Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 тарау. Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті

  • 3 тарау. Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

  • 5 тарау. ХІІІ - Х V ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

  • 6 тарау. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

  • 7 тарау. Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

  • 8 тарау. Қазақ мемлекетінің ХV-ХVІ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы

  • Ресурс 3 БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ 603-704жж

  • 640-657

  • урок. 3урок Интелект. Ресурс1 Орта заман тарихы 1блім аанаттар (Трік жне Батыс Трік)


    Скачать 24.28 Kb.
    НазваниеРесурс1 Орта заман тарихы 1блім аанаттар (Трік жне Батыс Трік)
    Дата27.12.2022
    Размер24.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3урок Интелект.docx
    ТипКонспект
    #865846

    Ресурс1

    Орта заман тарихы 1бөлім Қағанаттар (Түрік және Батыс Түрік)

    ОРТА КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНсызбасы
    1 тарау. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IX ғ). Түрік қағанаты 

    Батыс Түрік қағанаты (603-704 жылдар)Конспект 

    Түргеш қағанаты (704 -756 жылдар) 

    Қарлұқ қағанаты (756-940 жылдар) 

    Оғыз мемлекеті (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы) 

    Қимақ қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы) 

    Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері 

    Архитектура және өнер. 

    Түріктердің рухани мәдениеті 

    2 тарау. Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті

    Наймандар, керейіттер, жалайырлар

    Қарақытайлар (1125-1212 ж.)

    Қыпшақ хандығы ХІ-ХІІІғғ 

    3 тарау. Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы 

    Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі 

    4 тарау. IX ғасырдың екінші жартысы – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы 

    ХІ- ХІІ ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы 

    Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы 

    Дін және мәдениет. Исламның таралуы 

    Ғылым мен білімнің дамуы 

    5 тарау. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы 

    Алтын Орда (XIII ғ.ортасы-XVIғ. басы)

    Ақ Орда (ХІІІ - ХV ғасырдың басы)

    Моғолстан (ХІV ғасырдың ортасы – ХVІ ғасырдың басы) 

    ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір 

    Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы) 

    Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары 

    Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы 

    ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы 

    6 тарау. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

    Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі

    ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

    Қазақстанның ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнері

    7 тарау. Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары 

    Қазақ хандығының құрылуыКонспект 

    Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (ХV ғасырдың соңғы ширегі) 

    Қасым хан (1511-1518-(21) ) 

    Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығыКонспект 

    Хақназар хан (1538-1580) 

    Тәуекел хан (1582-1598)

    Есім хан (1598-1628) 

    8 тарау. Қазақ мемлекетінің ХV-ХVІ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы 

    Қазақ халқының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы шаруашылығы 

    Қазақ халқының мәдениеті 

    Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі 

    ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарихи шығармалар

    Ресурс2

    ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ

    Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік шығысында Қытаймен, оңтүстік батысында парсылармен шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді.

    Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. VI ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.

    Түріктер негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары тау бөктерлеріндегі шатқалдарда немесе Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария бойындағы тоғайлы жерлерде орналасты. Тараз қаласы маңынан түрік кезеңіне жататын қыстақ-кенттер табылған. “Күлтегін” жазба ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы кездегі мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған.

    Кең байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады. 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа да мемлекеттер түріктерге шабуылдады. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

    Ресурс 3

    БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ

    603-704жж

    Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.

    Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.

    Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.

    Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. VII ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.

    Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.

    Тест ОҚ Т-Б 20сұрақ

    1. «Түрік» атауы алғаш рет қандай деректерде аталады?

    А) иран

    В) европа

    С) қытай

    Д) моңғол

    2. Жужандар түріктерді қалай атады?

    А) «балқытқыш еріксіздер»

    В) татарлар

    С) куллар

    Д) құлдар

    3. «Түрік» сөзі қандай тайпаның атауынан шықты?

    А) бұлақ

    В) ашина

    С) теле

    Д) дұлу

    4. Түріктердің қысқы қоныстары қалай аталды?

    А) Кент

    В) тұрақ

    С) қалашық

    Д) сардоба

    5. Түріктер қандай табиғи құбылысқа табынды?

    А) желге

    В) күнге

    С) отқа

    Д) суға

    6. Қай кезден бастап түріктер қайтыс болғандарды жерлей бастады?

    А) 5 ғ. бастап

    В) 6 ғ. бастап

    С) 7 ғ. бастап

    Д) 8 ғ. бастап

    7. Түрік қағанатын кім негіздеді?

    А) Мұқан

    В) Бумын

    С) Иштеми

    Д) Тон

    8. Қай жануар түріктердің негізгі қозғалыс құралы болды?

    А) түйе

    В) жылқы

    С) архар

    Д) есек

    9. Ең үлкен түрік тілдес тайпаны тап?

    А) нушиби

    В) дулу

    С) теле

    Д) яғма

    10. Түрік мемлекеті қашан пайда болды?

    А) 542 ж.

    В) 555 ж.

    С) 552 ж.

    Д) 560 ж.

    11. Батыс Түрік қағанатының астанасы қай қала болды?

    А) Тараз

    В) Суяб

    С) Баласағұн

    Д) Қойлық

    12. Батыс Түрік қағанатының құрамында қанша тайпа болды?

    А) 5

    В) 7

    С) 10

    Д) 12

    13. Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі кім болды ?

    А) Шегу

    В) Тон

    С) Тардуш

    Д) Мұқан

    14. Батыс Түрік қағанатында соттарды қалай атады?

    А) татарлар

    В) тархандар

    С) қарабудундар

    Д) шадтар

    15. Жергілікті жерлердегі түрік билеушілерінің тірегі кімдер болды?

    А) бектер

    В) төленгіттер

    С) батырлар

    Д) билер

    16. Батыс Түрік қағанатының Батыстағы одақтасы қай мемлекет болды?

    А) Византия

    В) Рим

    С) Киев Русі

    Д) Араб халифаты

    17. «Қарабудун» - ол:

    А) тұтқындар

    В) Жетісу тұрғындары

    С) салық төлеуші халық

    Д) тайпа атауы

    18. Батыс Түрік қағанаты қашан құлады?

    А) 700ж.

    В) 704 ж.

    С) 706 ж.

    Д) 710 ж.

    19. Түріктердің негізгі кәсібі не болды?

    А) егіншілік

    В) аң аулау

    С) мал шаруашылығы

    Д) балық аулау

    20. «Будун» сөзі нені білдіреді?

    А) қала

    В) қысқы тұрақ

    С) бекініс

    Д) халық


    написать администратору сайта