Гиста тест сессия казакша 2019-1 (1). рылымдар бейнелеріні контрасттылыын арттыру шін олданыладырылымдара трлі тс береді
Скачать 3.26 Mb.
|
Аферентті, қыстырма және эфферентті *!Нерв жасушаларын Ниссль әдісі бойынша метилен көгімен бояғанда олардың цитоплазмасында қою көк түсті хроматофильді субстанция төмпешіктері көрінеді.Қандай органеллалардың жиынтығы осындай құрылымға КӨБІРЕК сәйкес келеді? – түйіршікті эндоплазмалық тор *!Нерв жасушаларын күміс тұздарымен импрегнациялау нәтижесінде олардың цитоплазмасында нейрофибриллалары көрінеді.Қандай органеллалардың жиынтығы осындай құрылымға КӨБІРЕК сәйкес келеді? - нейрофиламент *!Эпендимальді глия ми қарыншалары мен жұлын өзегін тыстайды.Эпендимальді глия жасушаларына қандай пішін КӨБІРЕК сәйкес келеді? - цилиндрлі *!Суретте орталық нерв жүйесінің тек сұр затында кездесетін, денесінен жуан әрі қысқа өсінділері шығатын нейроглияның жасушалары көрінеді.Нейроглияның қай түріне осындай құрылыс КӨБІРЕК тән? – протоплазмалық астроциттер *!Препаратта көбінесе жұлын мен бас миының ақ затында кездесетін, денесінен көптеген ұзын, жіңішке, нашар тармақталған өсінділері бар нейроглияның жасушалары көрінеді.Осындай құрылыс нейроглияның қай түріне КӨБІРЕК тән? – талшықты астроциттер *!Нейроглияның жасушалары нерв талшықтарының миелинді қабығын түзуге қатысатыны белгілі. Аталған қызмет төменде берілген нейроглияның кай түріне КӨБІРЕК тән? - леммоциттер *!Микросуретте мультиполярлы нейроциттің денесі мен өсіндісін қоршаған глиоциттер көрінеді. Аталған қызмет төменде берілген глиоциттердің кай түріне КӨБІРЕК тән? - леммоцит *!Шеткі нерв жүйесінде нейрондардың денесінің сыртқы қабықтарын глиоциттер түзеді Аталған қызмет төменде берілген глиоциттердің кай түріне КӨБІРЕК тән? – мантийлі глиоциттер *!Химиялық синапстың пресинаптикалық және постсинаптикалық полюстерін ажыратады. Пресинаптикалық полюстерге төменде берілген құрылымдардың қайсысы КӨБІРЕК тән? – синиапстық көпіршітер мен митохондриялар *!Нейральді - қозғалтқыш синапстың құрамына нерв жасушасының өсіндісі кіреді. Осы сипаттамаға қандай жасушаның қай өсіндісі КӨБІРЕК сәкес келеді? – қозғалтқыш нейроциттің аксоны *!Микросуретте қабыршақты Фатер-Пачини денешігінің ішкі колбасында нейрон өсіндісінің бар екені көрінеді. Қандай нейроциттің өсіндісі осы сипаттамаға КӨБІРЕК сәйкес келеді? – сезімтал нейроцит дендриті *!Сезімтал нерв ұштары хеморецепторларға, барорецепторларға, терморецепторларға бөлінеді. Қандай нерв ұшына жылуды қабылдау қызметі КӨБІРЕК тән? – бос нерв ұштары ----*!А әріпімен белгіленген нейроглияның түрін анықтаңыз-Эпендимоциттер *!Б әріпімен белгіленген нейроглияның түрін анықтаңыз-Талшықты астроцит *!В әріпімен белгіленген нейроглияның түрін анықтаңыз-Микроглия ----*!Нерв жасушасындағы А әріпімен белгіленген құрылым-Дендриттер *!Нерв жасушасындағы Б әріпімен белгіленген құрылым-Митохондриялар *!Нерв жасушасындағы В әріпімен белгіленген құрылым-Ядро *!Нерв жасушасындағы Г әріпімен белгіленген құрылым-Түйіршікті ЭПТ *!Нерв жасушасындағы Д әріпімен белгіленген құрылым-Аксон *!Нерв жасушасындағы Е әріпімен белгіленген құрылым-Перикарион *!Нерв жасушасындағы Ж әріпімен белгіленген құрылым-Гольджи аппараты *!