Главная страница
Навигация по странице:

  • Ата-ана: Гульдарай Ырысмаганбетовна Қолы_______________ Ата-аналардан пікір

  • Ата-аналардан пікір

  • Астана қаласы әкімдігінің «№96 «Аяла» арнайы балабақшасы» КММ меңгерушісі К.Н.Баймусаевадан Тәрбиеші туралы пікір

  • Балабақша меңгерушісі К.Н.Баймусаева

  • Әріптес туралы пікір хат(1). ріптес туралы пікір хат Кні 01. 02. 2023 Тобы Мирас


    Скачать 19.83 Kb.
    Названиеріптес туралы пікір хат Кні 01. 02. 2023 Тобы Мирас
    Дата22.05.2023
    Размер19.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘріптес туралы пікір хат(1).docx
    ТипДокументы
    #1151703

    Әріптес туралы пікір хат

    Күні: 01.02.2023

    Тобы: Мирас

    Әріптестің аты-жөні: Сыздықова Г.Ы

    Педагогтың аты-жөні: Несипбаева С.С

    Астана қаласы №96 «Аяла» арнайы балабақшасының тәрбиеші Сандугаш Сарсеновнамен бірге жұмыс атқарып келемін. Сандугаш Сарсеновна өте білімді, тәжірибесі мол, талғамы жоғары тәрбиеші. Ұжым арасында өзін жақсы ұқсайды, тәжірибелі білікті тәрбиеші ретінде көруге болады. Әріптесімнің тарапынан педагогтармен ара қатынасының өте тығыз байланыста болғанын ғана байқаймын. Әр-бір педагогтың тілін таба біледі. Оқу іс-әрекеті мен мерекелік іс-шараларын қадағалай отырып, балаларға жол көрсетіп, тәрбиеші ретінде жұмысын көрсетіп келеді. Нағыз өз ісінің шебері деп айта аламын. Сондай-ақ Сандугаш Сарсеновна ата-аналармен де тығыз қарым-қатынаста. Соның дәлелі ретінде кез-келген іс-шараны ата-анамен бірлесіп жоғарғы деңгейде өткізетіндігін айта аламын. Сандугаш Сарсеновна жеке уақытын аямай, барлық білімін, жан дүниесін мейіріммен балабақшаға арнайды. Белгіленген жоспар бойынша ойын еркін бөліседі. Өзін білікті маман ретінде таныта алатынына сенемін. Сандугаш Сарсеновна өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол тәрбиеші ретінде танимын. Ұжымға сыйлы, өз біліктілігімен танымал бола отырып, өз ісінің маманы ретінде танимын. Сандугаш Сарсеновна педагог- модератор статусына лайық деп танимын.

    Ата-ана: Гульдарай Ырысмаганбетовна

    Қолы_______________

    Ата-аналардан пікір

    Күні: 01.02.2023 жыл

    Тобы: Мирас

    Ата-ананың аты-жөні: Жадыра Молдагулова

    Педагогтың аты-жөні: С.С.Несипбаева
    Астана қаласы №96 «Аяла» арнайы балабақшасының Мирас тобының тәрбиеленушісі менің ұлым Молдагалиев Едил. Ұлым Едил балабақшаға көтеріңкі көңіл күймен барады. Оның себебі ұлым көп нәрсені үйреніп келеді. Ертеңгіліктерге, ашық іс-әрекеттерге белсене қатысады. Балабақшадағы өткізілетін іс-шараларға қызығушылықпен атсалысады. Топтағы құрдастарымен де жақсы достық қарым-қатынас орната алды. Ұлымның бойынан көптеген оң өзгерістер байқап келемін: құрастыру, сурет салу дағдылары дамып келеді. Сонымен қатар, Сандугаш Сарсеновна ата-аналарды баланың даму ерекшеліктері, қызығушылықтары жайлы үнемі хабардар етіп, баланы үйде дамыту туралы өзінің кеңестерін беріп отырады. Сол себепті Сандугаш Сарсеновнаға үлкен алғыс білдіремін және еңбегіне тек табыс тілеймін.

