|
Саба таырыбы Электролиз заы Мектеп
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы:
| «Электролиз заңы»
| Мектеп:
Саумалкөл қазақ орта мектебі
| Мерзімі:
| 23.02.2017
| Мұғалімнің аты:
| Кулбаева Асылзат Мусабаевна
| Сынып:
| 8
| Оқушылар саны:
|
| Сабақтың оқу мақсаттары
| Оқушыларға электролиз, электролиз заңы жайлы мағлұмат беру .
Электролиз. Электролиз заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
| Сабақтың міндеттері
| Оқушылар біледі:
Электролиттердегі электр тогы. Электролиз. Электролиз заңы жайлы мағлұмат алады
Электролиттердегі электр тогы. Электролиз. Электролиз заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
| Тілдік
мақсаттар
| Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Сонымен тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде, электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.
Электролит ерітіндісі арқылы электр тогының өту табиғаттын біле отырып, электролиз
кезінде бөлінген заттың массасын анықтауға болады.
Егер тотияйын ерітіндісі (мыс купоросы) арқылы ток жіберсек, онда бастапқыда көмір катодында білінер-білінбес мыстың жұқа қабатын байқауға болады.
| Өткен сабақ материалдары
| Металдардағы және электролит ерітінділердегі электр тогы.
Орта
| Заряд тасушылар
| Металл
| Электрондар
| Электролит
| Оң және теріс
| Газ
| Электрондар, оң және теріс иондар
| Вакуум
| Зарядталған бөлшектер(электрондар)
Вакуумге енгізілген
| Жартылайөткізгіш
| Бос электрондар «кемтіктер»
|
|
ЖОСПАР
| Уақытша жоспарлау
| Жоспарланған іс-шаралар
| Ресурс-тар
| Сабақ басы
| Ұйымдастыру. Түгелдеу. Үй жұмыстарын тексеру. Сабақтыӊ мақсаты және оқу мақсаттарын айтамыз.
|
| Өткенді қайталау
Тест
Жаңа сабақ
Сынып жұмысы:
| Металдардағы электр тогы дегеніміз не?
Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибені сипаттаңдар.
Электролиттерге қандай заттарды жатқызады?
Электролиттік диссоциация дегеніміз не? Рекомбинация ше?
Электролиттегі электр тогы дегеніміз не?
Қандай процесті электролиз дейді?
I - нұсқа
1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:
а) электрондар; b) оң иондар;
c) теріс иондар; d) кемтіктер;
2. Металлдардағы электр тогы дегеніміз не?
а) еркін электрондардың ретсіз қозғалысы; b) электрондардың қозғалысы
c) еркін электрондардың реттелген қозғалысы; d) бәрі дұрыс
3. Электролиттерде молекуланың әр аттас иондарға ыдырау процесі:
а) иондану ә) рекомбинация;
б) электролиттік диссоциация; в) термоэлектрондық эмиссия;
4. Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса,
тұздар мен металдардың қорытпалары...
а) электродтар; b) электролиттер;
c)иондар; d) электрондар.
5. Стюарт пен Толмен бөлшектер зарядтарының олардың массаларына
қатынасын анықтады. Бұл қатынас неге тең?
а) 1,8*1011 Кл/кг; b)1,8*1013 Кл/кг;c) 1,8*1012 Кл/кг; d) 1,8*1014 Кл/кг. II - нұсқа
1. Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:
а) иондану b) рекомбинация;
c) электролиттік диссоциация; d) термоэлектрондық эмиссия;
2. Электролиттерде зарядты тасымалдаушы қандай бөлшектер:
а) электрондар мен қемтіктер; b) электрондар;
c) оң және теріс иондар; d) оң иондар.
3. Электролиттердегі электр тогы дегеніміз:
а)оң иондардың реттелгенқозғалысы;
b)теріс иондардың реттелген қозғалысы;
c)оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы;
d) оң және теріс иондардың бір бағыттағы реттелген қозғалысы.
4. Металлдар өткізгіштігінің электрондық теориясының электрондық
дәлелдемелерін 1916 жылы тәжірибеде орындаған ғалымдар
а) Ампер мен Вольт; b) Стюарт пен Толмен;
c)Максвелл мен Фарадей; d) Мандельштам мен Папалекси.
5. Рельефті заттардың (медальдардың, гравюрлердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды недеп атайды?
а) Аккумуляторлар;
b) Гальваникалық элементтер;
с) Гальваностегия ;
d) Гальванопластика. Ағылшын физигі М.Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңды-
лықты ашты:
Электролиз кезінде электродта бөлінетін зат массасы электролит арқылы өтетін электр мөлшеріне пропорционал. Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.
m=kq=kIt
m – бөлінген зат массасы, кг
q –электролит арқылы өтетін заряд, Кл
k - электрохимиялық эквивалент, кг/Кл
Заттың электрхимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1 Кл заряд
өткенде, электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең.
k= m/q болатынын ескеріп, электрохимиялық эквиваленттің өлшем бірлігін
аламыз. SI жүйесінде электрхимиялық эквивалент кг/Кл түрінде өрнектеледі.
Фарадей заңы арқасында электрон зарядын анықтау мүмкін болды.
Кестеде кейбір заттардың электрхимиялық эквиваленттерінің мәндері
келтірілген: Кейбір заттардың электрхимиялық эквивалентті (k), кг/Кл
Зат
| (k), кг/Кл
| Зат
| (k), кг/Кл
| Алюминий
Сутек
Алтын
Калий
Кальций
Оттек
Магний
Мыс
Натрий
| 9,32∙10-8
1,044∙10-8
6,84∙10-7
4,052∙10-7
2,077∙10-7
8,29∙10-6
1,26∙10-7
3,94∙10-7
2,383∙10-7
| Никель
(екі валентті)
Никель
(үш валентті)
Сынап
Қорғасын
Күміс
Хлор
Мырыш
| 3,04∙10-7 2,03∙10-7 2,072∙10-6
1,074∙10-6
1,118∙10-6
3,67∙10-7
3,388∙10-7
|
Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
Электролиз процесінің нәтижесінде күміс тұзының судағы ерітіндісінен катодта 300 мг күміс бөлінді. Электролиттен өткен заряд шамасын табыңдар.
Мыс тотияйынының ерітіндісі арқылы 20 кКл заряд өтті. Осы кезде катодқа қанша мыс бөлінді?
Гальвани ваннасынан 10 мин-та 0,67 г күміс бөлінген. Ваннаға тізбектей жалғанған амперметрдің керсетуі 0,9 Α болса, осы көрсету дұрыс па?
Мыс ваннадан 20 мин ішінде 1,98 г мыс бөлінген. Ваннадағы ток күшін табыңдар.
| Таратпа қағаз
Слайд
| Соңы
| Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8-сынып.
§47 23-жат № 5,6.
|
|
Рефлексия
1
| Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?
|
| 2
| Өткен сабақта қандай түсініктерді игердің?
|
| 3
| Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?
|
| 4
| Бүгінгі есептердің шығару жолын түсіндең бе?
|
| 5
| Бүгінгі сабақ ұнады ма?
|
| |
|
|