Главная страница
Навигация по странице:

  • Мектеп директоры: Адинов М

  • С. Бейсембетлы атындаы орта мектеп мектепке дейінгі шаын орталыыменкмм


    Скачать 22 Kb.
    НазваниеС. Бейсембетлы атындаы орта мектеп мектепке дейінгі шаын орталыыменкмм
    Дата25.05.2023
    Размер22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПІКІР.docx
    ТипДокументы
    #1158378

    «С.Бейсембетұлы атындағы

    орта мектеп мектепке

    дейінгі шағын орталығымен»КММ

    физика пәні мұғалімі

    Ракымбаева Гулжанат Жаналыковна

    «Мирас» пән бірлестік жетекшісі

    Молдахынова Назымнан


    ПІКІР
    Ракымбаева Гулжанат өз мамандығына сай іс-тәжірибесі мол мұғалім. Ол кісі өз ісінің шебері, әріптестерінің арасында беделді. Өзіне тапсырып берілген жұмыстарды жоғары жауапкершілікпен орындайды. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс-әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойын және шығармашылық қабілеттерін, білу, түсіну, айтылу технологиясын  қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мұғалім әркез өз мамандығы бойынша ізденіс үстінде жүреді. Инновациялық технологияны меңгерген, сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді жиі қолданады. Оған дәлел бірлестік онкүндігінде өткен «Күш. Күштің өлшем бірлігі» атты 7 «А» сыныбымен ашық сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып оқушыларды қызықтырғанда көрдім. Оқушылар критерийлер бойынша білімдерін өздері бағалап отырды. Жаңа тақырыпты тиімді тәсілдермен жеткізе білді. Сабақ барысында көптеген тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай таңдаған. Әсіресе «ойлан, жұптас, бөліс», «сәйкестендіру», «дәлелде» айдары, тапсырмасы көз тартымды, тағы сол сияқты әдістерін жоғары деңгейде қолданып жүр. Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздерін қолдана білді. Ата-аналарымен тығыз байланыс жасайды. Мектептің қандай қоғамдық жұмысы болсын белсене араласады, ешқашан кертартпасы жоқ. Өнерлі, шығармашыл, мұғалім әріптес ретінде ешкімнен көмегін аямайды. Тәжірибесімен бөлісе біледі. Жұмысты талапқа сай жүргізеді. Жалпы мұғалім өз ісіне және педагог – сарапшы санатына лайықты деп есептеймін.

    Бірлестік жетекшісі: Молдахынова Н
    «С.Бейсембетұлы атындағы орта мектепке мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

    физика пәнінің мұғалімі

    Ракымбаева Гулжанатқа

    мектеп директоры Адинов Мараттан

    ПІКІР

    Ракымбаева Гулжанат осы мектепте физика пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Гулжанат шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген жаңашыл ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойын және шығармашылық қабілеттерін, жаңа технологияларды қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

    Облыстық физиктер мен биолог мұғалімдер ұйымдастырған «Тәжірибедегі рефлексия» семинар сабағына ат салысып, аудан атынан қатысып қайтты.

    Жұмыс барысында ізденіп, аудандық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатысады және оқушылары да түрлі байқауларға, қашықтықтан олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Яғни мұғалім өз сабағын үнемі оқушының жан дүниесін сай жоспарлап, тапсырмаларды дұрыс құруы тиіс. Оқушының іс-әрекетін сабаққа сай бағыттауы керек. Сол қасиетті әріптесімізден байқадым. Оқушымен жеке жұмыс жасауы мен балаларды өз білімімен, ақылдылығымен баурап алуы тәнті етті. Талап пен тәртіпті қатар алып жүретін ұстаз ретінде көремін.

    Ұстаз жұмыстан тыс уақыттарында оқушыларын түрлі қашықтық олимпиадаларға қатыстырып, түрлі марапаттауларға иеленуде.

    Гулжанат білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Тәрбие бағыты бойынша мектебімізде өткізілген аудандық семинарда 7 «А» сыныбымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет» атты ашық тәрбие сағатын заманауи , жаңартылған форматта ойдағыдай өткізіп, қатысушы ұстаздардың ыстық ықыласына бөленді. Сабақта қолдана білген «QR кодпен жағдаят» атты ситуациялық тапсырмалары ұтымды шыққан. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді.

    Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген, сондықтан педагог-сарапшы санатына лайықты деп есептеймін.

    Мектеп директоры: Адинов М

    «С.Бейсембетұлы атындағы орта мектебі мектепке мектепке

    дейінгі шағын орталығымен» КММ

    физика пәні мұғалімі

    Ракымбаева Гулжанатқа әріптесі

    Асқаров Бауыржаннан

    ПІКІР

    Ракымбаева Гулжанат Жаналыковна – білімді ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс-әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың логикалық ойын және шығармашылық қабілеттерін, білу, түсіну, айтылу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабағында жаңаша тәсілдерді пайдалана отырып, критериалды бағалау жүйесімен бағалап, оқушылар арасында жұмыс жүргізеді.

    Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті, әрі балаға ұғымды өткізетіні ұнайды. Сабақта әр түрлі ойындар, АКТ, көрнекіліктер арқылы өткізеді. Жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін басқа оңай жолдар, амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізеді. Мәселен, 9 «Б» сыныбымен физикадан өткен «Импульс. Импульстің сақталу заңы» атты ашық сабағында инновациялық технологияларды ұтымды пайдалан отырып, сабағын жүйелі етіп өткізді.

    Сыншы дос ретінде  оқу тәжірибесін жетілдіруге көмектесуге әзір әріптес. 
    Әрдайым қолдау көрсету арқылы  адамға  жігер-қуат берумен қатар, әділ, шынайы және адал кері байланыс ұсынып тұрады.

    Гулжанат білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Ұжымда әріптестері арасында беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген шебер ұстаз.
    Физика пәнінің мұғалімі: Асқаров Б

    «С.Бейсембетұлы атындағы орта мектебі мектепке мектепке

    дейінгі шағын орталығымен» КММ

    физика пәнінің мұғалімі

    Ракымбаева Гулжанатқа ата-ана

    Қасаболатова Нұрымжаннан

    ПІКІР
    ГулжанатЖаналыковна менің қызым Әлібек Мерейдің 5 сыныптан бері жетекшісі болып жұмыс атқарып келеді. Осы аралықта ол өзінің білімділігі мен шеберлігін көрсетті. Себебі әрбір оқушы жеке тұлға, оның жүрегіне жол таба білу өте қиын. Ол мұғалім оқушының әр пікірімен санасып, оқушының өз ойын бағалау арқылы оқушының жүрегіне жол тапты. Ата-аналармен жүргізген жиналыстары, сынып сағаттарының өзі де ерекше өтеді. Ондағы тренинг түрлері, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, ситуациялық тапсырмаларды орындату арқылы әрбір ата-ана өзіміздің баламыздың жан-жақты қырын ашуға көмектесті.

    2-тоқсандық қорытындылау ата-аналар жиналысын ерекше технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізіп, ата-аналардың жағымды ықыласына бөленді.

    12.01.2023ж күні қызымның физика сабағына қатысып, Гүлжанат Жаналыковнаның оқушыларға сабақты жеткізуі мен тапсырмаларды орындату жолында өте шебер, білікті ұстаз екенін аңғардым. Сабақтың тақырыбы: «Қатты денелердегі қысым» деп аталды. Оқушылар сабақта қысымның векторлық физикалық шама, өлшем бірлігі Паскаль екендігін толық ұғынып, формуласына есептер шығарды.

    Білім мен тәрбие егіз демекші, тәрбиесі жақсы сыныптың білімі де жоғары. Мен ата-ана ретінде айтарым, әрбір мұғалім дәл Гулжанат секілді оқушысын өз баласындай көріп оның жан дүниесіне жол тауып дұрыс бағыт-бағдар берсе, ертеңгі ұрпағымыз білімі мен тәрбиесі ұштасқан жан-жақты дамыған, өмірге құштар жеке тұлға болып қалыптасар еді деп ойлаймын.

    Ата-ана Қасаболатова Н


    написать администратору сайта