Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4 бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары
| Мектеп: "Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп"
|
Күні: 3-тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Интина Малика
|
Сынып: 8
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Алгоритм трассировкасы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 8.3.2.1 Алгоритм трассировкасын жүзеге асыру.
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар:
Алгоритм трассировкасын жүзеге асырады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Алгоритм трассировкасын жолдарын көрсетеді.
Кейбір окушылар:
Алгоритм трассировкасын жолдарын анықтап,кез-келген трассировка кестесін жасайды.
|
Бағалау критерийі
| Білім алушы
• Есепті шешу трассировкасын орындайды.
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды.
Кез келген трассировка кестесін жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
| Алгоритмдік блок-сызба арқылы модельдейді.
Трассировка –трассировка-Tracing Трассировка кестесі-таблица трассировки-Trace Table.
|
Құндылықтарға баулу
| Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, сын тұрғысынан ойлау ,өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
| Математика, ағылшын тілі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
|
Сабақтың басы 3минут
| Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды ахуал орнату.
Өткен тақырыпты қайталау.
1.Алғышартты цикл деген не?
2.ZKLOH сөзі қалай аударылады?
3.алғышартты циклінің жазылуы қандай?
4.Шарт жалған болған жағдайда цикл денесі қанша реторындалады?
5.Алғышартты циклін қандай жағдайда пайдаланған дұрыс?
|
|
Жаңа білім
Білу
10 минут
| Берілген анықтамаларды оқып алады.
1. Алгоритм трассировкасы дегеніміз не?
2. Қолмен жасалатын трассировка дегеніміз не?
3. Трассировка кестесі дегеніміз не ?
«Жариялау» әдісі
Қалаған оқушы берілген сұрақтар бойынша 5 минут жауап береді.
Алгоритмнің дұрыстығын тексеру үшін оны программалау тіліне аудару немесе компьютерде орындап көру міндетті емес. Алгоритмді адам өз қолымен, трассировка көмегімен тексере алады.
Трассировка –алгоритмін жұмыс істеу қабілетін тексеру, қателерін іздеу және т.б. үшін қолданылатын програманы қадам-қадаммен орындау.
Трассировканы қолмен жүргізу арқылы,адам алгоритнің әрбір командасын орындап,оны трассировка кестесін енгізе отырып,процессор жұмысын модельдейді. Қолмен жасалатын трассировка-трассировка кестесін толтыру.Трассировка кестесі-алгоритмді орындаудағы процессор жұмысының моделі.
|
Оқулық 142-144б Смайлик
|
| 1 тапсырма
«Компьютерде орындайық»
1.Екінші мысалда блок-сызбамен берілген есептің программасын құрыңдар.
2.128 және 56 сандарының ЕҮОБ табатын Евклид алгоритмінің трассировкасын орындаңдар. Дескриптор:
1.Блок-схемадан есептің программасын құра алады
2.Трассировка кестесін қолдана алады. 2 тапсырма
Берілген екі саннан үлкенін анықтау. Мысалы, егер А=5, ȼ=8, он да С=8 болу керек.
|
|
Сабақты бекіту Кері байланыс
Үйге тапсырма
| Білгеніңді жинап, дәптерге жаз.(жеке жұмыс)
Алгоритм трассировкасының есептің блок-сызба түрінде берілген формасынан артықшылығын анықтаңдар.
Бағалау, қортындылау,
кері байланыс: сабақ жайлы жақсы жаман пікірлер жазады?
Кімде қосымша ерекше тілектер бар?
§24 Алгоритм трассировкасы
Есептің кестелік көрінісінен есептің берілгенін анықтап, визуалды алгоритмін жасаңдар.
| Жеке жұмыс
Электронный почталары арқылы мұғалімге өз ойларын жазып жібереді.
|
h