Главная страница

Экология 1 токсан. Саба Сыныбы Кні Таырыбы


Скачать 48.76 Kb.
НазваниеСаба Сыныбы Кні Таырыбы
Дата16.05.2022
Размер48.76 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭкология 1 токсан.docx
ТипДокументы
#531455

Сабақ№---------------- Сыныбы------------------ Күні-----------------------

Тақырыбы: Ағзалардың жер шарында таралу ерекшелігі.

Білімділік: Оқушыларғаағзалардың жер шарында таралу ерекшелігі түсіндіру.

Дамыту: Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылыларға қоршаған ортаны ластамауға, аялауға, қорғауға тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша мәлімет, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобын қалай атайды.

2. . Сулы ортаның өзіне тән физикалықжәне химиялық қасиеттерін айтыңдар?

3. Аэробионттар дегеніміз не?

4. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын қалай атайды?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

  • Ағзалардың таралу ерекшелігі. Биогеография.Зоогеография

ІҮ. Жаңа сабақтың өту кезеңі.

Биогеография — (био... және география) — жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымсаласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым

Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Оның дамуына экваторлық Африка,Оңтүстік АмерикаАзия елдерінің фаунасы менфлорасын зерттеу үшін жүргізілген экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары — неміс ғалымы А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің, т.б. еңбектері негіз болды. Биогеографиябиоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып, олардың көп түрлілігін тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау мәселелерін қарастырады. Биогеография зерттеу бағыттары бойынша бірнеше салаға ажыратылады:

ареалогиялық биогеография Жер шарындағы әр түрлі организмдердің (түрлердің) таралу аймағын анықтап, олардың сол аймақтардағы орналасу ерекшеліктерін зерттейді, соның негізінде анықтамалық және кадастрлық карталар жасалады;

Жер шарындағы әр түрлі организмдердің (түрлердің) таралуы

аймақтық биогеография 

  • организмдердің фауналық және флоралық аудандастырылуын қарастырады, соның нәтижесінде биогеографиялық аудандастырудың кешенді кестесі құрылады. Бұл зерттеулер ауыл шаруашылығына пайдалы немесе зиянды организмдер популяцияларын анықтауға, күрес шараларын ұйымдастыруға, жойылып бара жатқан сирек түрлерді қорғауға жол ашады;




экологиялық биогеография 

  • әр түрлі географиялық облыстардағы организмдертоптарының биоценоздағы рөлін, биологиялық өнімділігін және биомассаларын анықтайды;




тарихи биогеография 

организмдердің жер бетіндегі таралуын нақты аймақтың геологиялық тарихымен байланыстырып зерттейді

Биогеография организмдердің арасындағы жұқпалы аурулармен, оның қоздырғыштарымен күресті жүзеге асыруды, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығаруды, өсімдіктер мен жануарларды жерсіндіруді, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, т.б. үйлестіріп отыратын табиғат қорғаудың теориялық негізі болып табылады.

Өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын-ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигіП.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген нақты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.

Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.

Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді.

Ү. Жаңа сабақты бекіту, бағалау.

1. Биогеография дегеніміз не?

2. Биогеография ғылымының негізні қалаған ағылшын ғалымы.

3. Ареалогиялық биогеография нен3 зерттейді?

ҮІ. Қорытындылау.

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру.

Ағзалардың жер шарында таралу ерекшелігі.

Сабақ№---------------- Сыныбы------------------ Күні-----------------------

Тақырыбы: Ағзалардың тіршілік формалары.

Білімділік: Оқушыларға ағзалардың тіршілік ететін ортасын түсіндіру.

Дамыту: Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылыларға қоршаған ортаны ластамауға, аялауға, қорғауға тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша мәлімет, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді қандай топтарға бөледі.

2.Жылудың жеткіліксіздігіне бейімделуіне байланысты өсімдіктер қанша топқа бөлінеді?

3.Суыққа төзімсіз өсімдіктерді ата?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

  • Ағзалардың тіршілік ортасы. Құрлық –ауа, су, топырақ және организм тіршілік орталары

ІҮ. Жаңа сабақтың өту кезеңі.

Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосыпбиогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.


Ағзалардың тіршілік орталары

  1. Су тіршілік ортасы

Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғаларбентостар деп аталады.

  1. Құрлық ауа тіршілік ортасы

Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады.

  1. Топырақ тіршілік ортасы

Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемілитосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактерияларсаңырауқұлақтар,құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

  1. Организм тіршілік ортасы




Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналған. Бір ағзаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.

]

Ү. Жаңа сабақты бекіту, бағалау.

1. Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобын қалай атайды.

2. . Сулы ортаның өзіне тән физикалықжәне химиялық қасиеттерін айтыңдар?

3. Аэробионттар дегеніміз не?

4. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын қалай атайды?

ҮІ. Қорытындылау.

  • Ауада тіршілік ететін организмді неге жеке топқа бөлмейді?

  • Топырақтағы организмдердің ауылшаруашылығы үшін қандай пайдасы бар?

  • Үй малдарынан адамға жұғатын парзиттердің5 түрін атап, сипаттама беріңдер?

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру.

Ағзалардың тіршілік формалары.

Сабақ№________Сыныбы_________Күні_________
Тақырыбы:Көзге көрінбейтін ағзалар, олардың тіршілік орталары
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға.көзге көрінбейтін ағзалар және олардың тіршілік орталары туралы түсінік беру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, топтастыру.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Жер бетінде өсімдіктің неше түрі бар?

2. Жер бетінде организмдер қанша империяға бөлінеді?

3. Жасушалық құрылымды организмдерге нелер жатады?

ІІІ.Жаңа сабақ дайындық.

  • Көзге көрінбейтін ағзалар. Тіршілік орталары


ІІІ. Жаңа сабақтыңөту кезеңі.

1. Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.

Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғалым.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.
Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі.Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.

2. Микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен теориялық және практикалық жеңістіктермен толықтырылады. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым-жалпы микробиология, техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық микробиологиясы, медициналық микробиология, эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология және вирусология болып бірнеше салаға бөлінеді.
Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта заттар алмасу процесіндегі ролін және оны адам баласының пайдасына қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді

Медициналық микробиология- адамдар ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардың алдын-ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.

Эпидемиология-адам мен жануарларда кездесетің әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралуы жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды және олармен күресу шараларын белгілейді.

Мал дәрігерлік микробиология –малдарда болатын жұқпалы ауруларды қоздырғышы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күресудің шараларын анықтайды.

Вирусология -өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда және бактерияларда вирустардың даму заңдылықтарын зерттейді , вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын белгілейді және емдеу

Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.

Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар,

Қарапайымдылар бактерияларға қарағанда күрделі дамыған. 4 классқа жіктеледі:70 мың түрлері бар.
1.Саркодиналар класы-тынымсыз қозғалады, қабықшасы болмайды,дене пішіні тұрақсыз, бөліну арқылы көбейеді.
2.Спорофиттер(Sporozoa)- жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді,арнайы қозғалу органы жоқ.
3.Жгутиктілер(Flogollata)-овал және шар тәрізді, белсенді қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді.
4.Талшықтар(Infusoria)-инфузориялар кірпікшелер арқылы қозғалады, адамда ішек инфузориясы кездеседі.

IV. Жаңа сабақты бекіту, бағалау.

Топтастыру.



Бактериялар






Ұсақ балдырлар


вирустар

микроорганизмдер









Ашытқы саңырауқұлақтар


V. Қорытындылау.

1. Микробиология дегеніміз не?

2.Микроорганизмдердің басым көпшілігі не жатады?

3. Қарапайымдылыр қанша класқа жіктеледі?

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге:

Көзге көрінбейтін ағзалар, олардың тіршілік орталары.

Микроорганизмдердің суретін салу.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Ағзалардың жер шарында тарауына қорытынды.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ағзалардың тіршілік орталары және

организмдердің оған бейімделуі мақсатын, маңызын, негізгі ерекшеліктерін қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы ағзалардың тіршілік орталары және жер шарында таралуы қайталанады.


написать администратору сайта