулар тобына жатады


Скачать 0.58 Mb.
НазваниеРеспираторлы ауру Жедел респираторлы аурулар полиэтиологиялы аурулар тобына жатады
Дата11.02.2023
Размер0.58 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файлаМаъруфали.pptx
ТипДокументы
#931482

Ерте жастағы балалардағы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды диагностикалаумен емдеудің заманауи аспектілері.

Респираторлық ауру

Жедел респираторлық аурулар полиэтиологиялық аурулар тобына жатады.

Бұл терминмен тыныс алу жолдарының барлық жедел инфекциялық ауруларын, мұрыннан өкпеге дейін біріктіруге болады. Бұл терминді эпидемиологиялық мақсатта да пайдалану оңтайлы, өйткені барлық аурудың патогенезінде, берілу жолдарында ұқсастық, ортақ белгілер көн. Жедел респираторлық аурулар және жедел респираторлы-вирусты аурулардың қоздырғышы көбінесе (90%) вирустар. Вирусты деген сөздің өзі бұл ауруларға бактериялардың қатысы жоқтығын, емдеу барысында антибиотик қабылдаудың қажеті жоқтығын көрсетеді. ЖРВИ – жедел респираторлық вирусты инфекция балаларда өте жиі кездеседі және емдеуде ата-аналар тарапынан көптеген қателіктер жіберіледі.

Диагностика

Диагностика

Физикалық зерттеп-қараулар:

· жиілеген немесе қиындаған тыныс алу (2 айға дейінгі балалар ТАЖ ≥60 минутына; 2 айдан жоғары – 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5 жас ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >28 минутына);

· кеуде қусының төменгі бөлігін тарту;

· аускультативті белгілер (бронхылы (қатты) тыныс алу, қырыл).

Диагностика

Аспаптық зерттеу

  • Кеуде қуысының рентгенографиясы
  • Спирография
  • Ересек балаларға 5 жастан жоғары пикфлоумеьтрия
  • КТ, МРТ по показаниям
  • Бронхоскопия, бронхография

Диагностика

Мамандардың консультациясына арналған көрсетілімдер:

· оториноларингологтың консультациясы – көрсетілімдер бойынша;

· неврологтың консультациясы – көрсетілімдер бойынша;

· кардиологтың консультациясы – көрсетілімдер бойынша;

· фтизиатрдың консультациясы – көрсетілімдер бойынша.

NB! Қазіргі таңда әлемде негізгі симптомы жөтел болып табылатын респираторлық сырқаттар (ларингит, фарингит, трахеит, бронхит) мәселесіне көзқарас қайта қарастырылған. Дәлелді медицина қағидаларына негізделген жөтелу бойынша Америкалық торакалды қоғамның, Еуропалық респираторлық қоғамның, Британдық торакалды қоғамның нұсқаулықтары бар.

Диагностика

  • Жалпы қан анализі:
  • Лейкоцитоз, нейтрофиллез – бактериялық этиология
  • Лимфицитоз – вирустық этиология
  • Эозинофилия – аллергиялық-иммундық реакция
  • ФАӘ – флюоресцент антиденелер әдісі, ЖРВИ тұмау вирустарының антигендерін анықтау.

Жалпы зәр анализы

  • Жалпы зәр анализы

Лабораториялық :

Лабораториялық :

  • ЖҚА
  • ЖЗА
  • Биохимиялық қан анализы (Среактивный белок, сиаловая кислота, серомукоид, креатинин, мочевина. К.Са)
  • Қанның газдық құрамы
  • Қақырықты зерттеу (смакроскопиялық, микроскопиялық, микобактерияға, антибиотикке төзімділік, цитология)

Емі

ЖРВИ

ЖРВИ

Амбулаториялық деңгейде емдеуді жеңіл ауырлық дәрежесіндегі және ЖРВИ-дің орташа ауыр түрлері бар балалар қабылдайды (5 жастан жоғары).

Балалар жылы, жақсы желдетілетін үй-жайда орналасуы қажет.

Тамақтың ауыруын жұмсарту және жөтелді жеңілдету үшін жылы су ішу ұсынылады.

Мұрынды жиі тазалау қажет, әсіресе тамақтандыру және ұйқы алдында. Медициналық қызметкер 5 жасқа дейінгі баланың анасын немесе күтушісін медициналық мекемеге шұғыл келу белгілеріне үйретуі қажет:

· іше немесе емшекті еме алмайды;

· баланың жай-күйі нашарлауда;

· безгек төмендемейді;

· жиі дем алу;

· дем алудың қиындауы.

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

Режим:

· жартылай төсек тартып жату режимі (безгектің толық кезеңі барысында).

· диета: №13 үстел, бөліп жылу ішу (сүтті-өсімдік диетасы).

· науқастың гигиенасы – ауыз қуысының, көздің шырышты қабықшасының күтімі, мұрынды тазалау. Мұрынға 0,9% NACL ерітіндісін 1-3 тамшы тамызу; мұрыннан бөлінетінді білтенің көмегімен тазалау немесе грушамен сорып тастау қажет.

