1. БОӨЖ. Саба 1 ОЗалыс Модулы бойынша БлшыЕТ
Скачать 17.08 Kb.
|
Сабақ № 1 «ҚОЗҒАЛЫС» Модулы бойынша «БҰЛШЫҚЕТ» ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘНЕКЕР ТІНІ. СІҢІР. КОЛЛАГЕН ТАЛШЫҒЫ. КОЛЛАГЕН ТАЛШЫҒЫНЫҢ БИОСИНТЕЗІ. ФИБРИЛЛОГЕНЕЗ Тапсырма. БОӨЖ. Ситуациялық есептер. Бұлшықет тінінің екі препараты берілген. Біреуінде қабығының астында көп ядролары бар оксифильді талшықтары көрінеді, ал екіншісінде тордың ортасында орналасқан таяқша тәрізді ядросы бар созылыңқы келген жіп тәрізді жасушалар жақсы көрінеді. Бұл қандай бұлшық ет тіні? Бұлшық ет тіндерінің түрлерін анықтаңыз: а) препарат гематоксилин-эозинмен боялған, оксифильді талшықтары жақсы көрінеді, көптеген ядролары мен талшықтары сарколемманың астында орналасады. б) препарат гематоксилин-эозинмен боялғанда саркоплазмасы оксифильді боялады. Бірақ ядросы ортасында орналасқан және функционалды талшықтары сегменттерге бөлінген. (жасуша) Көлденең жолақты бұлшықет тінінің микросуретінде мыналар байқалады: жіңішке миофиламенттері А-дискісіне еніп орналасатыны сонша, саркомердің I-дискісі тіпті байқалмайды. Екінші микросуретте керісінше I-дискісі анық көрінеді. Екі микросуреттегі бұлшық ет талшықтарының функционалды жағдайын түсіндіріңіз. Ет тінінің регенерациясын көрсететін екі препарат берілген. Біреуінде түтікше тәрізді созылыңқы құрылымдар көрінеді. Олардың ортасында бірнеше ядро тізбектеліп орналасады, ал екіншісінде фибробласттарға ұқсайтын жасушалардың жиынтығы анықталған. Қай препаратта көлденең жолақты бұлшықет тінінің регенерациясы көрсетілген? Қаңқа бұлшықет тінінің «триадасы» не екенін түсіндірген кезде, студент триаданың бір Т-түтікшеден және күңгірт және ашық дискілер арасындағы екі шекара сызығынан тұратындығын айтты. Студенттің жауабы дұрыс па? бұрыс па? Түсіндіріңіз. Ситуациялық есептер. 1.Дәнекер тінінің екі препараты берілген. Екі препаратта да коллаген талшықтарының будаларының көптігімен және негізгі затының аздығымен ерекшеленеді. Бірақ бірінші препараттағы коллаген талшықтары бір-біріне параллель орналасқан, ал екіншісінде әртүрлі бағытта орналасады. Осы тіндердің атын атаңыздар. Олардың кездесетін жерлерін атаңыз. Қандай қызмет атқарады? Терінің дерма қабатының емізікті және торлы қабаттарының құрылыстары әртүрлі. Осы қабаттарды түзетін тіндерді атаңыздар. Осы тіндерге қысқаша сипаттама беріңіздер. Қызметтерін атаңыздар. Дәнекер тіні берілген,оның құрамында тығыз бір бағытта орналасқан талшықтар мен аздаған жасушалық элементтері мен оның арасындағы негізгі заты бар. Дәнекер тінінің қай түрі берілген? Қай жерлерде кездеседі? Атқаратын қызметтерін атаңыздар. |