|
6кл. Саба 11 Мектеп Мамлют аза мектепинтернаты
Сабақ № 11
| Мектеп: Мамлют қазақ мектеп-интернаты
| Күні: 15.09.2022
| Мұғалімнің аты-жөні: Әшірбаева Г.Қ.
| Сынып: 6
| Қатысқан оқушы саны:
| Қатыспаған оқушы саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;
| Сабақтың мақсаты:
| Тура пропорционал шамалар анықтамасын білу, тура пропорционалдыққа мысалдар келтіру, есептер шығару; Тура пропорционалдықты дәлелдеу, қасиетін талдау; Математикалық тілде тұжырымдау.
| Сабақ барысы
| Сабақтың кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басы
5 минут
| Ұйымдастыру сәті
Жүректен-жүрекке» оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, жылы лебіздер айту.
« Қима қағаздар» Қима қағаз таңдату арқылы топқа бөлу.
«Ыстық орындық» әдісін оқушылардың өткен сабақта не білгенін, нені үйренгендігін білу мақсатында қолданамын.
Екі санның бөліндісі қалай аталады? Екі санның қатынасы қалай аталады? Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? Пропорцияның негізгі қасиеті қандай? 2*3 қатынас бола ма?
12/4=9/х х – ті тап.
| Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
«Ыстық орындық» әдісін оқушылардың өткен сабақта не білгенін, нені үйренгендігін білу
|
| Психологиялық ахуал.
| Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
| «Детектив» әдісі арқылы оқушылар екі топқа бөлініп, тура пропорционалдық тақырыбы бойынша мәлімет жинақтайды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушылар осы мәтінді толық меңгеріп, негізгі түйінін табады. Талқыланған ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
Анықтама: Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде), екіншісі сонша есе артса (кемісе), онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.
Тура пропорционалдықты әріптермен жазсақ:
немесе
Тура пропорционал екі шаманың біреуінің мәндерінің қатынасы екіншісінің сәйкес мәндерінің қатынасына тең. Мысалы, тура пропорционал шамалар:
Заттың бағасы тұрақты болғандағы оның құны мен мөлшері(массасы, ұзындығы, саны); Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт; Квадраттың қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі; Затың көлемі мен массасы.
Мысалы, x-дәптер саны, у-құны. Кестедегі бос орындарды толықтыр.
x
| 3
| 4
| 6
| 8
| 9
| 12
| 15
| y
| 12
| 16
| 24
| 32
| 36
| 48
| 60
| Дәптер саны мен құны арасындағы тәуелділік тура пропорционал бола ма? (ия,жоқ) Жылдамдық тұрақты болғанда жол мен уақыт тура пропорционал шамалар бола ма? (ия,жоқ)
|
|
| Үлестірмелі қағаздар
6-сынып математика оқулығы,
карточка
| Оқулықпен жұмыс
25 минут
| (Ж) Тапсырма 1
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы әрбір оқушы жеке жұмыс жасай отырып өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөлісу.
Тура пропорционал шама болатынын дәлелде. 45 кг таңқурайдан 30 кг таңқурай тосабы шығады, 80 кг алмадан қанша кг тосап шығады?
(Т) Тапсырма 2
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы сыныпта оқушылар бір – біріне сұрақтар «лақтыру»арқылы тақырыптың түсіну деңгейін арттыру.
Жүк пойызы 80км/сағ жылдамдықпен 720км жол жүрді. Осы уақытта жылдамдығы 60км/сағ жүрдек пойызы қанша жол жүреді?
(Т) Тапсырма 3
«Паб куиз» әдісі арқылы әр топ тапсырмаға байланысты сұрақтар дайындау. Оқушылар шеңбер құра отырып, бір - бірімен кезекпен сұрақтарын қойып, жауап беру.
Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін, ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз.
Жанармай түрі
| 1л жанармайдың бағасы (теңге)
| 100км.ге жұмсалатын жанармай (литр)
| 1 тәулікке жалға алу бағасы (теңге)
| Дизель
| 108
| 5
| 19500
| Бензин
| 125
| 11
| 18500
| Газ
| 55
| 16
| 19000
| Шешуі:
Жанармай түрі
| 200км.ге жұмсалатын жанармай бағасы,тг
| 2 тәулікке жалға алу бағасы,тг
| Барлық төлем, тг
| Дизель
| 1080
| 39000
| 40080
| Бензин
| 2750
| 37000
| 39750
| Газ
| 1760
| 38000
| 39760
|
| Дескриптор:
тура пропорционал болатынын анықтау; пропорцияның қасиетін қолданып шешу.
Дескриптор:
есептің қысқаша шартын жазу; пропорционал қасиетін қолданып, есепті шығару.
Дескриптор:
2 күнге жүретін жолды анықтайды; жанармай түріне байланысты барлық төлемді есептейді; жанармайдың ең арзан түрін анықтайды; қанша ақша төлегенін табады.
| ҚБ«Бас бармақ» тәсілі арқылы өз-өзін бағалайды
ҚБ бутерброд»әдісі
ҚБ «бағдаршам» тәсілі
| Топтық тапсырмалар.
| Соңы
5 минут
| Сабақты бекіту Рефлексия
Үйге тапсырма:
| Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.
|
|
| Кері байланыс
| Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
| Оқушыларға
«Жетістік сатысы» әдісі кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
| «СМС»
| Кері байланыс парағы.
|
|
|
|