Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ мақсаты

  • Сабақтың көрнекілігі

  • Дәрістің қысқаша мазмұны

  • Үй жұмысы

  • инвестициялық саясат. сабақ жоспары 1. Саба жоспары Тобы а2018 Пні


    Скачать 86 Kb.
    НазваниеСаба жоспары Тобы а2018 Пні
    Анкоринвестициялық саясат
    Дата04.02.2021
    Размер86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласабақ жоспары 1.docx
    ТипДокументы
    #173922

    Сабақ жоспары

    Тобы: А-2018

    Пәні: Тамақтандыру кәсіпорындарының экономикасы

    Сабақ тақырыбы: Жұмыс уақытының мәні мен ұзақтығы

    Сабақ мақсаты:

    а) Білімділік жұмыс уақыты түсінігі мен ұзақтығымен таныстыру;

    ә) Дамытушылық: студенттердің рухани ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

    б) тәрбиелік: студенттерді әсемділікке, әдептілікке, икемділікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: жаңа сабақ

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қызығушылықтарын ояту, үйрету, орындату.

    Сабақтың көрнекілігі:  лекция,оқулықтар, видеоматериалдар, презентациялар


    Сабақтың барысы:

    Жаңа сабақ түсіндіру

    жоспары:

    1. Өндірістік қор туралы түсінік. НҚ топтастыру және құрылымы

    2. НҚ есепке алу және бағалау түрі. НҚ физикалық және моральдық тозуы. НҚ амортизациясы. Амортизациялық аударымдар шамасын есептеу әдістері

    3. НҚ пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері – жалпылаушы және жеке. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімдіпайдалану жолдары мен факторлары

     

    Дәрістің қысқаша мазмұны:

    Өндірістік қор туралы түсінік. НҚ топтастыру және құрылымы

    Өндірістік процесті жүзеге асыру үшін екі фактордың - өндіріс құралдарының  және  жұмыс күшінің өзара әрекеттесуіқажет.

    Өндіріс құралдары олардың көмегімен адам табиғат күшінің  қатынас-тарына әсер ететін «еңбек құралдарына» (машиналар, жабдықтар, ғимараттар және т.б.) және оларға адамның  мақсатқа сәйкес қызметі бағытталған «еңбекзаттарына» (шикізат, материалдар) бөлінеді. Ақша түріндегі өндіріс құралдары  өндірістік қорлар деп аталады.

    Өндірістік қорлар "негізгі" және "айналымдық­" болып бөлінеді. Осы бөлудің негізінде жұмыс істеудегі, құнды дайынөнімге ауыстыру тәсілдерін-дегі және ұдайы өндіріс  сипатындағы айырмашылық жатыр.

    Қорлардың (НҚ) айналымдық қордан басты ерекшелігі келесіден тұрады:

    1. НҚ құрайтын элементтер, жасалатын өнімге заттық түрде кірмейді. НҚ олардың заттық элементтерініңқұраушылары толық тозғанға дейін  бірқатар өндірістік циклдерге қатысады. Ал айналымдық қорлар  толығымен бірөндірістік циклдің шеңберінде тұтынылады және оның «табиғи құрамына» кіріп,  дайын  өнімге айналады;

    2.  НҚ құны жасалатын өнімнің құнына  бөлікпен заттық элементтердің  тозу шамасына қарай кіреді, ал айналымдыққорлар  өз құнын бір өндірістік цикл бойында толығымен ауыстырады;

    3. өнімді өткізген соң НҚ құны олардың тозғандығының нормативтік деңгейіне сәйкес келетін бөлігінде қайтарылады. Осының салдарынан НҚ олардың барлық құны өнімге бөлікпен өткенде және "амортизациялық қор" түрінде жинақталғандатолығымен ауыстырылуы мүмкін. Ал тұтынылған айналымдық қорлардың құны өнім өткізілгенде бірден қайтарылады, бұл   оларды  өндірістің жаңа циклі үшін сатып алуға мүмкіндік береді.

    Негізгі қорлар өзінің табиғи (заттық) құрамы бойынша біртексіз және  өндірістік процесте әр түрлі функциялардыорындайтын, "активті" және "пассивті" еңбек құралдарынан тұрады. Еңбек заттарына (машиналарға, агрегаттарға) тікелейәсер ететін еңбек құралдарының бір бөлігін  активті НҚ деп атау қабылданған. Ал НҚ қалған бөлігі (үймереттер, жолдар, беріліс құрылғылары), өндірістік процестің қалыпты ағымын қамтамасыз етеді,   "пассивті" НҚ-ға жатады. 

    Өндіріс процесіндегі ролі бойынша НҚ "өндірістік" және "өндірістік емес" болып бөлінеді. Өндірістік НҚ еңбекқұралдары жатады, олар не өндірістік процеске қатысады, не оның жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады (өндірістік  үймереттер, ғимараттар, көлік құралдары және т.б.).

    Өндірістік емес НҚ  өндірістік процеске қатыспайтын және өндірістік емес тұтынылатын мақсаттар үшінтағайындалған қорлар (тұрғын үйлер, амбулаториялар, демалыс үйлері) жатады.

