Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 8

  • Сабақ тақырыбы Ақпаратты өлшеу

  • Бағалау критерийлері

  • Тілдік мақсаттар Оқушылар

  • Пәнаралық байланыстар Математика Бастапқы білім

  • Сабақ кезеңдері : Сабақта орындалатын іс-әрекеттер Р есурстар

  • «Қорытынды шеңбер» ойыны

  • Қалыптастырушы бағалау. Оқушыларға есептер таратылып беріледі. Алдымен жекелей орындалу қадағаланып, соңынан нәтижемен бөлісу қажет.Дескрипторы

  • Қосымша ақпарат Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз

  • Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  • Барлық оқушы

  • 1 сабақ Ақпаратты өлшеу. Саба жоспары


    Скачать 71.5 Kb.
    НазваниеСаба жоспары
    Дата19.09.2021
    Размер71.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1 сабақ Ақпаратты өлшеу.doc
    ТипДокументы
    #234069

    Сабақ жоспары


    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

    Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

    Мектеп:

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Сынып: 8

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар:




    Сабақ тақырыбы

    Ақпаратты өлшеу




    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану

    Сабақ мақсаты

    Ақпараттың көлемін анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану

    Бағалау критерийлері

    • Хабарламадағы ақпараттың көлемін анықтау

    • Формуланы қолдана отырып, стандартқа сай емес есептерді шығару.

    Тілдік мақсаттар

    Оқушылар:

    Топтық жұмыс және есепті шешу жолын сипаттау барысында ұғымдарды дұрыс пайдаланады

    Пәндік лексика және терминалогия

    Алфавиттің қуаттылығы, алфавиттік тәсіл, мазмұндық тәсіл, ықтималдылық тәсіл

    Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

    Алфавиттік тәсіл дегеніміз ….

    Алфавиттегі символдар саны ………деп аталады

    Ақпарат көлемін санау үшін келесі формула қолданылады ………

    Құндылықтарды дарыту

    Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады.

    Пәнаралық байланыстар

    Математика

    Бастапқы білім

    Әртүрлі ақпарат өлшемдерін өзара бір біріне ауыстыра білу

    Сабақ барысы




    Сабақ кезеңдері:

    Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


    Ресурстар

    Сабақтың басы

    0-5 мин

    1. Миға шабуыл: Сыныпқа сұрақ

    Ақпараттың көлемін қалай өлшеуге болады?

    Оқушылардың жауаптары талқыланады.

    «38 тотықұс» мультфилімін еске түсіреді.

    Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.



    Презентация



    Сабақтың ортасы

    6-15 мин


    16-25 мин




    1. Топтық жұмыс

    Сыныпты 2 топқа бөлу. Әр топқа таратпа материалға сүйене отырып постер жасау ұсынылады. Әр топ өзінің постерін келесі топтың алдында қорғайды.


    1. «Қорытынды шеңбер» ойыны

    Сыныпты 2 топқа бөліп, ішкі және сыртқы шеңбер жасау сұралады. Алдымен сыртқы шеңбер мүшесі сабақтың негізгі ұғымдары туралы сұрақтарды ішкі шеңбер мүшесіне қояды. 1 минуттан соң рөлдері ауысады. Келесі минутта сыртқы шеңбер мүшелері сағат тілі бойынша бір адамға ауысып, алдыңғы әрекетті қайталайды. Ойын шеңбердің жаңа мүшесі аяқталғанша жалғаса береді.


    Презентация

    Таратпа материал

    Өздік жұмыс

    26-36 мин

    1. Қалыптастырушы бағалау.

    Оқушыларға есептер таратылып беріледі. Алдымен жекелей орындалу қадағаланып, соңынан нәтижемен бөлісу қажет.
    Дескрипторы:

    • Алфавит қуатын таба алады

    • Бір парақтағы символдардың санын анықтай алады

    • Құжаттағы парақ санын таба алады




    Презентация

    Тапсырмалар

    Сабақтың соңы

    37-40 мин

    1. Рефлексия.

    Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

    Презентация


    Қосымша ақпарат

    Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

    Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

    Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

    Сабақ барысында оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмек көрсетеді.

    Барлық оқушы кем дегенде 1 есепті өз бетімен шығара алады

    Кейбір оқушылар тереңдетілген есептерді шығара алады

    Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын талқылайды, бағалайды.

    Дағдылар: Білу және түсіну, сыни ойлау

    Сабақ барысында көзге жаттығу жасалады.

    Топтық жұмыс барысында бірін-бірі тыңдау, өзара құрмет көрсету туралы ескертіліп отырады.


    написать администратору сайта