БОЖ. Саба 3 Таырыбы Транспорт жарааты Биіктіктен лаандаы жараат Масаты
Скачать 18.29 Kb.
|
Сабақ № 3 Тақырыбы: Транспорт жарақаты Биіктіктен құлағандағы жарақат Мақсаты: Көлік жарақаттарынан болған өлім көп кездесетін болғандықтан тақырыптың маңыздылығы зор. Бұл тақырып автокөліктің құлап түскендегі және екі автокөліктің арасында қысып қалғандағы жағдайларды автокөлік қағып кеткен жағдайда пайда болатын жарақаттардың мәнжайын анықтайды. әуетранспортынан болатын жарақаттар және теміржол жарақаты каралып, суреттеледі. Тапсырмалар: а) адамның жүріп бара жатқан автокөлік соқтығысынан болатын жарақаттардың сипаттамасын; б) автомобиль доңғалағымен басып өткендегі жарақаттар сипаттамасын; в) автомобиль доңғалағымен басып өткендегі жарақаттар сипаттамасын; г) жүріп бара жатқан автомобильден құлап түскендегі жарақаттар; д) теміржол көліктерінен және әуекөліктерінен пайда болатын жарақаттардың ерекшеліктері; е) көлік жарақаттарынан өлген адам мәйітін оқиға болған жерде қараудың айырмашылықтары. а) көлік жарақаттарынан болған мәйітті дұрыс зерттеу Орындау түрі: презентация. Презентация құрастыру талаптары: а) презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастырылады; б) слайдтар саны 10-15 тал; в) презентация слайдтарына үлкен мәтіндер жазуға болмайды, жеңіл қабылданатын және сауатты жасалынуы қажет; г) соңғы слайдта библиография көрсетілуі қажет. Тапсыру мерзімдері: 1-ші аралық бақылауға дейін. Бағалау критерийлері: 100 балдық жүйесімен бағаланады.
Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер жєне т.б.) - көлік жарақаттарының дифференциалды диагностикасы. - жүріп бара жатқан автомобилмен адам қақтығысқан жағдайда қандай жарақаттар пайда болуы мүмкін: - автомобиль доңғалақтарымен адам денесін басып өткенде пайда болатын жарақаттардың сипаты; - автомобилдің ішкі бөліктерінің жолаушы мен жүргізушіге әсер етуінен пайда болатын жарақаттардың сипаты; - автокөліктен құлап түскендегі пайда болатын жарақаттардың сипаты; - бампер сынықтың пайда болу механизмі; - теміржол көліктерінің және әуе көліктерінің әсерінен болатын жарақаттардың ерекшеліктері. Әдебиет 1. Негізгі әдебиеттер /оқулықтар/. Қазақ тілінде: 1. Сот медицинасы. 2017ж. Ю.И.Пиголкин., Ауд. Д.М.Шабдарбаева Қосымша оқулықтар: 1. Дәрістер жинағы. Сот медицинасы. 2011ж А. Жетпісбаев, Г. Ж. Османова Медициналық сайттар: 1. Ғылыми электрондық кітапхана -http://rmebrk.kz/ 2. Медициналық ғылым порталы - http://medical-science.ru/ 3. Орталық ғылыми медициналық кітапхана - http://www.scsml.rssi.ru/ |