    Ата-ана: Жадыра Молдагулова

    Қолы_______________

    Ата-аналардан пікір

    Күні: 01.02.2023 жыл

    Тобы: Мирас

    Ата-ананың аты-жөні: Увалитова Б.А

    Педагогтың аты-жөні: С.С.Несипбаева

    Астана қаласы №96 «Аяла» арнайы балабақшасының Мирас тобының тәрбиеленушісі менің қызым Увалитова Айлин. Қызым Айлин балабақшаға өте жақсы көңіл-күймен барады. Оның себебі, топ тәрбиешісі Сандугаш Сарсенқызы балаларды күнде құшақ жая қарсы алып, өзіне баурап алуында. Қызым балабақшаға да тез бейімделіп кетті. Сандугаш Сарсенқызының еңбегінің арқасында қызымның шығармашылық қабілеттері дамыды. Көптеген ертегілер, тақпақтар айта алады. Мерекелік шараларға да қызығушылықпен қатысады. Өзіне қызмет ету дағдылары да дами түсті.

    Сандуғаш Сәрсенкызы баланың қызығушылығы, жеке дара даму ерекшеліктері жайлы ата-аналарға үнемі хабар беріп отырады. Сонымен қатар, үй жағдайында баланы дамытуға арналған тапсырмалар мен кеңестерін аямайды.

    Осы аталғандардан Сандуғаш Сәрсенкызының балаға және ата-анаға деген қамқорлығын, өз ісінің білікті маман екенін аңғаруға болады деп ойлаймын.

    Сол себепті, Сандуғаш Сәрсенкызына ризашылығым шексіз және еңбегіне тек табыс тілеймін.
    Ата-ана: Увалитова Ботагоз
    Қолы_______________


    Астана қаласы әкімдігінің

    «№96 «Аяла» арнайы балабақшасы» КММ

    меңгерушісі К.Н.Баймусаевадан
    Тәрбиеші туралы пікір
    Несипбаева Сандугаш Сарсеновна аталған балабақшада 2021 жылдың қаңтар айынан бастап балабақша тәрбиешісі болып қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде Сандугаш Сарсеновна өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Топ тәрбиешілерімен жүргізген бірнеше ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін (Қоршаған орта, әлеуметтік дағдыдан «Су, ауа, жер»), әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөлісу бойынша жүргізген шебер-сыныптарын («Папье-маше қолдану әдістері», «Дұрыс сөйлеу дағдысын дамыту» іс-тәжірибесімен бөлісу т.с.с.) атап өтуге болады. Сандугаш Сарсеновна «Алаш өнер орталығы» Халықаралық «Жұлдызды сәт» өнер байқауына қатысып, сертификат, «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық газеті мен www.bilimainasy.kz сайтының ұйымдастыруымен өткізілген «Менің тәжірибем» байқауынан диплом иеленді. Сондай-ақ педагог өзі де кәсіби біліктілігін шыңдап жетілдіріп отырады: «Білім» қайта даярлау және біліктілік арттыру институтының 72 сағаттық «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру» оқу курсы (02.03.2022 жыл), 2022 жылдың мамыр айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ 72 сағаттық «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» курсынан өтті. «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінде «Күн, су, ауа – біздің достарымыз» тақырыбында оқу іс-әрекетінің жоспарымен бөлісті. Сандугаш Сарсеновна өте еңбекқор және жауапкершілігі зор педагог, ата-аналармен де жақсы тіл табысып, бірлесіп жұмыс жасай біледі. Ата-аналар мен әріптестері арасында зор құрметке ие.

    Сандугаш Сарсеновна мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагог-сарапшы біліктілігіне ие болуға лайықты маман.


    Балабақша меңгерушісі К.Н.Баймусаева


    написать администратору сайта