Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы медицина. Жоспары: 1. Қаңқа дәнекер тініне жалпы сипаттама. 2. Қаңқа дәнекер тінінің түрлері.

  • ҚАҢҚА ДӘНЕКЕР ТІНДЕРІ: шеміршек тіні мен сүйек тіні Шеміршек тінінің түрлері.

  • беретін эластинді талшықтар өте көп – мысалы: құлақ қалқаны). Талшықты – (жасушааралық затында бір-біріне параллель

  • Жасушалары: Хондробласттар, хондроциттер

  • Гиалинді шеміршек Гиалинді шеміршек тіні Эластинді шеміршек

  • Ескерту: Буын шеміршегінің ерекшелігі – перихондримен қапталмаған. (толығырақ 2 курста «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында қарастырылады.)

  • Изогенді топ құрамындағы хондроциттердің 3 түрі белгілі: Шеміршек тіні бойынша өздігінен талдауға қосымша сұрақтар

  • Сүйек тіні.

  • Дифферон қатары

  • Сүйек тіні

  • Ретикулофиброзды сүйек тінінде коллаген талшықтарының реттілігі жоқ (ұрықта). Ересектерде бас сүйектерінің тігістерінде болады.

  • С. Ж. Асфендияров атындаы аза лтты медицина университеті кеа Гистология кафедрасы


    Скачать 5.56 Mb.
    НазваниеС. Ж. Асфендияров атындаы аза лтты медицина университеті кеа Гистология кафедрасы
    Дата14.09.2022
    Размер5.56 Mb.
    Формат файлаppt
    Имя файлаҚаңқалық дәнекер Ñ‚Ñ–нÑ–. ПрезеÐ.ppt
    ТипДокументы
    #676090

    «С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ атындағы
    ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
    Гистология кафедрасы


    Қаңқа дәнекер тіні.


    Алматы,2020 жыл.


    Жалпы медицина.


    Жоспары:
    1. Қаңқа дәнекер тініне жалпы сипаттама.
    2. Қаңқа дәнекер тінінің түрлері.
    3. Шеміршек тіні. Түрлері. Құрылыс ерекшеліктері
    4. Сүйек тіні. Түрлері және құрылыс ерекшеліктері.
    5. Сүйек тіндерінің даму жолдары.

    Қаңқа дәнекер тіндерінің түрлерінің бір-бірлерінен айырмашылықтары жасушааралық заттарының құрылыс ерекшеліктеріне негізделген.

    Қаңқа дәнекер тіндерінің қызметтері:


    Тіректік;
    Механикалық;
    Су мен тұз алмасу;


    ҚАҢҚА ДӘНЕКЕР ТІНДЕРІ:
    шеміршек тіні
    мен
    сүйек тіні


    Шеміршек тінінің түрлері.
    Гиалинді – мөлдір, жылтыр, әйнек тәрізді деген сөзден шыққан.
    Эластинді (жасушааралық затында серпімділік қасиет
    беретін эластинді талшықтар өте көп – мысалы: құлақ қалқаны).
    Талшықты – (жасушааралық затында бір-біріне параллель
    орналасатын коллаген талшықтарының шоғырлары көптеп кездеседі мысалы: омыртқааралық дисклер).
    Шеміршек тіні жасушалар мен жасушааралық заттардан құралады.
    Жасушалары: Хондробласттар, хондроциттер

    Шеміршек тіні:


    70-80% - су, 10-15% - органикалық заттар, 4-7% - минералды тұздар.
    Құрғақ заттарының 50-70% коллаген талшықтары болып табылады.
    Құрылыс ерекшелігі: құрамындақан тамырлары болмайды, трофикасы перихондрий арқылы жүзеге асады.

