Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Мұғалімнің аты-жөні

  • Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады

  • Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

  • Талқылауға арналған сұрақтар

  • Сабақтың барысы Кезеңдер уақыт ы

  • Қызығушылық ояту 7 минут Амандасу

  • Мағынаны тану кезеңі 33 минут ДАМЫТУ ТАПСЫРМАСЫ

  • Тірек сөз дегеніміз

  • 2-қадам.

  • Дескриптор

  • Мәтін

  • Мақаланың жанрлық ерекшелігі

  • Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс

  • 2-тапсырма

  • Соңы

  • Қосымша тапсырма Берілген сұраққа жауабын ойланып толықтырыңдар.Сұрақ

  • 5 сынып қазақ тілі. 1-сабақ. Тіл және сөйлеу.. Саба 1блім Мдениет тіл жне арыматынас Таырыбы


    Скачать 103.9 Kb.
    НазваниеСаба 1блім Мдениет тіл жне арыматынас Таырыбы
    Анкор5 сынып қазақ тіл
    Дата20.05.2022
    Размер103.9 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-сабақ. Тіл және сөйлеу..docx
    ТипДокументы
    #539666

    САБАҚ: 1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

    Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

    Мектеп: №72 мектеп-лицейі

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні: Адилбекова Ж.С.

    СЫНЫП: 5

    Қатысқандар:

    Қатыспағандар:

    Оқу мақсаты

    Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (Т/А1).

    Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату (5.О3.).

    Сабақ мақсаттары

    • Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы мәтін тақырыбын болжайды;

    • Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады.

    Бағалау критерийі

    • Тірек сөздерді анықтап, мәтіннің тақырыбын болжайды;

    • Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады.

    Оқыту деңгейі

    Тану, түсіну, талдау

    Тілдік мақсат

    Оқушылар орындай алады:

    Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты талдайды, жанрлық ерекшелігін талдайды

    Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

    Тіл ұстарту, сөйлеу құралы, лебіз, туған тіл, тіл кеңдігі, тіл тарихы, ана тілі

    Талқылауға арналған сұрақтар:

    • Неге адам баласы өз тілін «ана тілі» демей, «туған тіл» деп атайды?

    • «Ана тілін білмейтін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды» деген екен Мұхтар Әуезов. Осы оймен келісесіздер ме?

    Құндылықтарға баулу

    Мәңгілік ел, Туған тілді құрметтеу

    Пәнаралық байланыс

    Әдебиет, тарих

    Алдыңғы оқу:

    Ана тілі, маңызы

    Сабақтың барысы

    Кезеңдер
    уақыт
    ы

    Мұғалім әрекеті

    Оқушы әрекеті

    Ресурстар

    Қызығушылық ояту

    7 минут

    1. Амандасу, сыныптың сабаққа

    дайындығын қадағалау, санау арқылы топ құру, сабақ мақсатымен таныстырады

    • Берілген суреттер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасап көрелік.

    • Ана тілі туралы ойларыңды ассоциациялаңдар.




    ДЕСКРИПТОР:

    - сабақ тақырыбына болжам жасайды;

    -суреттерді бір-бірімен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді.
    Кіріспе бөлімді бекіту.

    Берілген бейнебаян арқылы ойларын жинақтайды, толықтырады.

    Оқу құралдарын дайындайды, сабақ тақырыбын, мақсатын дәптерлеріне жазады

    https://www.youtube.com/watch?v=W6lfYCpsuBo


    Мағынаны тану кезеңі

    33 минут

    ДАМЫТУ ТАПСЫРМАСЫ

    Тыңдалым тапсырмасы.

    1 тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, тірек сөздерді анықтаңдар және тақырыпты болжаңдар.

    1-қадам: «АНЫҚТАМА БҰРЫШЫНДА» берілген жаңа ұғыммен танысады;


    Тірек сөз дегеніміз – мәтіндегі ойды мағыналық тұрғыдан ұйыстырып, ашып тұратын сөз.

