Главная страница
Навигация по странице:

  • өңіріміздің

  • азаматтарымыздың бірісіз.

  • Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге

  • Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіремін. Ізгі тілекпен

  • «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»

  • ШАҚЫРУ!

  • 28.12.2022 жыл – сағат 18.00

  • 1 сұрақ Шетел жұмыс күшін тарту туралы 28.10.2022 ж.. рметті Руслан Байанилы!


    Скачать 22.21 Kb.
    Названиерметті Руслан Байанилы!
    Дата22.05.2023
    Размер22.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 сұрақ Шетел жұмыс күшін тарту туралы 28.10.2022 ж..docx
    ТипДокументы
    #1149522

    Құрметті  Руслан Байғаниұлы!

    Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіз өңіріміздің мәдениет саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып, кәсіподақ қозғалысының жұмысын жандандырып
    жүрген жігерлі де жауапты, ақжүрек азаматтарымыздың бірісіз.

    Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайды.

    Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.
    Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілеймін. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық - қуаныш арылмасын.

    Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіремін.

    Ізгі тілекпен,

    «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»

    аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

    Бауыржан Әлтеев




    ШАҚЫРУ!
    Құрметті Бауыржан Ахметәліұлы!

    Сізді жаңа жылдық кешке жайылған салтанатты дастарханның қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

    28.12.2022 жыл – сағат 18.00

    Өтетін орны: Шымкент қаласы

    Жандосов көш. 65/2,

    «Mane» мейрамханасы

    «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы


    ШАҚЫРУ!
    Құрметті Ерғали Дәулетбекұлы!
    Сізді жаңа жылдық кешке жайылған салтанатты дастарханның қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

    *****

    28.12.2022 жыл – сағат 18.00

    Өтетін орны: Шымкент қаласы

    Жандосов көш. 65/2,

    «Mane» мейрамханасы
    «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

    Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы

    ЖАҢА 2023 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

    Жаңа 2023 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс ала келсін!

    Алдағы жыл тек оң өзгерістерімен, бақытты сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

    Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ - береке, жарқын болашаққа сенімділік тілеймін.

    Ізгі ниетпен,

    Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев

    Құрметті Сатыбалды Телағысұлы!


    Сізді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін!

    Алдағы жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, әрдайым беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!



    Ізгі ниетпен,

    Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев



    ЖАҢА 2023 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

    Жаңа 2023 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс ала келсін!

    Алдағы жыл тек оң өзгерістерімен, бақытты сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

    Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ - береке, жарқын болашаққа сенімділік тілеймін.

    Ізгі ниетпен,

    Абдрахманова Қаракөз Әсембекқызы

    қандас бауырларың!
     Жаңа 2023 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2023 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2023 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
    жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын!
    күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.

    Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

    Жаңа 2023 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

    Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!


    Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

    ЖАҢА 2023 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

    Келер жаңа 2023 жыл зор жетістіктерге қол жететін, ой - мақсаттар жүзеге асатын, арман - үміттер ақталатын Жыл болсын.

    Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ - береке, шуақты күндер тілеймін.
    Ізгі ниетпен,

    Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев

    ШАҚЫРУ!

    Құрметті Ильяс Карипұлы!

    Сізді жаңа жылдық кешке жайылған салтанатты дастарханның қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

    28.12.2022 жыл – сағат 18.00

    Өтетін орны: Шымкент қаласы

    Жандосов көш. 65/2,

    «Mane» мейрамханасы

    «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы

    ШАҚЫРУ!

    Құрметті Ерғали Дәулетбекұлы!

    Сізді жаңа жылдық кешке жайылған салтанатты дастарханның қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

    28.12.2022 жыл – сағат 18.00

    Өтетін орны: Шымкент қаласы

    Жандосов көш. 65/2,

    «Mane» мейрамханасы

    «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы

    ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҮНДЕУІНЕ ШЫМКЕНТТІК МӘСЛИХАТШЫЛАР ДА ҮН ҚОСТЫ

    Бүгін Республикалық Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің 2022 жылғы 24 желтоқсанда қабылдаған «Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен Үндеуін» қолдау және іске асыру туралы Шымкент қаласындағы отырысы өтті.

    Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, Шымкент қаласы қоғамдық Кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мәслихат депутаттары қатысты.

    Отырыстың мақсаты – былтырғы жылдың соңындағы Ақтөбе қаласында қабылданған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен Үндеуі бойынша пікіралмасу.

    Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды.

    Отырыс барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов және «Шымкент қалалық мәслихат депутаттары бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Еркін Сатқанбаев баяндама жасады.

    Бұл ретте «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы мен Сайлауалды бағдарламасындағы мәслихатшылар мен жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты басымдықтарға кеңінен тоқталды.

    «Мемлекет басшысының мәслихаттар алдына қойған «Жаңа Қазақстанның құрылысы», жергілікті халықтың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсарту жөніндегі жаңа міндеттемелері депутаттардың сайлаушылармен арадағы жұмысын қайта құру мен сайлаушылар тәртібі және мәслихатшыларды кері шақырып алу институттарын енгізуді іске асырады.

    Сонымен, жаңа жағдайда мәслихаттар мен олардың депутаттарының негізгі қызметі – өз аумағында сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды: балабақшаларды, абаттандыруды, сауда нысандарын, жолдарды, кітапханаларды, мектептерді, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеуді ұйымдастырудан көрінбек. Мысалы, алдағы уақытта елімізде көптеген әлеуметтік инфрақұрылым нысандары сайлаушылардың талабы мен жергілікті мемлекеттік бағдарламалар негізінде құрылатын болады. Дегенмен бұл өзгерістердің барлығы мәслихатшылардың белсенді азаматтарды тарта отырып тұрақты мониторинг пен бақылау жасау жауапкершілігін арттырады» деді бірлестік төрағасы.

    Сондай-ақ оның айтуынша, Жаңа Қазақстанды құру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстан қазіргі мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерін білім негізіне көшіру, ал мәслихат депутаттарының қайраткерлік рухына көшуі керек.

    Сонымен қатар, отырыс қатысушыларымен өзара пікіралмасып және бағыт-бағдарлар айқындалумен қорытындыланды.

    Отырыстың соңы арнайы марапаттар – төс белгілер мен грамоталар тапсыру мен қатысушылардың естелікке фотоға түсуімен аяқталды.


    написать администратору сайта