Главная страница

2 12 баяндама. Саба босату, оушыны ауырып алуы, т б


Скачать 16.88 Kb.
НазваниеСаба босату, оушыны ауырып алуы, т б
Дата19.12.2021
Размер16.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 12 баяндама.docx
ТипДокументы
#309441

Үлгерімі төмен оқушы – бұл әр мектептің өзекті проблемасының бірі болып саналады. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс- бұл мұғалімнің үлкен басым міндеттерінің бірі. Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, қабілеттері әртүрлі екенін көріп жүрміз. Мысалы: біреуі сезімтал, біреуі самарқау; айтқанды қиын қабылдайды, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта аз да болса сабаққа ынтасы төмен, үлгермейтін оқушылар кездеседі. Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу – мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Оқушылармен жеке жұмыс істеу, оқытудың неғұрлым күрделі түрі.Ол мұғалімнен көп ойлауды, ізденуді, сабаққа шығармашылықпен қарауды, оқушының жан – жақты білуін талап етеді. Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдаланады, оқушылардың оған белсенділігін арттырады. Сабақты дидактикалық материалды пайдаланып жүргізу жеке жұмыстарда да көрнекіліктер пайдалануға көмектеседі.

Өз тәжірибемде де оқуға үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оларды зерттеп, мынандай жұмыс жасалынады. Алдымен үлгермеушіліктің негізгі себептері анықталып, оны болдырмаудың әдістері мен түрлерін іздестіру; оқушының оқу үлгеріміне әсер ететін жағдайларды анықтау; үлгірімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың технологиялық картасын (жеке оқушымен жұмыс) дайындау.

Сабаққа үлгермеудің себебі көп. Үлгермеушілік көбіне сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Үлгемеушіліктің негізгі себептері мыналар:

  • жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісі дәрежеде талап етпеуі

  • сабақ босату, оқушының ауырып қалуы, т.б.

  • отбасындағы сәтсіздік;балаға талап қою бірлігінің жоқтығы;

  • білім алуға баланың дайындығының жоқтығы;

  • баланың жалпы дамуының жетілмеуінен, аурушаңдығынан

  • Үлгерімі төмен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысының көз-қарасы бойынша үш категорияға бөлуге болады.

  • 1. Барлық пәндерден үлгермейтін оқушылар

  • 2. Негігі пәндерден ұзақ уақыт үлгермейтін оқушылар.

  • 3. Кей кездерде үлгермейтін оқушылар

Мен, мектепте 79 білім алушыға тарих пәнінен сабақ беремін. Барлығы бірдей тарих пәнінен үлгереді деп айта алмаймын. Әр сыныптан кем дегенде 2-3 оқушыны үлгерімі төмен. Мысалға, 7 сыныпта тарих пәнінен үлгірімі төмен оқушылар саны -4 (Асылжан, Әділ, Жасұлан, Тоғжан). Төтеуінің де сыныптағы, достарының ортасындағы, отбасы жағдайымен таныспын. Төртеуіне де отбасында білім алуына толықтай жағдай жасалған. Бұлардағы үлгермеудің негізгі себептері: сабақтан қалаған уақытында қала салу,бос уақыттарында интернет желісінде ұзақ отыру, үнемі ауырып қалдым деген сылтаулары көп. Сабаққа келген күндері сабақ барысында үй тапсырмасына дайын келмеулерімен қатар, сол сәтте өтіліп жатқан тақырыпқа назар аудармаулары да кездеседі. Билығы оқу жылында Тоғжанда ілгерілеушілік байқалады, оған себеп үйіндегі оқушымен қатарласа оқуы, яғни сол оқушы арқылы сабаққа қызығушылығы артып келе жатыр. Десек те, сабақ барысында ынтасы төмен. Осы оқушылармен жұмыс жасау барысында үнемі ауызша А деңгейіндегі сұрақтарды қоямын. Мұғалімнің, кейде достарының көмегімен жауап қайтарып отырады. Ауызша түіснідргенді, айтқанды ұмытып қалмасын деп, кейде тақырыптың негізгі өзекті жерлерін дәптеріне көшіртіп, соны оқытып, мазмұнын сұраймын.

Үлгерімі төмен оқушыларға жұмыстардың мақсаты – ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі, ойлау қабілетінің дамуы. Оқуға ынталы алғыр балалардың жолдастық көмегін үнемі ұйымдастырып отырамын. Жеке дара оқыту – жұмыстың неғұрлым қиын түрі. Ол мұғалімнен ойланып істеуді, сабаққа шығармашылықпен қарауды, өз оқушыларын жақсы білуіді талап етеді. Үлгерімі төмен оқушылардан жиі – жиі сұрап, сабақ үстінде оларға барынша мүмкіндік тудыру керек. Ол үшін берілетін білімді түсіндіріп айту, ойландыру, сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру және жолдастарының әкелген дұрыс жауаптарын жиі қайталап, өз қателерін түзетіп отыру қажет. Сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру керек.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын-алу жұмыстары көп уақытты, ынта жігерді қажет етеді. Денсаулығы дұрыс кез-келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Мұғалімдер сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасау қажет. Оқудағы үлгермеудің түрлі себептері бар, сондықтан ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық сипатына байланысты үлгермеушіліктің арнайы түрлері айқындалған. Үлгермеудің бастапқы түрі балада ерте жасынан, тіпті мектепке дейін басталады. Екіншісі баланың кіші мектеп жасынан тұрақты байқалады. Үшінші түрі бастауыш сатыдан орта буынға өту кезінде көрінеді. Үлгермеушілік кейде аяқ астынан басталса, кейде баяу, біртіндеп басталады. Мұғалім өзгерісті ерте байқап, баламен жұмыс кезінде жеке тәсілдерді қолданса, алдын алуға болады.


написать администратору сайта