    Тиесілігі бойынша НҚ меншікті және жалданған болып бөлінеді. Меншіктіден ерекшелігінде жалданған НҚ берілгенкәсіпорында амортиза-ция мен  тозуды есептемей, "баланстан тыс" есепке алынады.

    Технологиялық функциялардың  орындалуына және өндірістік процестегі роліне байланысты еңбек құралдарыныңбарлық жиынтығы  бірнеше  түрлік топтарға бөлінеді:

    1 - үймереттер – бұл топқа негізгі, қосымша, қызмет көрсетуші цехтардың үймереттері, деполар, өнеркәсіптіккәсіпорын гараждары, конс­трукторлық бюролар  кіреді;    

    2 - ғимараттар – бұл топқа  жер асты  және ашық  тау қазбалары,  мұнай және газ ұңғымалары, түтін құбырлары жәнежеке іргетастардағы  су арынды  мұнаралар, кәсіпорын көлігінің  барлық түрлеріне арналған жолдар, бөгеттер, плотиналар, каналдар кіреді;

    3 – берілістік құрылғылар – оларға өнеркәсіп ішіндегі мұнай және газ құбырлары, су таратушы құрылғылар, электрберілісі және байланыс ғимараттары, канализация құрылғылары жатады;

    4 – машиналар мен жабдықтар – бұл  көмір комбайндары, химиялық ап­паратура, станоктар, балғалар, престер, көтергіш-тасымал жабдықтары, энер-гетикалық газ құбыры қондырғылары, компрессорлар, есептеуіш техника, технологиялық процестерді бақылау, реттеу  аспаптары және т.б.;

    5 – көлік құралдарына кәсіпорын балансында тұрған, барлық  қозғалатын құралдар кіреді: теміржол, су көлігі, жылжымалы құрам, кәсіпорын ішіндегі көлік (вагонеткалар, автомобильдер, тартқыштар, т.б);

    6 – құрал-сайман, өндірістік және шаруашылық керек-жарақ - барлық түрдегі механикаландырылған және қол құрал-саймандары, кескіш, соққы-лық, мүмкін болатын барлық құрылғылар, офистік және  өндірістік сипаттышаруашылықтардың  әр түрлі заттары.

    НҚесепкеалужәнебағалаутүріНҚфизикалықжәнеморальдықтозуыНҚамортизациясыАмортизациялықаударымдаршамасынесептеуәдістері

    НҚ бағалаудың  келесі түрлері  бар: толық және қалдық баланстық құны, толық және  қалдық қалпына келтіру құны.

    Толық баланстық  құн объект пайдалануға берілген сәтте қалыптасады. НҚ түсу көзіне байланысты олардың бастапқықұны деп мыналарды  түсінеді:

    - құрылтайшылардың келісім бойынша кәсіпорынның жарғылық қорына үлес қосуы есебінен енгізген  негізгіқаржылардың құны;

    - кәсіпорынның өзінде жасалған, сондай-ақ басқа кәсіпорындардан немесе тұлғалардан сатып алынған, жеткізу, жинақтау, орнату бойынша  шығындарды  қосқанда,  іс жүзіндегі  шығындар сомасындағы  НҚ құны;

    - өтеусіз алынған НҚ объектілерінің құны, сондай-ақ мемлекеттік субсидиялар  ретінде бөлінген  құралдар.

    Қалпына келтіру құны. Кәсіпорындар балансында әр уақытта сатып алынған және осыған байланысты әр түрлі бағаменбағаланған, яғни іс жүзінде салыстырылмайтын бағалармен берілген НҚ есепте бар. НҚ бірың-ғай бағамен бағалау үшіноларды бір кезең бағаларының деңгейіне   периодтық жалпыға ортақ  қайта бағалау  талап етіледі.

    НҚ пайдалану процесінде тозады. Объектілердің өздерінің физикалық және  техника-экономикалық  қасиеттерінжоғалтуының ақшамен өрнектелуі   НҚ тозуы деп  аталады.

    Тозу сомасын  шегергендегі бастапқы  құн  "НҚ  қалдық құны" деп аталады. НҚ қалпына  келтіру құнынан тозудышегергенде   "қалдық қалпына  келтіру құны" деп аталады.

    НҚпайдаланутиімділігініңкөрсеткіштеріжалпылаушыжәнежекеКәсіпорынныңнегізгіқорларынтиімдіпайдаланужолдарыменфакторлары

    НҚ пайдалану деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жалпылаушы  көрсеткіш "қор қайтарымы" болып табылады, ол өндіріс нәтижелерінің (тауар өнімінің) НӨҚ орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді (оған керікөрсеткіш - "қор сыйымдылығы"). Жалпылаушы көрсеткіштерге "қормен қаруланғандық» жатқызылуы мүмкін, ол  НҚорташа жылдық  құнының жалпы персоналдың орташа жылдық санына қатынасы ретінде анықталады.

