Главная страница
Навигация по странице:

  • Дайындаған педагог

  • Сабақ типі

  • 2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

  • 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  • 3.2 Техникалық

  • 4. Сабақтың барысы

  • Бағалау

  • Жаңа тақырып-ты талқылау

  • 5. Сабақ бойынша рефлексия

  • Дезинфекцияныңекі түрі бар

  • Дезинфекцияның әдістері

  • Физикалық әдіске жататындары

  • 1.Дезинфекциялық шараларға мыналар жатады

  • 3.Дезинфекцияның мақсаты

  • 4.Физикалық залалсыздандыру әдістері

  • 5.Механикалық залалсыздандыру әдістері

  • 8. Дезинфекцияға арналған контейнерлер келесі белгілермен белгіленуі керек

  • 9. Науқас қалпына келгеннен немесе қайтыс болғаннан кейін дезинфекция қалай жүргізіледі

  • 10. Науқасты тексеру үшін қолданылатын отырғышты дезинфекциялау керек

  • УМК№5А. Саба таырыбы Дезинфекция Модуль пн атауы


    Скачать 35.08 Kb.
    НазваниеСаба таырыбы Дезинфекция Модуль пн атауы
    Дата25.04.2023
    Размер35.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК№5А.docx
    ТипДокументы
    #1087629

    Сабақ жоспары


    Сабақ тақырыбы

    «Дезинфекция»

    Модуль /пән атауы

    «Медбике ісіндегі қауіпсіздік және сапа»

    Дайындаған педагог

    Салетаев А.Б.

    20_ жылғы "__" ______

    2023 жылғы __

    1.Жалпы мәліметтер

    "Дезинфекция" түсінігін оқытып үйрету.

    Курс, оқу жылы, топ

    09130100 «Мейіргер ісі» 1 курс, 2 семестр

    Сабақ типі

    Аудиториялық № 5

    2. Мақсаты, міндеттер

    Студенттер дезинфекция түсінігі. Дезинфекцияның түрлері, әдістері мен деңгейлері. Дезинфекциялық ерітінділердің қауіптілігін жіктеу. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялау құралдарының шығын нормалары. Пациенттерге күтім жасайтын заттарды дезинфекциялау. Медициналық мақсаттағы бұйымдарға (ММБ)дезинфекция жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын.

    2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

    "Дезинфекция" түсінігі. Дезинфекцияның түрлері, әдістері мен деңгейлері. Дезинфекциялық ерітінділердің қауіптілігін жіктеу. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялау құралдарының шығын нормалары. Пациенттерге күтім жасайтын заттарды дезинфекциялау. Медициналық мақсаттағы бұйымдарға (ММБ)дезинфекция жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын білу.

    3. Сабақты жабдықтау

    Презентация,видео,дидактикалық метериалдар (тесттер, кестелер, есептер,бұйырықтар,стандарттар)

    3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

    «Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жургізуге қойылатын санитарлық -эпидемиологиялық тазартуды жүргізу» туралы 25.01.2015 ж бекітілген № 48 бұйрығы.

    3.2 Техникалық құралдар, материалдар

    Интерактивті тақталар, видио көрсету,презентациялар

    4. Сабақтың барысы

    Сабақ

    тың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті



    Студенттін

    әрекеті



    Бағалау

    (критерии)



    Ресурстар


    Ұйымдас-тыру кезеңі:

    -сәлемдеседі

    -топты түгелдейді

    -аудитория тазалығын тексереді

    -сабақ мақсатын айтады

    -сәлемдеседі

    -аудитория тазалығын сақтайды

    -сабақ мақсатын тыңдайды




    Білім деңгейін тексеру:


    -сұрақтар қояды

    -сұрақтарға жауап береді

    -өткен тақырыптарды біледі





    Жаңа тақырып-ты талқылау


    «Инфекцияны бақылау» «инфекция процесі» түсінігі. Құрамы, мақсаты, инфекцияны бақылау комисияның міндеті. Санитарлық-эпидемиологиялық негізгі нормативтік құжаттар білу.

    -оқытушының көрсеткен көмектерін қайталайды


    -түсінеді.

    -мейіргерлік іс әрекетті жүргізеді.