    Гиалинді шеміршек


    Көгілдір түсті, әрі мөлдір болғандықтан гиалинді деп аталады.
    Жасушааралық затының құрамы:
    Негізінен протеогликандар түзеді. Оның құрамында гликозаминогликандар (80-90 %) және нәруыздар (10-20 %) бар. ГАГ-тың ішінде хондроитинсульфат басымырақ кездеседі.
    Белок молекулаларының (хондронектин) сабағына (стержень) хондроитинсульфат молекулалары байланысады. Ал протеогликандар суды байланыстыру қабілетіне ие. Сондықтан шеміршектің қысылу (сжимаемость) деңгейі төмендейді.
    Жасушааралық заттың суды сіңіру (гидрофильділігі) қасиеті – қоректік заттар мен тұздардың сіңірілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ газдар, метаболиттер де еркін диффузияға ұшырай алады. Бірақ антигендік қасиеті бар нәруыздың ірі молекулалары жасушааралық затқа өтпейді. Міне осы қасиетін медицинада шеміршек трансплантациясында жиі қолданады.


    Гиалинді шеміршек

    Гиалинді шеміршек тіні


    Эластинді шеміршек


    Эластинді шеміршек – жасушааралық затының құрамында 90 % - эластин талшығы, қалған 10 % коллаген талшықтры бар.

    ЭЛАСТИНДІ ШЕМІРШЕК

    Жасушалары:


    Хондробласттар мен прехондробласттар шеміршек қабының ішкі жасушалық қабатында орналасады. Перихондридың астында орналасатын хондробласттар пішіні созылыңқы келген жіп тәрізді. Ол шеміршектің бетіне параллель созылып жатады. Ал шеміршек тереңдеген сайын жасушалар сопақша немесе дөңгелек пішінге ауысады. Алайда хондроциттердің синтездік, секрециялық қызметтері күрт төмендеген. Олар изогенді топқа біріктіріліп, арнайы шұңқырларда орналасады. Изогенді топтың айналасын базофильді аймақ қоршайды. Бұл аймақта жасушааралық заттың құрамындағы нәруыздар мен гликозамингликандар ретсіз орналасады. Базофилды аймақта ІІ типті коллаген талшықтары иректеліп келіп изогенді топты қоршай отырып, жасушаларды механикалық әсерлерден қорғайды.
    (Жасушаларының морфологиялық құрылысын практикалық сабақта талдаймыз)
    Ескерту:
    Буын шеміршегінің ерекшелігі – перихондримен қапталмаған. (толығырақ 2 курста «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында қарастырылады.)

    Изогенді топ


    Изогенді топ құрамындағы хондроциттердің 3 түрі белгілі:

    Шеміршек тіні бойынша өздігінен талдауға қосымша сұрақтар: 1. Хондрогистогенез; 2.Шеміршектің өсу жолдары: аппозициялық және интерстициялық. Қай жасушалар қатысады. 3. Шеміршек тінінің регенерациясы (физиологиялық және жарақаттан кейінгі); 4. Шеміршек тініндегі зат алмасуды реттейтін факторлар

    Сүйек тіні.

    Сүйек тінінің жасушалары:


    остеобласт остеоцит остеокласт
    Бір-бірінен қандай айырмашылықтарды байқап тұрсыздар? Қайсысында синтездік қызмет басым?

    Дифферон қатары:


    Бағаналы
    жартылай бағаналы остеобласттар остеоциттер

    Жасушааралық затында:


    Коллаген талшығы (I және V);
    лимон қышқылы;
    коллаген емес белоктар:
    остеокальцин, сиалопротеин, остеонектин, фосфопротеиндер, протеолипидтер;
    микроэлементтер: мырыш, стронций, цинк, барий, магний т.б.

    Сүйек тіні


    Ретикулофиброзды сүйек тіні
    Пластинкалы сүйек тіні
    Сүйек тіндерінің түрлері де жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты.
    Ретикулофиброзды сүйек тінінде коллаген талшықтарының реттілігі жоқ (ұрықта). Ересектерде бас сүйектерінің тігістерінде болады.
    Ал пластинкалы (қабыршақты) сүйек тінінде коллаген талшықтары белгілі бір ретпен орналасып, пластинкалар жүйесін қалыптастырады.

    Пластинкалық сүйек тіні

    Қабыршақты сүйек тінінің құрылым бірлігі – остеон (1); қыстырма пластинкалар (2); жабысқан немесе дәнекерлеуші сызық (3);

    Сүйек тіні бойынша келесі сұрақтар қосымша дайындалуға ұсынылады: 1. Остеогистогенез (тура, тура емес); 2.Жасқа байланысты ерекшелігі;



    написать администратору сайта