Сабақ тақырыбы:
| Табиғи материалдар-дан «Кең дала» тақырыбына композиция жасау.
| Мектеп: №29 К.Тленшин атындағы ЖОМ
|
Күні :
|
| Мұғалімнің есімі: Х.Жолшибекова
|
СЫНЫП: 1-сынып
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар
саны:
|
Сабақтың мақсаты
| 1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
|
Сабақтың міндеттері
| Мұғалім үшін: саяхат түрлерімен таныстыру.
Оқушылар үшін: Оқулықтың 74-77 бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
|
Нені білулері керек
| Өткен сабақта алған білімдерін қорытындылай алуы.
|
Нені үйренулері керек
| Қоршаған әлемге көңіл бөлуді, беймәлім нәрсеге қызығушылық танытып, жаңа нәрсе туралы ақпрат іздеуді үйренулері керек.
|
Жұмысқа қажетті материалдар
| Жұмыс дәптері, фломастер.
|
Сабақты өткізуге қажетті материалдар, интернет ресурстар
| Оқулық 74-77 беттер, альбомдар.
|
Тілдік құзіреттілік
| ПІШІМ ФОРМАТ FORMAT
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
| Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз
|
Материалды түсіндіру 10 минут
| Композиция әсерлі шығуы үшін дұрыс пішім таңдаудың маңызы зор. Құлпыра берші, кең дала
Ж. Саин
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін. Жасауыңды жайнатып,
Алдыма тегіс үйейін.
Нәрестедей балдырған,
Қуанып сақ-сақ күлейін.
|
Өздік жұмыс 20 минут
| Шығармашылық жұмыс. Шашырату әдісімен эксперимент жасай отырып, ғарышты бейнелеңіз. Ол үшін:
- Қағазға әр түрлі ғарыштық пішіндерді салып, қиып алыңыз.
- Қиып алынған пішіндерді қара немесе көк түсті қағаздың бетіне жеке-жеке орналастырыңыз.
- Қағаздың бетіне тіс тазалайтын ысқышпен әр түсті бояу шашыратыңыз.
- Қағаздың бетіндегі жекелеген бөлшектерді алып тастап, орнындағы суретті бояумен толықтырыңыз.
|
Сергіту сәті
2 минут
| Бір саусағым тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ!
|
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Жұмыс барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттайды.
Идеясын іске асыру барысында материалдар мен құралдарды пайдаланады.
Құралдар мен материалдар арқылы эксперимент өткізеді.
| Дескриптор:
Білім алушы
- ғарышқа қатысты пішіндерді салып, ұқыпты қиып алады;
- тақырыптық композиция құрастырып, бөлшектерді орналастырады;
- сәйкес түстерді таңдайды;
- бояуды ұқыпты және біркелкі шашыратады;
- жұмысты көркем безендіреді.
|
Сабақтың қорытындысы
5 минут
| Қай композицияны сәтті шыққан деп айтуға болады? Жауабыңды түсіндір.
|
Кері байланыс
3 минут
| Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|