3_Информатика_8_сынып_ПҚКО_Алгоритм трассировкасы_Дидактика. Саба масаты 3 1 алгоритм трассировкасын жзеге асыру Трассировка
Скачать 49.15 Kb.
|
Алгоритм трассировкасы Сабақ мақсаты: 8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру Трассировка - бағдарламаны қадамдар арқылы орындау процесі. Трассировка уақытында бағдарламашы командалардың орындалу ретін тексере алады және осы қадамда айнымалының қалай өзгеретінін көре алады. Бұл әдіс қателерді оңай табуға мүмкіндік береді. Мысал: Тізбектелген 4 сан берілген. Олардың қосындысын табуды трассировка кестесі арқылы тексеру Бастапқы берілгендер: А, В, С, D айнымалылары. Олардың мәні бағдарлама орындалу барысында енгізіледі. Қосындысы S. Осы есептің блок-схемасы: Компьютерде тексермес бұрын алгоритмнің дұрыс орындалуын трассировка кестесін толтыру арқылы тексеруге болады. А = 5, В = 8, С = 17, D = -3 болғандағы алгоритм үшін трассировка кестесі төмендегідей.
Тапсырма №1: Жұпта келесі мәндердің нұсқалары үшін трассировка кестесін толтырыңыз Берілген үш санның кішісін табу (тармақталу құрылымын қолдану). Мысалы: А=8 В=43 С=-16
Х мәні 1-ден 5-ке дейін артқандағы Y=Y+X функциясының нәтижесін есептеу (қайталану құрылымын қолдану)
Есептердің нәтижесін талдау Тапсырма №2: Есептің шығарылуын блок-схема түрінде көрсетіңіз және трассировка кестесі арқылы тексеруін көрсетіңіз: Тапсырма 1: Санды енгізу. Егер ол теріс болмаса, одан 50, әйтпесе оған 100 қосыңыз. Тапсырма 2: Адам денесінің температурасын енгізуді сұралады және ол сау немесе ауырып тұрғанынын анықтайтын алгоритм (сау 36 < t < 37) Тапсырма 3: 1-ден 7-ге дейінгі сандардың көбейтіндісін табатын алгоритм құрастыру |