Главная страница

Құрсақтық қолқа. рсаты ола оны жп висцералы жне париеталы тарматары, анмен амтамасыз ету айматары


Скачать 17.08 Kb.
Названиерсаты ола оны жп висцералы жне париеталы тарматары, анмен амтамасыз ету айматары
Дата28.03.2021
Размер17.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚұрсақтық қолқа.docx
ТипДокументы
#188988

  1. Құрсақтық қолқа; оның жұп висцералық және париеталық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.


A.abdominalis кеуделік қолқаның жалғасы 12 кеуде омыртқасы 4-5 бел омыртқасы тұсында екі мықын артериясына бөлінеді.Құрсақтық қолқаның бөлінген жерінен төмен бағытта , нәзік тармақ a.sacralis mediana тармақталады.Құрсақтық қолқа ішастар артында орналасады.Оның жоғарғы бөлігінің бетінде ,оны қиып өтіп ұйқыбез денесі , екі вена v.Lienalis v.renalis sinistra орналасады. Қолқаның алдында он екі елі ішектің төменгі , одан әрі жіңішке ішек түбірінің бастауы орналасады. Құрсақтық қолқаның 2 тармағы бар : париеталды және вицералды

Құрсақтық қолқаның париеталды тармақтары:

1.төменгі көкет артериясы a.prenica inferia жұп артерия, 12 кеуде омыртқаынан басталып көкеттің сіңірлі бөлігінің төменгі бетіне бағытталады.Оң артерия төменгі қуыс вена артымен, сол-өңештің артына өтеді.Бұл артерия өз жолында тағы 3 тармаққа бөлінеді: а) алдыңғы тармақ r.anterior- a.musculophrenica-мен анастомозданады. б)артқы тармақ r.posterior - a.intercostales-пен анастомозданады. в)жоғарғы бүйрекүсті артериясы a.suprarenalis superior

2. aa.lumbalis Бел артериялары1-5 беломыртқа денелері тұсында құрсақтық қолқаның артқы қабырғасынан басталады. Бұлар 4 жұп.Олар латериалды жаққа көлденең бағытталады: олардың жоғарғы екеуі көкет аяқтарының артында, төменгі екеуі m.psoas major артында жатады.Әрбіреуі бел омыртқаның көлденең өсіндісіне барған соң артқы тармақ r.posterior береді. Барлық бел артериялары өзара жоғарғы және төменгі құрсақүсті артериялармен анастомозданады, сонымен қатар қабырғааралық артерялармен a.intercostales, мықын-бел артериясымен a.iliolumbalis ,мықын сүйектің терең айналма артериясымен a.circumglexa ilium profunda , жоғарғы бөксе артериясымен a. glutea superior анастомозданады.

3.Орталық сегізкөз артериясы a.sacralis mediana .Ол-сегізкөздің жамбастық бетінің ортасымен жоғарыдан төмен түсіп, құйымшақ денесінде аяқталады.Орталық сегізкөз артериясынан 5 бел омыртқа тұсында жұп ең төменгі бел артериясы a.lumbalis ima тармақталады,ол m.iliosoas ты қанмен қамтамасыз етеді.

Құрсақтық қолқаның вицералды тармақтары:Жұп және тақ болып бөлінеді. Жұп: а)Бүйрекүсті бездің ортаңғы артериясы arteria suprarenalis media б)бүйрек артериясы arteria renalis Тақ: а)құрсақтық сабау truncus coeliacus б)Жоғарғы шажырқай аретриясы arteria mesenteria superior г)төменгі шажырқай артериясы artreia mesenteria inferior

Бүйрекүсті бездің ортаңғы артериясы arteria suprarenalis media-a.mesenterica superior дың бастамасы қасында қолқадан басталып,gl. suprarenalis ке қарай кетеді.

Бүйрек артериясы arteria renalis-2ші бел омыртқа деңгейінде қолқадан тік бұрыш жасап шығып,көлденең бағытта бүйректің қақпаларына қарай жүреді.Әрбір бүйрек артериясы бүйрек қақпағына жетпей төменгі бүйрекүсті артериясын береді a.suprarenalis inferior береді,бүйрекүсті без паренхимасына кіріп ортаңғы және төменгі бүйрекүсті артерияларымен анастомозданады.

Тақ вицералды тармақтар:

Құрсақтық сабау (truncus coeliacus) құрсақтық қолқаның алдыңғы бетіндегі XII кеуде омыртқа тұсында ұйқы без үстінде басталады.Жуан және қысқа сабау алға бағытталып,

үш тармаққа бөлінеді:

Асқазан сол жақ артериясы (arteria gastrica sinistra)-өңештің құрсақтық бөлігіне өңештік тармақтар береді, олар кеуделік қолқаның өңештік тармағымен және асқазанды қанмен қамтамасыз ететін басқа артериялармен анастамозданады;

Бауырдың жалпы артериясы (arteria hepatica communis)-оң жаққа, алға және жоғары жүріп, бауырдың меншікті артериясына және асқазан-ұлтабар артериясына бөлінеді;

gastroomentalis sinistra), асқазанның қысқа артерияларын, ұйқыбез тармақтарын береді.

Көкбауыр артериясы (arteria lienalis)-ұйқыбездің жоғарғы жиегімен көкбауыр қақпағына бағытталып, соңғы көкбауырлық тармақтарға шашырайды. Көкбауыр артериясы асқазан-шарбылық солжақ артерия (arteria gastroomentalis sinistra), асқазанның қысқа артерияларын, ұйқыбез тармақтарын береді.


написать администратору сайта