Нерв жасушасындағы З әріпімен белгіленген құрылым-Гликоген түйіршіктері ---*!Миелинді нерв талшығының А әріпімен белгіленген құрылымы-Миелинді қабығы *!Миелинді нерв талшығының Б әріпімен белгіленген құрылымы-Ранвье буылтығы *!Миелинді нерв талшығының В әріпімен белгіленген құрылымы-Біліктік целиндр *!Миелинді нерв талшығының Г әріпімен белгіленген құрылымы-Шванн жасушаларының ядросы *!Миелинді нерв талшығының Д әріпімен белгіленген құрылымы-Шванн қабығы *!Миелинді нерв талшығының Е әріпімен белгіленген құрылымы-Миелин сызаттары ---*!Ұйқы безі Фатер-Пачини қабыршақты денешігінің құрамында А әріпімен белгіленген құрылым-Ішкі колбасы *!Ұйқы безі Фатер-Пачини қабыршақты денешігінің құрамында Б әріпімен белгіленген құрылым-Сыртқы колбасы *!Ұйқы безі Фатер-Пачини қабыршақты денешігінің құрамында В әріпімен белгіленген құрылым-Капсуласы ----*!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының А әріпімен белгіленген құрылымы-Леммоцитті *!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының Б әріпімен белгіленген құрылымы-Қозғалтқыш нейронның аксоны *!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының В әріпімен белгіленген құрылымы-Синаптикалық көпіршіктері *!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының Г әріпімен белгіленген құрылымы-Синаптикалық қуысы *!Негізгі иіс сезу мүшесінің жасушалары қайсы-Нейросенсорлы, тіректік және базальді *Негізгі иіс сезу мүшесінің нейросенсорлы жасушаларының ерекшеліктері болып:-Ұшы түйреуіш тәрізді, қысқа дендриті мен аксоны бар *Мұрынның кілегейлі қабығының иіс сезетін бөлігіндегі жасушасы қайсысы:- Нейросенсорлы *Отолитті мембрананың орналасқан жері:-Қапшықтардың есту дақтарында *Тепе-теңдік сақтау мүшесінің ампулярлы қырқашықтарының ерекшелігі:-Түкті және тіректік жасушалардың үстінде желатин тәрізді мөлдір заты болады *Тепе-теңдік сақтау мүшесінің құрамындағы есту дақтарының ерекшеліктері:Түкті және тіректік жасушалардың үсті отолит мембранасымен қапталған *!Тепе-теңдік сақтау мүшесіндегі есту дағының эллипс тәрізді және дөңгелек қапшықтарындағы жасушалары-Түкті, сенсорлы және тіректік *!Көздің торлы қабығындағы денесі талшық тәрізді радиальді глиоциттердің орналасқан қабаты қайсы-Ішкі ядролы *!Көздің торлы қабығының сыртқы торлы қабатының құрамында мыналардың қайсысы бар-Фоторецепторлы жасушалар биполярлы жасушалардың дендриттерімен және горизонтальды жасушалардың дендриттерімен байланысатын жері *Жарғақты лабиринттің кіре беріс бөлігіндегі сопақша қапшықтың макуласындағы кірпікшелі жасушалары мыналардың қайсысын қабылдайды:-Сызықтық үдеуді *Көздің торлы қабығындағы пигментті эпителидің көлденең кесіндідегі пішіні:-Алты бұрышты *Көздің торлы қабығы базальді мембранада орналасады және ол мыналардың қайсысымен жанасады:- *Құрамында меланосомасы бар, бір қатарлы призма тәрізді, кейде алты бұрышты болып келген жасушалардан тұратын көздің торлы қабығының қай қабаты:-Пигментті *!Көру пигменті – родопсин жарықты қабылдайтын таяқша тәрізді жасушасының қай бөлігінде орналасады-Таяқша жасушаларының сыртқы сегментінде *!Көру пигменті – иодопсин жарықты қабылдайтын колба тәрізді жасушасының қай бөлігінде орналасады-Колба тәрізді жасушаның ішкі сегментінде *!