Главная страница

Реферат. Ы.Алтынсарин. Саба 2 Мектеп


Скачать 256.71 Kb.
НазваниеСаба 2 Мектеп
АнкорРеферат
Дата25.10.2021
Размер256.71 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЫ.Алтынсарин.docx
ТипДокументы
#255881

Сабақ жоспары


Сабақ : №2

Мектеп:

Күні : 30.11-04.12.2020

Мұғалім:

Сынып: 8Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Тәрбиенің қайнар бұлағы

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

5.Т/Ж3.көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.


Сабақ мақсаты:

Шығармадағы кейіпкер образын ашу

Барлық оқушылар: Көркем шығарма мазмұнын біледі. Әдеби

шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Көркем шығармадағы кейіпкер портреті

мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Кейбір оқушылар: Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп.Образын толықтай аша алады.

Құндылықтарды игерту:

Шығарма арқылы оқушыларды адамгершілік пен қанаға ете білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы.Қазақ тілі.Өнер.

АКТ-ны қолдану дағдылары:




Бағалау критерийлері:

  • Әдеби шығарманың мазмұнын біледі

  • Кейіпкер образын іс-әрекетіне қарай аша алады.



Тілдік мақсаттар:

  • Шығарманы мазмұндау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыу

  • Кейіпкер бейнесін жасау барысында сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру

  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын кешенді дамыту;

Пән лексикасы және терминология:

Әңгіме,жанр,кейіпкер,портрет,образ.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Автор өмірімен таныс. Ы.Алтынсариннің шағын әңгімелерінің мазмұнын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер




Сабақтың басы
2 мин.


Қызығушылықты ояту кезеңі

Сабақтың басталуында балалардың көңіл-күйін қалыптастырамын.Ол үшін «Сарқыт беру» әдісін пайдаланамын. «Сарқыт беру» әдісі арқылы топқа бөлемін. Оқушыларға «Тойдан сарқыт» деп түрлі-түсті кәмпиттер ұсынылады. Кәмпиттердің сырты бірдей, ішінде әртүрлі түсті қағазға жазылған жылы сөздер берілген.Оқушылар өздеріне арналған жылы сөздерді оқып, жақсы көңіл-күймен түстеріне қарай екі топқа бөлініп отырады.
І топ

Еңбек

ІІ топ

Жомарт


Түрлі-түсті кәмпиттер мен қағаздар


Сабақтың ортасы

17 мин.

.




  1. тапсырма

Әңгіме мазмұнына байланысты «Джигсо» әдісі арқылы төмендегі кесетені толтыру.



Дескрпитор

Кесте толтырады

Кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды

Өз пікірлері арқылы кейіпкер образын ашады

Бағалау критерийі

«Бесбармақ» әдісі арқылы бір-бірлерін бағалайды.

  1. тапсырма

Еңбек тобы «Кластер» әдісін пайдаланып кейіпкерлер іс-әрекетіне байланысты сұрақтар құрастырады.Екінші топ қойған сұрақтарға жауап беру арқылы кейіпкер образын ашу қажет.

Дескрипторлар

Кейіпкер образына байланысты сұрақтар құрастырады

Қойылған сұрақтарға жауап береді

Бағалау критерийі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды


Сергіту сәт

«Жалғасын тап» ойыны Мақал – мәтелдердің жалғасын тапқызу.

Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай - құрмет, … ( жасына қарай – ізет )

Еңбек ердің көркі … ( Ер елдің көркі )

Еңбек етсең ерінбей, … ( Тояды қарның тіленбей)

Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )

3-тапсырма Берілген әңгіме үзінділері бойынша кейіпкер мақсатын, кейіпкер іс-әрекеті деп үшке бөліп «Қызықты кестелер» атыы кесте құрап жаз.

1)Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды.

2)Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды.

3)Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жыйып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі

елге сатып, мал етті.

4)Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс.

Кесте

Стикерлер



Сабақтың соңы

1 мин


Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Қандай ақпарат маңызды болды?

Менің жауапсыз қалған сұрағым ...........

Маған ........................ түсініксіз болды, себебі................

Менің ұсынысым............................................

Үйге тапсырма

Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша кесте.





Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




написать администратору сайта