Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарастырылатын негізгі мәселелер

  • RadioButton

  • Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар: 1-мысал

  • Standard

  • Case <

  • Қолданылатын әдебиеттер

  • 3 практикалык ж__мыс (2). Саба таырыбы Тарматалу алгоритміне атысты компоненттермен жоба ру


    Скачать 302 Kb.
    НазваниеСаба таырыбы Тарматалу алгоритміне атысты компоненттермен жоба ру
    Дата30.10.2021
    Размер302 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла3 практикалык ж__мыс (2).doc
    ТипПрограмма
    #259621

    Ф-ОБ-050/049

    3,4 - практикалық жұмыс

    Сабақ тақырыбы: Тармақталу алгоритміне қатысты компоненттермен жоба құру.


    Сабақ мақсаты: Тармақталушы алгоритмдерді Delphi ортасында программалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.

    Қарастырылатын негізгі мәселелер:

    1. Негізгі ұғымдар

    2. Қысқаша көбейту формуласына арналған анықтамалық программа құру

    3. Таңдау командасын пайдаланып берілген санға екі еселісін, не квадратын, не кері санын, не қарама-қарсы санын анықтайтын программа құру.

    Негізгі ұғымдар. Тармақталушы команда құрама командаға жатады, яғни оның жай командадан айырмашылығы құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енеді.


    Тармақталу құрылымы – шартқа байланысты командалар серияларының екеуінің тек біреуі ғана орындалатын кезде ғана қолданылады. Тармақталу командасының жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты :

    1. if Y then S // қысқаша жазылуы

    2. if Y then S1 else S2 // толық жазылуы

    мұндағы Y – қойылатын шарт, ал S, S1, S2 –орындалатын операторлар. Егер бұлардың әрқайсысы бірнеше оператордан тұрса, онда олар құрама оператор ретінде қарастырылып, операторлық жақшалардың (begin, end) ішіне жазылады.Мысалы шарт ретінде RadioButton компонетінің Checked қасиетін қарастырайық. Бұл компоненттің байланысты ауыстырып қосатын қасиеті бар, ол Checked қасиеті арқылы анықталатын (True егер ауыстырып қосқыш шертілсе және керісінше False) екі мән қабылдауы мүмкін. Яғни if RadioButton1.Checked then S1 else S2 мұнан формадағы RadioButton1 ауыстырып қосқыш шертілген болса S1 операторлар сериясы, ал шертілмеген болса S2 операторлар сериясы орындалады.

    Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1-мысал. Қысқаша көбейту формуласына арналған анықтамалық программа құру.

    Қысқаша көбейту формуласының жинақы түрде жазылуын RadioButton компонетінің Caption қасиетіне жазып, егер RadioButton1 ауыстырып қосқыш шертілген болса, яғни шарт ақиқат болса, онда қысқаша көбейту формуласының ашып жазылуын Memo1 компоненттінің Lines қасиетінің мәні ретінде экраннан көрсету керек.

    Формаға компоненттер палитрасының Standard бетінде орналасқан TRadioButton, TMemo және Additional бетіндегі ТBitbtn компонентін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Есеп шешімін BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасында реализациялаймыз (ұйымдастырамыз). Қосымша интерфейсі 1- суретте келтірілген.

    Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.

    Компоненттер

    Қасиеттер

    Меншіктелетін мән

    Form1

    Caption

    Қысқаша көбейту формуласы

    Form1

    Name

    Form1

    RadioButton1

    Caption

    ( a + b ) ^ 2

    RadioButton2

    Caption

    ( a - b ) ^ 2

    RadioButton3

    Caption

    a ^ 2 - b ^ 2

    RadioButton4

    Caption

    ( a + b ) ^ 3

    Bitbtn1

    Caption

    OK

    Bitbtn1

    Kind

    bkOK

    Bitbtn2

    Caption

    &Close

    Bitbtn2

    Kind

    bkClose

    Memo1

    Lines

    тазалау




    1-сурет. Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін орнату.
    "ok" батырмасын екі рет шертіп программа коды терезесіне көшіңіз.Click оқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді.

    Төменде BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.
    procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

    begin

    if radiobutton1.checked then

    begin memo1.lines.clear;memo1.lines.add('a^2+2*a*b+b^2');

    end;

    if radiobutton2.checked then

    begin memo1.lines.clear;memo1.lines.add('a^2-2*a*b+b^2');

    end;

    if radiobutton3.checked then

    begin memo1.lines.clear;memo1.lines.add('(a+b)(a-b)');

    end;

    if radiobutton4.checked then

    begin memo1.lines.clear;memo1.lines.add('a^3+3*a^2*b+3*a*b^2+b^3');

    end;

    end;

    Таңдау командасы


    Тармақталу командасының денесінде тағы тармақталу командалары кездескен жағдайда, яғни шарттың ішінде шарттар қойылған есептердің шешімін іздеуде таңдау командасы қолданылады.Таңдау командасы, бұл Турбо Паскальдағыдай Case (жағдай) операторындай құрылады.