    - қосымша №1


    Бекіту


    -тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды

    -ситуациялық есеп беріледі

    -тақырыпқа бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;

    -ситуациялық есептерге , тесттерге жауап береді

    -сұрақ жауабын біледі;

    -есепке жауап бере алады

    -қосымша №2

    5. Сабақ бойынша рефлексия

    Студенттермен сабақ жайлы кері байланыс жүргізу

    6. Үй тапсырмасы

    ."Дезинфекция" түсінігі. Дезинфекцияның түрлері, әдістері мен деңгейлері. Дезинфекциялық ерітінділердің қауіптілігін жіктеу. Пациенттерге күтім жасайтын заттарды дезинфекциялау.



             

    қосымша №1

    Дезинфекция – қоршаған ортадағы инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын,барлық патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

    Дезинфекцияның  мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

    Дезқұралдармен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелеттік жастағы адамдар жіберіледі.

    Дезинфекцияныңекі түрі бар: алдын - алу және ошақты.

    Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.

    Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.

    Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

    Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.

    Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде  келесі жағдайларда жүргізілу керек.

    науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;

    науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;

    науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;

    науқас  қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.

    Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар,  операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике басына колпак, халат немесе алжапқышты  кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды,кейін енденді жоғарыдан төмен қарай дез ертіндімен ретімен жуады. Таза сумен шаяды. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қосады. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа  кірісеміз.

    Дезинфекцияның әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.

    Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.

    Физикалық әдіске жататындары:

    күн сәулесін қолдану;

    ультракүлгін сәулелерді қолдану;

    қалдықтарды өртеу;

    қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);

    Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.

    Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану.

    химиялық әдісіне жататындары:

    суландыру;

    сүрту:

    толық батыру;

    шашырату.

    Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері

    Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.

    Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут.

    Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут

    Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.

    қосымша №2

    ТЕСТ:
    1.Дезинфекциялық шараларға мыналар жатады:

    1. дұрыс сақтау, тасымалдау, орау, жұмыс ерітінділерін дайындау;

    2. барлығы дұрыс

    3. медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру;

    4. дезинфекция, дезинсекция және дератизация.

    2.Дезинфекция дегеніміз

    1. Қоршаған орта объектілерінде патогендік және шартты-патогенді микроорганизмдерді жою;

    2. Кеміргіштерді эпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жою;

    3. Адамға зиянды жәндіктерді жою.

    4. Барлқ жауап дұрыс

    3.Дезинфекцияның мақсаты:

    1. Адам ағзасындағы патогендік микроорганизмдерді өлтіру.

    2. Адам ортасындағы қоздырғыштарды көбейту.

    3. Эпидемия ошақтарын жоюға қатысу.

    4. Қоршаған ортасындағы барлық микроорганизмдерді жою.

    4.Физикалық залалсыздандыру әдістері:

    1. Қүн саулесі

    2. Барлығы дұрыс

    3. ультракүлгін сәулелену

    4. Барлығы дұрыс емес

    5.Механикалық залалсыздандыру әдістері:

    1. Жану

    2. ультракүлгін сәулелену

    3. камераны дезинфекциялау

    4. желдету,

    6.ошақты дезинфекция жүргізіледі 

    1. инфекция көзі жоғалғанда

    2. анықталмаған инфекция көзімен

    3. инфекция көзін іздегенде

    4. инфекция көзі анықталғанда

    7. Профилактикалық дезинфекция қашан жүргізіледі

    1. инфекция көзі анықталғанда

    2. инфекция көзі анықталмаған.

    3. инфекция көзін іздегенде

    4. инфекция көзі табылғанда

    8. Дезинфекцияға арналған контейнерлер келесі белгілермен белгіленуі керек:

    1. Қолданылған дез ертіндінің толық атауы. құралдар

    2. Қауіптілік класы, уыттылығы, сақтау шарттары

    3. Кезекті дез. ертіндінің аты, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі

    4. Дез ертіндінің түсі мен исі

    9. Науқас қалпына келгеннен немесе қайтыс болғаннан кейін дезинфекция қалай жүргізіледі?
    A.  қорытынды
    B.  ошақты
    C. алдын-ала
    D. профилактикалық

    10. Науқасты тексеру үшін қолданылатын отырғышты дезинфекциялау керек?
    A. ауысым соңында
    B. күніне бір рет
    C. әр пациенттен кейін
    D. көктемгі тазалау кезінде

    Жауаптары:

    1. В

    2. А

    3. D

    4. В

    5. D

    6. D

    7. В

    8. С

    9. А

    10. С


    написать администратору сайта