    Болжау, бұл – мәтінде көтерілген тақырыпты немесе мәселенің жай-күйін болжамдап пікір білдіру

    2-қадам. «БАЛЫҚ ҚАҢҚАСЫ» әдісін негізге ала отырып, мәтіннен тірек сөздерін табады, мәтіннің тақырыбынанықтайды.
    ТІРЕК СӨЗДЕР:

    Сөйлеу тілі, тіл, қарым-қатынас, тілдік амалдар, дауысталу, тіл құралы.

    Дескриптор:

    - мәтіннен тірек сөздерді анықтайды;

    - тірек сөздер негізінде мәтін тақырыбын болжайды.





    Оқылым тапсырмасы.

    2 тапсырма. Мәтінді оқып, жанрлық ерекшелігін ажыратыңдар.

    • «АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ» әдісі арқылы жанр, оның түрлері, мақала, туралы түсінік беріледі.

    Мәтін – бір тақырып төңірегінде біріккен сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды, мәнді сөйлемдер тізбегі

    МӘТІННІҢ ЖАНРЛАРЫ:

    • Мақала, репортаж, очерк, рецензия, интервью, комментарий

    • Әңгіме, повесть, роман, өлең, драма, ертегі, трагедия, комедия

    • Лекция, монография, оқулық

    • Ғылыми журнал, диссертация

    • Бұйрық, арыз, қызметтік хат

    • Хат, имейл, блог-пост, үндеу мәтіні

    • Өмірбаян, күнделік, жол жазбалары

    • Жарнама, хабарландыру, нұсқаулық

    • Дау тудыру, әңгімелесу, хабарлама, баяндама, мінберсөз

    • Сәлемдесу, үндеу тастау, сұхбат

    Мақаланың жанрлық ерекшелігі қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.


    • МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.

    1-тапсырма. Мәтінде берілген ақпараттардың дұрысын белгілеңіз.



    Сөйлемдер

    Дұрыс

    Бұрыс

    1

    Сәбидің алғашқы тіл ұстартушы ұстазы – анасы.

     

     

    2

    Кез келген тілдің тарихы, жүріп өткен жолы, даму сатылары болмайды.

     

     

    3

    Баланың ана тілін толық меңгеруі отбасынан басталады.

     

     

    2-тапсырма. Мәтінді оқып, қай жанрда жазылғанын анықтаңыз

    А) мақала

    В) әңгіме

    С) жарнама

    3-тапсырма. Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтаңыз

    А) қолданыс аясы тар лексика, жаргондар қолданады

    В) терминдер басым және белгілі бір академиктер жазады

    С) қоғамдық-әлеуметтік мәселе көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды

    4-тапсырма. Мәтінде қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселе көтерілгенін анықтаңыз

    А) ана тілді даму кезеңдері

    В) тіл тарихы

    С) сәбидің ана тілін меңгеруі

    5-тапсырма. «Публицистикалық мақала» анықтамасын табыңыз

    А) қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғаларды, дәуір тынысын көрсету мақсатында жазылады

    В) ғылыми жаңалықтар мен құбылыстарды түсіндіру мақсатында жазылады

    С) жекелеген адам ғұмырына арналып жазылады

    «Өзіңді тексер»

    1-тапсырма жауабы: 1 – дұрыс , 2 – бұрыс , 3 – дұрыс

    2-тапсырма жауабы: А

    3-тапсырма жауабы: С

    4-тапсырма жауабы: С

    5-тапсырма жауабы: А

    Дескриптор:

    • мәтінннің

    жанрын анықтайды;

    • мәтіннің

    жанрлық ерекшелігін мысалдармен дәлелдейді.






    https://ppt-online.org/375617


    Соңы 5 минут

    Кері байланыс.

    Егер бүгінгі сабағымызда төмендегі іс-әрекеттерді толық жасаған болсақ, онда алдымыздағы білім есігінің кілтін дәл тауып, аша алдық деп ойлаңыздар.

    • тірек сөздерді анықтап, мәтіннің тақырыбын болжадық;

    • мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыраттық.

     




    Қосымша тапсырма

    Берілген сұраққа жауабын ойланып толықтырыңдар.

    Сұрақ:

    Адам өзінің ана тілін өмір бойы үйренумен болады. Неге?

    Жауап үлгісі:

    1. Ана тілін ұмытпас үшін;

    2. Ел болып қалыптасу үшін








    написать администратору сайта