    Case < өрнек> of

    1-тізім: begin

    S1

    end;

    2-тізім: begin

    S2

    еnd;

    ............ .

    n-тізім:begin

    Sn

    end;

    end;

    2- мысал.Таңдау командасын пайдаланып берілген санға екі еселісін, не квадратын, не кері санын, не қарама-қарсы санын анықтайтын программа құру.

    Шешуі. Берілген сандыTEdit компоненті арқылы немесе TScrollBar –дың көмегімен енгізіп, ал орындалатын амалдар TComboBox-тің Items қасиеті арқылы таңдалып және ComboBox-тің Itemindex – тің мәніне сәйкес есептеп, нәтижені TStaticText компонентінің өрісіне шығарамыз. Формаға компоненттер палитрасының Standard бетінде орналасқан TEdit, TLabel, TScrollBar, TComboBox және Additional бетіндегі ТBitbtn компонентін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметі, яғни х айнымалысының мәнін Edit1 компонентінің өрісіне енгізіп немесе ScrollBar1-дың өрісінен көрсетіп , ал шешімін StaticText1 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін Bitbtn1 компонентінің OnClick оқиғасында реализациялаймыз (ұйымдастырамыз). Қосымша интерфейсі 4- суретте келтірілген.

    Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.


    Компоненттер

    Қасиеттер

    Меншіктелетін мән

    Form1

    Caption

    Таңдау

    Form1

    Name

    Form1

    Label1

    Caption

    Сан енгіз

    Edit1

    Text

    Тазалау

    Label2

    Caption

    амалды таңда

    Combobox1

    items

    Екі еселегенде

    Квадраттағанда

    Кері саны

    Қарама-қарсы сан

    StaticText1

    Caption

    тазалау

    Label3

    Caption

    санды таңда

    ScrollBar1

    min

    -100

    ScrollBar1

    max

    100

    Bitbtn1

    Kind

    BkOK

    Bitbtn2

    Kind

    BkClose




    2-сурет. Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін орнату.
    "ok" батырмасын екі рет шертіп программа коды терезесіне көшіңіз.Click оқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді.

    Төменде BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.
    var

    Form1: TForm1;

    x,y:real;

    implementation
    {$R *.dfm}
    procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

    begin

    x:=strtofloat(edit1.Text);

    case combobox1.ItemIndex of

    0: begin y:=2*x;

    statictext1.caption:=

    combobox1.Items[combobox1.itemindex]+' жауабы'+'='+floattostrf(y,ffgeneral,5,2);

    end;

    1: begin y:=sqr(x);

    statictext1.caption:=

    combobox1.Items[combobox1.itemindex]+' жауабы'+'='+floattostrf(y,ffgeneral,5,2);

    end;

    2: begin y:=1/x;

    statictext1.caption:=

    combobox1.Items[combobox1.itemindex]+' жауабы'+'='+floattostrf(y,ffgeneral,5,2);

    end;

    3: begin y:=-x;

    statictext1.caption:=

    combobox1.Items[combobox1.itemindex]+' жауабы'+'='+floattostrf(y,ffgeneral,5,2);

    end;
    end;

    procedure TForm1.ScrollBar1Scroll(Sender: TObject; ScrollCode: TScrollCode;

    var ScrollPos: Integer);

    begin

    x:=scrollbar1.Position;

    edit1.Text:=floattostr(x)

    end; end.
    Тапсырмалар:

    1. Клавиатурадан енгізілген адам жасына байланысты оны келесі топтардың біріне жатқызатын программа құру: мектеп жасына дейінгі бала, оқушы, жұмысшы, зейнеткер.

    2. x,y,z сандары берілген.

    өрнегінің мәнін есептеу.

    3. Берілген үш санға байланысты олардың қайсыбірінің қосындысы оң болатынын анықтайтын программа құру.
    4. функциясының мәнін есептейтін программа құру

    5. функциясының мәнін есептеу.

    1. Санның соңғы цифрына байланысты оның квадратының соңғы цифрын анықтайтын программа құру.

    2. Берілген жыл мен ай номеріне қатысты осы айдағы күндер санын анықтайтын программа құру.

    3. Әрбір енгізілген (0-9) цифрға байланысты оның ағылшынша атауын шығаратын программа құру. Мысалы, 0-zero, 1-one, 2-two,…

    4. Ай номеріне байланысты одан кейінгі айдың атын шығаратын программа құру. Мысалы, 1-ақпан, 4-мамыр т.с.с.

    5. Жыл мезгілінің енгізілген номеріне байланысты (1-қыс, 2-көктем, 3-жаз, 4-күз) оған сәйкес ай аттарын және әрбір айдағы күндер санын шығаратын программа құру.



    Қолданылатын әдебиеттер:

    1. Архангельский А.Я.. Программирование в DELPHI. 7. -М.:ООО “Бином- Пресс”,2005. - 1152с.

    2. Фаронов В.В. Программирование баз данных в DELPHI 6. -СПб.:Питер, 2003. -352с.

    3. Б.Д. Сыдықов – Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту. Алматы, 2002.

    4. Б.Д. Сыдықов, Ш. Т. Шекербекова, Н. И. Культин - Delphi ортасында бағдарламалау практикумы. Алматы, 2005

    5. Н. И. Культин – Delphi в задачах и примерах. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 1999.


    написать администратору сайта