|
Cоңғы тап. Сабаты авторы Жрманова Ж. Т пн
Сабақтың авторы
| Жұрманова Ж.Т
| Пән
| қазақ тілі
| Сынып
| 3
| Тақырыбы
| Абай-ұлы ақын
| Мақсаты
| 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
| Қалыптастырылатын оқу қабілеттері
|
| Сабақтың кезеңдері / мәтінмен жұмыстың кезеңдері
| Мұғалімнің
іс-әрекеттері (тапсырмалар мен сұрақтар)
| Оқушының
іс-әрекеттері
| Мәтінге дейінгі
«Түйінді сөздер» тәсілі Кластер жасау тәсілі
| Оқылым, айтылым тапсырмалары.
Берілген сөз тіркестерін қолданып
1-топ: Абай туралы кластер құру.
2-топ: Абай туралы білгендерін баяндап беру.
Берілген сөздер: ұлы ақын,өлең жазды, қазақ тіліне аударды, ақынның шығармалары, өмір, табиғат туралы өлеңдар жазды, өлеңдері әлемнің 33 тіліне аударылды.
|
1.Оқушылар берілген сөз тіркестерімен кластер құрады.
2.Берілген сөздерді қатыстырып Абай туралы әңгімелеп береді.
| Мәтіндік
мәтінге белгі салу немесе ИНСЕРТ әдісі «Сұрау сөздері» стратегиясы
| Тыңдалым. Айтылым.
Мәтінді тыңда. Көп нүкте орнына қажетті сөздерді қойып, мазмұнын айт.
Абай Құнанбайұлы - қазақтың.... . Ол адам, өмір,... туралы көп өлең жазды. Абай орыстың ұлы ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне ... . Оқылым. Айтылым.
49 беттегі, 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Оқып отырған кезде белгілерді салып отырыңыз. Әр топ қарсы топқа мәтін бойынша сұрақтар қояды.
|
1.Көп нүкте орнына қажетті сөздерді қояды.
2.Мәтін мазмұнын айтып береді. 1.Мәтін мазмұнын түсінеді. Белгі қояды.
2.Мәтін бойынша сұрақ қояды.
| Мәтіннен кейінгі
| Жазылым.
Көп нүкте орнына қажетті жалғауды қойып жазу, олармен сөз тіркестерін құрау
Абай
| -ның
-дың
-тің
-нің
| өлең
| -ы
-сы
-і
| ақын
| шығарма
| орыс
| ақын
| Қазақ
| тіл
| әлем
| тілдер
|
«Синквейн» әдісі
«Абай кім?» деген сұраққа синквейн әдісі арқылы жауап алайық.
Зат есім (Кім?) –
Сын есім (Қандай?) –
Етістік (Не істеді? Не қылды? Қайтті?) –
Сөйлем
Синоним –
|
1.Көп нүкте орнына қажетті жалғауды қойып жазады
2.Берілген сөздермен тіркестерін құрайды.
«Синквейн» құрастырады.
|
Қорытынды тапсырманы бағалау критерийлері:
Критерий
| Дескрипторлар
| 0
| 1
| 2
| Сабақтың мақсаты нақты, өлшемді, сабақ нәтижелеріне қатысты
| Сабақтың мақсаты нақты емес, 1 сабақта қол жетерлік емес
| Мақсатты тұжырымдау үшін мақсатқа жеткен-жетпегенін тексеруді қиындататын жалпы тұжырымдар пайдаланылған
| Сабақтың мақсаты нақты, қолжетерлік, сабақ нәтижелеріне қатысты
| Іріктелген тапсырмалар мақсатқа жетуге ықпал етеді, оқу қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі
| Тапсырмалар мақсатқа жетуге ықпал етпейді, берілген тақырыпқа жасалған жаттығулар жиынтығы болып табылады
| Іріктелген тапсырмалар ішінара мақсатқа жетуге ықпал етеді, оқушылардың қызметтің субъектілері ретінде сабақтың кейбір кезеңдеріне қосылуын көздейді, оқу қабілеттерін дамытуға бағытталған
| Тапсырмалар кешені мақсатқа жетуге мүмкіндік береді, оқушылардың қызметтің субъектілері ретінде сабақтың барлық кезеңдеріне қосылуын көздейді. Мұғалімнің тапсырмалары дамытушы сипатқа ие, оқу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді
| Мұғалімнің қызметі тізіп жазылған (сұрақтар, тапсырмалар құрастырылған)
| Материалдың баяндалуы сабақтың жалпы логикасымен байланысы жоқ тапсырмалар жиынтығын білдіреді
| Мұғалімнің қызметі тізіп жазылған, тапсырмалар ішінара сабақтың логикасына сәйкес келеді
| Мұғалімнің қызметі, сондай-ақ ұсынылып отырған тапсырмалар логикалы түрде, бірізділікпен, сабақтың әр кезеңінің міндеттерімен сәйкестікте жазылған
| Мәтінмен жұмыс мағыналық оқу стратегиясының кезеңдерімен сәйкестікте жүзеге асырылады
| Мәтінмен жұмыс кезеңдері белгіленбеген
| Сценарийде мәтінмен жұмыс кезеңдері ішінара жазылған.
| Сценарийде мағыналық оқудың үш кезеңі де анық жазылған, әр кезеңге тапсырмалар жасалған
| Оқушылардың қызметі жазылған
| Оқушының қызметін сипаттау мұғалімнің тапсырмаларына сәйкес келмейді немесе жазылмаған
| Оқушының қызметі мұғалімнің тапсырмаларына сәйкес келеді, алайда сызба түрінде жазылған
| Оқушының қызметі мұғалімнің тапсырмаларымен сәйкестікте, толық, логикалы,бірізді түрде жазылған
| Ең жоғарғы сан 10 ұпай
|
Егер қорытынды жұмысы бағалау критерийлеріне сәйкес келсе және 6 немесе одан көп ұпай жинаса,тыңдаушының қорытынды жұмысы сынақтан өтті деп есептеледі. |
|
|