Главная страница

Еңбек ер атандырады. Саба аза тілі мен дебиеті (оыту аза тілінде емес)


Скачать 45.92 Kb.
НазваниеСаба аза тілі мен дебиеті (оыту аза тілінде емес)
Дата29.04.2023
Размер45.92 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕңбек ер атандырады.docx
ТипДокументы
#1097174

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)

Мектеп: «Тағылым» жекеменшік орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бимурзина Н.Е.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Еңбек ер атандырады

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасайды, мазмұнынын дамуын салыстырады және талдайды;

Көбі етістіктің бұйрық рай қызыметін біледі;

Кейбірі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен нақты ақпараттарды табады,

еңбектің маңызы жайлы айтады




Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:от жағушы, шабарман, аз-маз қаржы, кейіпкерлер, күнкөріс, тиын-тебен, құптамаған, сазайын тартқызған.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: жина, кел

Осыған дейін меңгерілген білім

Еңбек ету туралы өз ойын айтады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың бастапқы білімін анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы
3 минут

2 минут

2 минут
2 минут


5 минут


2 минут

10 минут

2 минут

Мәтінсоңы жұмыс.


6 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.«Алма, апельсин,банан»тренингі. Оқушылар ортаға шығады, шеңберге тұрып қолдарын бір-бірінің иығына қояды. Мұғалім алма деген кезде алға қарай секіреді.апельсинндесе артқа секіреді, банан секіріп бұрылады.

Үй тапсырмасын тексеру. 10-тапсырма 102 бет.
Тақырыпты болжап көріңіз.

Қызығушылық ояту.«Галерея» тәсілін қолданып, интербелсенді тақтаға еңбек тақырыбына байланысты суреттерді көрсетемін, ой шақыру сұрақтарын қоямын. Бұл суреттерде кім бейнеленген? Не бейнеленген? Бұл екі суреттің қандай ұқсастығы бар?
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазыңыздар.

Оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
Мәтіналды жұмыс. Интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту, оқу, оқушыларға оқыту, сөз тіркесін құрастыру, сөйлем құрастыру.
Мәтінмен жұмыс.Ол үшін қазір топқа бөлінеміз.Мақалдың жалғасын тап. 1. Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.

2. Еңбегіне қарай – өнбегі.

1-топ. Гарланд Сандерс

2-топ. Уолт Дисней
1-мәтін

Гарланд Сандерс

Қазіргі кезде түрлі фаст-фуд жүйелері өте көп. Соның бірі – KFС-дің негізін қалаушы Гарланд Сандерс жас кезінде от жағушы, кондуктор, шабарман болып істеген. Гарланд 6 жасқа толғанда әкесі қайтыс болады. Осы кезден бастап, үй шаруасы кішкентай баланың мойнына артылады. Тіпті анасы жоқ кезде тамақ жасап қоятын. Қырыққа жақын­дап қалған шағында аз-маз қаржы жинап, клиенттерге арналған асханасы бар авто­жөндеу шеберханасын ашады. Уақыт өте келе асхананың атағы шығып, Сандерс тамағының дәмін татқысы келетіндердің қатары күннен-күнге көбейе берді. «Kentucky Fried Chicken», яғни «Кентуккидің қуырылған балапаны» деп аталған жедел ас жүйесінің негізін қалаушы 65 жасында өз ресторанының франшизасын сата бастады.
2-мәтін

Уолт Дисней

Әлемнің барлық балалары сүйіп көретін Микки Маус пен Дональд Дак, одан басқа 200-ден аса кейіпкерлердің әкесі, мультипликатор Уолт Дисней кедей отбасында дүниеге келген. Күнкөріс қамымен көшіп-қонып жүрген отбасына көмектесу үшін Уолт еңбекке жастайынан араласады. Күнделікті газет таратып, әкесіне көмектеседі, түнде әке-шешесінен жасырып, түрлі сурет пен комикстер салып, тиын-тебенге көршілеріне сатқан. Бұл оның ең сүйікті ісі еді. Алайда баласының қызығу­шылығын құптамаған әкесі оның қайдағы бір суреттерді салумен уақытын босқа өткізгені үшін сазайын тартқызған кездері аз болмаған.

Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды

орындайды.

Дескриптор:

-мәтіннен қажет ақпаратты алады;

-қорғау кезінде жаңа сөздерді қолданады;

-қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау.«Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады.
-Балалар, бұл әйгілі адамдар Гарланд Сандерс, Уолт Дисней

шетелдіктер. Қазақстанда да әйгілі және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған тұлғалар да бар. Ендеше келесі тапсырма . Диаграмманы толтыр,

  1. топ. Ұялы телефон керек, ғаламтор желісіне қосылған. «Қазақстанның Еңбек Ері».

  2. 2-топ. Өз өлкемізде еңбегімен елге танылған тұлғалар туралы.

Дескриптор:

- Еңбек Ерлері туралы баяндайды;

- қазақ тілінің тән дыбыстарына көңіл бөледі.
-

\\\\\\\

\\\

Оқушыларға тақырып



Оқулық, суреттер,ғаламтор ресурстары, интербелсенді тақта.

https://baq.kz/news/alem/zhokshilik-korgen-millionerler


А4 қағазы, маркерлер

Сабақтың соңы
3 минут

2 минут
1 минут


Кері байланыс.

Сұрақтар салоны Текше-әр бұрышы нөмірленген.

  1. Бұйрық райдың жіктелу үлгісі бойынша «бар» етістігін жікте.

  2. «кочегар», «курьер» сөзінің қазақша аудармасы

  3. Гарланд Сандерс жас кезінде кім болып жұмыс істеген?

  4. Уолт Дисней қандай отбасында дүниеге келген?

  5. Аққулы ауданының еңбегімен елге танылған тұлғаларды ата.

  6. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғаларды ата.

«Білездік» арқылы өз-өзін бағалау

Үйге тапсырма.7-тапсырма 107 бет




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Франшиза – қандай да бір, атағы бар брендті, заңды түрде өндіруге немесе сол сияқты мақсаттарда қолдануға рұқсат алу. Мысалы Doner – ді кез-келген ірі, тіпті шағын қалалардан да кездестіруге болады, бірақ ол басқа елге, қателеспесем Америкалық бренд, дегенмен кез-келген қалада ашуға болады, яғни солардың логотипін, ас дайындау мәзірін, тағы да атын пайдаланып. Бұл дегеніміз франшиза деп аталады.
Комикс – ағылшын тілінде comic – күлкілі деген мағына береді. Комикс – суретпен салынған хикая. 



написать администратору сайта