Колба тәрізді жарықты сезетін жасушалардың қай бөлігінде эллипсоидтары болады-Колба тәрізді жасушаның ішкі сегментінде *Көздің торлы қабығындағы жарықты қабылдайтын сезімтал жасушаларының аксондары мына жасушалардың қайсысымен байланысады:-Биполярлы *!Көздің торлы қабығының биполярлы нейрондары нерв импульсін мына жасушалардың қайсысына өткізеді-Ганглиозды жасушаларға *!Көздің торлы қабығындағы биполярлы жасушалары арқылы мына жасушалардың қайсысы бір-бірімен байланысады-Сезімтал фоторецептор мен ганглиозды *!Көздің торлы қабығындағы горизонтальды жасушалары мына жасушалардың қайсысын бір-бірімен байланыстырады-Сезімтал фоторецепторларды *!Көздің торлы қабығындағы амакринді жасушалары мына жасушалардың қайсысын бір-бірімен байланыстырады-Ганглиозды жасушалары *!Көздің склерасының құрамындағы тін қайсы-Тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні *!Көзің торлы қабығының нерв талшықтар қабатын түзетін құрылымдары қайсы-Ганглиозды жасушалардың аксондары *Көздің қасаң қабығының меншікті заты болып:-Жалпақ фибробласттар мен дәнекер тінінің пластинкалары болады *!Көздің қасаң қабығының артқы эпителиі болып саналатыны қайсы-Бір қабатты жалпақ *Көздің торлы қабығының шығу тегі болып:-Нерв түтігі *Есту мүшесіндегі рецепторлы жасушалардың орналасқан жері:-Спиральді мүше *Спиральді мүшедегі тіректік жасушалардың ерекшеліктері:-Базальді мембранаға бекінген *Спиральді мүшедегі пішіні құмыра тәрізді, апикальді полюсінде 30-60 стереоцилиялары бар 3-4 қатар болып орналасқан эпителиоциттері қайсы:-Ішкі түкті сенсорлы *Спиральді мүшедегі пішіні цилиндр тәрізді, апикальді полюсінде стереоцилиялары V әрпі тәрізді орналасқан, шашақты жиек түзетін эпителиоциттері қайсы:-Сыртқы түкті сенсорлы *! Спиральды мүшедегі сыртқы түкті жасушалары мына жасушалардың қайсына бекінеді-Сыртқы саусақ тәрізді *!Спиральді мүшедегі ішкі туннельді түзетін эпителиоциттері қайсы-Ішкі және сыртқы бағаналы *!Дәм сезу түйіндеріндегі жасушалар қайсы-Рецепторлы, тіректік және базальді *!Электрондық микросуретте сенсорлы жасушаларында қысқа дендриттері мен ұзын аксоны бар, дендриттерінің ұшы түйреуіш тәрізді жуандалып, аяқталған, ал аксондары бірігіп, 20-40 жіпше тәрізді бағаналарын түзетін сезім мүшесі берілген.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген сезім мүшелерінің қайсысының құрылысы КӨБІРЕК ұқсайды? – иіс сезу *!Науқасты қарап тексеру барысында денесінің гравитациялық аймақпен байланысына тітіркену қабілетінің бұзылғаны анықталды. Осындай өзгерістер төмендегі рецепторлық жасушалардың қайсысында КӨБІРЕК байқалады? - Есту дақтары мен қырқашықтарындағы түкті жасушалары *!Құрамындағы сенсорлық және тіректік жасушаларының пішіні қоңырау тәрізді, қуысы жоқ, үсті желатин тәрізді мөлдір затпен жабылған сезім мүшесінің микросуреті берілген. Бұл сипаттама сезім мүшелерінің қайсысына КӨБІРЕК ұқсас келеді? – тепе – теңдік сақтау *!Сезім мүшесінің электрондық микросуретінде үсті құрамында қальций карбонатының кристалдары бар, отолитті мемранамен қапталатын сенсорлы және тіректік жасушалары көрінеді. Осы сипаттамаға мына мүшелердің қайсысының ұқсастығы БАСЫМ – тепе-теңдік сақтау *!