Дәрі-дәрмекпен емдеу

Дәрі-дәрмекпен емдеу

- парацетамол 10- 15 мг/кг кем дегенде 4 сағат интервалмен, үш күннен артық емес ауыз арқылы немесе per rectum немесе ибупрофен 5-10 мг/кг дозасында тәулігіне 3 реттен артық емес ауыз арқылы.

· Бактериялық асқынулар дамыған жағдайда бактерияға қарсы препараттар болжамды және/немесе бөлінген қоздырушыға қарай тағайындалады.

· Жеңіл тамақтың ісініп ауыруы кезінде (1 дәрежелі жұтқыншақ стенозы):

– будесонид ингаляциялық небулайзер арқылы 2 мл физиологиялық ерітіндімен: 1 айдан жоғары балалар – 0,25-0,5 мг, бір жастан кейін – 1,0 мг бір реттік доза түрінде; 30 минуттан кейін ингаляцияны қайталау; доза жай-күй жақсарғанға дейін әрбір 12 сағат сайын қайталана алады.

· Обструктивті синдром барысында:

– дозаланған аэрозолды ингалятордан спейсер арқылы сальбутамолмен ингаляция.

5 жасқа дейінгі бала спейсер арқылы 600 мкг сальбутамол алғанға дейін (ингалятордың басына 6 рет басу) осы рәсімді бірнеше рет қайталауға болады,

5 жастан жоғары балалар – 1200 мкг (12 басу). Осыдан кейін емдік әсерді бағалау және баланың жай-күйі жақсарғанға дейін ингаляцияны қайталау. Күрделі жағдайларда қысқа уақыт аралығы ішінде бір сағатта бірнеше рет ингалятордың басына 6 немесе 12 басу жасауға болады. Әсер болмаған жағдайда стационарға жолдау. Спейсерді 750 мл сыйымдылықты минералды судың пластик бөтелкесінен жасауға болады. Сальбутамол ингаляциясы небулайзер арқылы – 0,5% сальбутамол ерітіндісі 0,5 мл және 2 мл стерильді физиологиялық ерітіндіні небулайзер сыйымдылығына құю және барлық сұйықтық шығындалғанға дейін ингаляция жүргізіңіз, 20 минуттық интервалмен үш цикл. Әрбір ингаляциядан кейін жай-күйді бақылау: ТҚЖ, демікпелік тыныс алу, кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы. Әрі қарай сальбутамолмен ингаляция күніне үш рет 5 күн ішінде.

· интоксикация симптомдарының жоғалуы;

· қиындатылған дем алудың болмауы;

· ТҚЖ қалпына келуі;

· бактериялық асқынулардың болмауы.

ЖРВИ және жіті бронхит, ларинготрахеитпен ауыратын балаларға антибиотиктерді тағайындамау қажет, олар тек бактериялық инфекцияларды емдеген жағдайда ғана тиімді. Жөтелді басатын дәрілік заттарды тағайындамау қажет. Құрамында атропин, кодеин және оның туындылары немесе спирт болатын дәрілік заттарды тағайындамау қажет (баланың денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін). Құрамында аспирин болатын препараттарды пайдаланбау.

· Инфузиялық терапия тек ЖРВИ ауыр түрімен ауыратындарға ғана көрсетілген (инфузия көлемі – тәулігіне дене массасына 30-50 мл/кг дейін).

· Гормондық терапия ЖРВИ асқынуларында қолданылады – энцефалит және тромбоцитопениялық пурпурларда.

- парацетамол 10- 15 мг/кг кем дегенде 4 сағат интервалмен, үш күннен артық емес ауыз арқылы немесе per rectum;

- ибупрофен 5-10 мг/кг дозасында тәулігіне 3 реттен артық емес ауыз арқылы.

· дезинтоксикациялық терапия мақсатында төмендегі ерітінділермен 30-50 мл/кг есебінен тамыр ішілік инфузия:

- 5% немесе 10% декстрозалар (10-15 мл/кг);

- 0,9% натрий хлориді (10-15 мл/кг);

· 2 дәрежелі көмей стенозында:

- будесонид бастапқы доза 2 мг ингаляциялық небулайзер арқылы немесе 1 мг әрбір 30 мин сайын екі рет көмей стенозын тоқтату үшін. Жай-күй жақсарғанға дейін доза әрбір 12 сағат сайын қайталана алады;

- дексаметазон 0,6мг/кг немесе преднизолон 2-5мг/кг б/і.

· 2 дәрежелі көмей стенозында РҚТБ емдеуге жатқызу.

– ылғалдандырылған оттегі (пульсоксиметрия <92% болғанда);

- дексаметазон 0,7 мг/кг

немесе

- преднизолон 2-5 мг/кг в/м;

- будесонид 2 мг бір ретті, немесе 1 мг 30 мин сайын. Жай-күй жақсарғанға дейін доза әрбір 12 сағат сайын қайталана алады. Көрсетілімдер бойынша трахея интубациясы.

· Обструктивті синдромда:

– қысқа уақытты әсер ететін ингаляциялық бронхолитик сальбутамол бір сағат ішінде әрбір 20 минут сайын 2 ингаляциядан небулайзер арқылы ингаляциялық, әрі қарай күніне 3 рет 2 ингаляциядан (3-5 күн).


написать администратору сайта