    Қор қайтарымы (Фо) негізгі өндірістік қорларға жұмсалған, әрбір теңгені пайдаланудан жалпы қайтарымды, яғниқұралдардың осы салымының тиімділігін көрсетеді. Қор қайтарымы мына формула бойынша  есептеледі:

     

     

    Фқ = B / Фборт. ж., теңге/мың теңге,

     

    (4.1)

     

    мұнда Фборт.ж. – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге;

    В – бір жылдағы  өнімнің  көлемі, теңге.

    Қор сыйымдылығы (Фс) негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық  құнының  бір жылда шығарылатын өнімніңкөлеміне қатынасы ретінде  мына формула бойынша есептеледі:

     

     

    Фс= Фборт. ж./ В, мың теңге/теңге.

     

    (4.2)

     

    Қор сыйымдылығы  көрсеткіші берілген шамадағы  өнімді өндіру үшін  негізгі қорлардың қажетті шамасын  анықтайды.

    Еңбектің жалпы қормен қаруланғандығы көрсеткіші (Фқ) негізгі  өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының жұмыскерлердің орташа тізімдік  санына  қатынасы ретінде мына  формула бойынша есептеледі:

     

     

    Фв = Фборт. ж.  / Чорт. тіз., тыс. тенге/адам,

    (4.3)

     

    мұнда Чорт.тіз. – жұмыскерлердің орташа тізімдік  саны, адам.

    Тау-кен техникасын пайдалану тиімділігі көрсеткіштерінің бірі  машина-лар мен жабдықтардың нақты бар паркін пайдалану коэффициенті болып табылады. Нақты  бар паркті пайдалану коэффициенті жұмыста болатын жабдықтар бірліктерінің орташа санының берілген типті жабдықтардың  жалпы санына  қатынасы ретінде  анықталады.

    Нақты  бар паркті пайдалану коэффициентінен басқа, машиналар мен жабдықтарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін экстенсивті және қарқынды жүктеме коэффициенттерін (Кэ, Кқ) қолданады. Экстенсивті жүктеме коэффициенті машинаның жұмыс істеу сағаттарының іс жүзіндегі  санының  (Ті) күнтізбелік,  режимдік  және жоспарлық  уақыт қорына (Тк, Тр, Тж) қатынасымен мына формула бойынша  анықталады:

     



     

    (4.5)

     

     

    Күнтізбелік уақыт қоры деп бір жылдағы сағаттар санын түсінуге  болады. Режимдік қор – бұл  жұмыс істемейтін  күндер мен жұмыс істемейтін  ауысымдарды есепке алғанда мүмкін болатын уақыт қоры (кәсіпорынның жұмыс режимі бойынша жабдықтар  кәсіпорынның жұмыс режиміне сәйкес  демалыс және  мереке күндері жұмыс істемейді). Жоспарлық уақыт қоры   режимдік қор мен жоспарлық-ескертуші жөндеуге жұмсалған уақыт  арасындағы айырмашылық ретьінде, сондай-ақ техникалық немесе климат-тық шарттар  бойынша бос тұрумен анықталады.

    Жүктеменің қарқындылығы коэффициенті (Кқ) жабдықтарды  өнімділігі бойынша пайдалануды сипаттайды және берілген жабдықтың  іс жүзіндегі сағаттық өнімділігінің (Рі) техникалық өнімділікке (Рт) қатынасы ретінде анықталады. Оның төлқұжатында көрсетілген, жабдықтың техникалық өнімділігі деп оңтайлы жағдайларда уақыт бірлігіндегі  максимум өнімділік түсіндіріледі:

     



     

    (4.6)

     

     

    Жабдықты экстенсивті және қарқынды пайдаланудың жалпылаушы көрсеткіші пайдаланудың интегралдық көрсеткіші болып табылады, ол  күнтізбелік уақыттағы жабдықтардың  жалпы пайдалы жұмысын сипаттайды.

    Жабдықтар жүмысының сенімділігін бағалау үшін кеңінен қолданыла-тын, маңызды көрсеткіштердің бірі әзірлік коэффициенті болып табылады. Ол жабдықтардың оны тағайындалуы бойынша пайдалану көзделмеген, жоспарланатын кезеңдерден басқа, ерікті уақыт моментінде жұмысқа қабілетті болуының ықтималдығын сипаттайды. Әзірлік коэффициенті  жабдықтардың  апаттардан  жұмыс уақытын  жоғалтуын  сипаттайды.

    Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту үшін негізгі қорларды  пайдала-нудың жалпылаушы көрсеткіштерін басқаруды үйрену қажет. Сонымен, мысалы, қор қайтарымының өзгеруіне  екі фактор әсер етеді:

    - активті  бөліктің меншікті салмағы (УДа);

    - активті  бөліктің қор қайтарымы (Фоа).

    Қор қайтарымын факторлық талдау үшін  келесі формула пайдаланылады:

     

    , теңге/мың теңге,

     

    (4.7)

     

    Қор қайтарымының өсу резервін мына формула бойынша анықтауға болады

    мұнда   – сәйкес түрде мүмкін болатын және іс жүзіндегі жылдық өндірім, теңге/жыл;

    Фор – НҚ орташа  жылдық құны, мың теңге.


    Үй жұмысы

    Тақырып бойынша конспект құрау
    Рефлексия



    написать администратору сайта