Көздің торлы қабығын ультрақұрылымдық зерттеу барысында - құрамында меланосомасы бар, бір қатарлы призма тәрізді, кейде алты бұрышты болып келген жасушалардан тұратын қабатының бар екені белгілі болды. Осы сипаттамаға төменде берілген қабаттардың қайсысын КӨБІРЕК сәйкестендіруге болады? - пигментті *!Көздің торлы қабығының микросуретінде берілген жасушаның құрамындағы шеткі өсінділері таяқша мен колба тәрізді қабаттарды түзетіні белгілі. Құрылыс ерекшелігі бойынша ұқсастығы БАСЫМ келетін жасуша қайсы? – фоторецепторлар *!Көздің торлы қабығының микросуретінде берілген жасушаның ядро орналасқан бөлігі сыртқы ядролы қабатты түзеді. Мұндай құрылысқа ие жасуша ұқсастығымен КӨБІРЕК сай келетін жасушаны атаңыз? – фоторецепторлы *!Гистологиялық препаратта ядро орналасқан бөлігі ганглионарлы қабатты түзетін көздің торлы қабығының жасушалары көрінеді. Осы сипаттамаға сәйкестігі бойынша КӨБІРЕК ұқсас жасуша қайсы? - ганглиозды *!Гистологиялық препаратта көздің торлы қабығы құрамында өсінділері сыртқы және ішкі шектеушілік мембраналарды түзетін жасушалары көрінеді. Осы сипаттамаға сәйкестігі бойынша КӨБІРЕК ұқсас жасуша қайсы? – талшық тәрізді радиальді шлиоциттер *!Көздің артқы қабырғасының микросуреті берілген. Көздің торлы қабығының құрамындағы фоторецепторлы жасушалардың шеткі өсінділерінен түзілетін көздің торлы қабығының қабаты анықталды. Төмендегі жасушалардың қайсысы бұл қабатты түзуде БАСЫМДЫҚ танытады – таяқша мен колба тәрізді жасушалар *!Көздің артқы қабырғасының микросуреті берілген. Көздің торлы қабығының биполярлы, горизонтальді және амакринді жасушалардың ядролары орналасқан бөліктерінен құралатын қабаты анықталған. Төмендегі жасушалардың қайсысы бұл қабатты түзуде БАСЫМДЫҚ танытады? – ішкі ядролы *!Гематоксилин-эозинмен боялған көздің қасаң қабығының препараты берілген. Онда көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиден тұратын қабаты көрінеді. Бұл сипаттаманы ескере отырып қасаң қабықтың қай қабатын КӨБІРЕК ұқсатамыз? – алдыңғы эпителий *!Электронды микросуретте спиральді мүшедегі пішіні құмыра тәрізді бір қатар болып орналасқан, апикальді полюсінде жіңішке түктері – стереоцилиялары бар жасушалар көрінеді.Төмендегі жасушалардың қайсысының сипаттамаға ұқсастығы БАСЫМ? – ішкі сенсоэпителиоциттер *!Электронды микросуретте спиральді мүшеде 3-4 қатар болып орналасқан, пішіні цилиндр тәрізді жасушалары анықталады. Төмендегі жасушалардың қайсысының сипаттамаға ұқсастығы БАСЫМ? – сыртқы түкті *Препаратта дәнекер тінді пластинкадан, жалпақ пішінді фибробласттан және негізгі заттан тұратын қасаң қабықтың қабаты берілген.Берілген сипаттамаға қасаң қабықтың қай қабаты сәйкес келеді? - *Сызбада таяқша және колба тәрізді жасушалардың ядролары орналасқан бөліктерінен құралатын қабат анықталады. Сызбада торлы қабықтың қай қабаты берілгенін анықтаңыз? *Сызбада ядролары ішкі ядролы қабатта орналасқан, өсінділері шектеушілік мембрана түзуге қатысатын жіңішке,созылыңқы келген жасушалар көрінеді. Жасушалардың қайсысы берілген қызметті атқаратынын анықтаңыз. ---*!Ұлудың А әріпімен белгіленген құрылымы-Кіреберіс сатысы *!Ұлудың Б әріпімен белгіленген құрылымы-Ұлудың жарғақтық каналы *!Ұлудың В әріпімен белгіленген құрылымы-Спиральді мүше *!Ұлудың Г әріпімен белгіленген құрылымы-Дабыл сатысы *!Ұлудың Д әріпімен белгіленген құрылымы-Спиральді ганглий |