Сабақ кезеңдері:
| Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 мин
| Миға шабуыл: Сыныпқа сұрақ
Ақпараттың көлемін қалай өлшеуге болады?
Оқушылардың жауаптары талқыланады.
«38 тотықұс» мультфилімін еске түсіреді.
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
6-15 мин
16-25 мин
|
Топтық жұмыс
Сыныпты 2 топқа бөлу. Әр топқа таратпа материалға сүйене отырып постер жасау ұсынылады. Әр топ өзінің постерін келесі топтың алдында қорғайды.
«Қорытынды шеңбер» ойыны
Сыныпты 2 топқа бөліп, ішкі және сыртқы шеңбер жасау сұралады. Алдымен сыртқы шеңбер мүшесі сабақтың негізгі ұғымдары туралы сұрақтарды ішкі шеңбер мүшесіне қояды. 1 минуттан соң рөлдері ауысады. Келесі минутта сыртқы шеңбер мүшелері сағат тілі бойынша бір адамға ауысып, алдыңғы әрекетті қайталайды. Ойын шеңбердің жаңа мүшесі аяқталғанша жалғаса береді.
| Презентация
Таратпа материал
|
Өздік жұмыс
26-36 мин
| Қалыптастырушы бағалау.
Оқушыларға есептер таратылып беріледі. Алдымен жекелей орындалу қадағаланып, соңынан нәтижемен бөлісу қажет. Дескрипторы:
Алфавит қуатын таба алады Бір парақтағы символдардың санын анықтай алады Құжаттағы парақ санын таба алады
| Презентация
Тапсырмалар
|
Сабақтың соңы
37-40 мин
| Рефлексия.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
| Презентация
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
| Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?
| Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмек көрсетеді.
Барлық оқушы кем дегенде 1 есепті өз бетімен шығара алады
Кейбір оқушылар тереңдетілген есептерді шығара алады
| Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын талқылайды, бағалайды.
Дағдылар: Білу және түсіну, сыни ойлау
| Сабақ барысында көзге жаттығу жасалады.
Топтық жұмыс барысында бірін-бірі тыңдау, өзара құрмет көрсету туралы ескертіліп отырады.
|