Главная страница
Навигация по странице:

  • «Дизайн және технология» бөлімінің

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сабақ барысы

  • Тапсырма №1. Топтық жұмыс

  • Тапсырма №2. Топтық жұмыс

  • Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады. Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады. «Бағдаршам» әдісі қолданылады.

  • Сабақтағы қауіпсіздік ережелері Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада

  • 1 қосымша Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері

  • Көркем еңбек. 8 сынып. 2-бөлім. Қазақ халқының тұрмыстық заттары. Сабаты йымдастыруа арналан дістемелік нсаулы аза халыны трмысты заттарыны орындалу техникасы мен материалдарын зерделеу таырыбына


    Скачать 21.09 Kb.
    НазваниеСабаты йымдастыруа арналан дістемелік нсаулы аза халыны трмысты заттарыны орындалу техникасы мен материалдарын зерделеу таырыбына
    Дата16.11.2020
    Размер21.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКөркем еңбек. 8 сынып. 2-бөлім. Қазақ халқының тұрмыстық заттары.docx
    ТипДокументы
    #150802

    Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

    «Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын зерделеу» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің екінші тақырыбы. Сабақ қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының орындалу технологиясы мен қолданылған материалдар туралы зерттеу жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

    Сабақ зерттеу дағдысына негізделген.

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: 1 дегенде оң қолды алдыға созып, сол қолды құлақтың тұсына қойып, 2 дегенде екі қолды шапалақтап, 3 дегенде сол қолды алдыға созып, оң қолды құлақтың тұсына қойып санау жүргіземіз. Осылайша 5 қайтара санау жүргізуге болады.

    Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

    Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.
    Сабақ барысы

    Презентация:....

    Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

    ТОРСЫҚ ЖАСАУ

    https://www.youtube.com/watch?v=hg_Far9_IB8

    бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

    Оқушылармен қазақ халқының ұлттық ыдыс аяқтары туралы әңгімелесіңіз. Әңгіме барысында қолда бар керамикадан, металдан, былғарыдан және ағаштан жасалынған ыдыс аяқ үлгілерін көрсетіңіз. Торсықтың ерекшелігі жол жүру барысында оның ішіндегі сусындардың шайқатылып, дәмі одан әрі жақсарады.
    Тапсырма №1. Топтық жұмыс:

    Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу ұсынылады. Бірінші топ – ыдыс- аяқ түрлерін, ағаштан және қандай мақсатта жасалғанын талдайды. Екінші топ- қымыз, шұбат, айран сусындарын сақтауға арналған былғарыдан жасалған ыдыс- аяқ түрлеріне таныстырылым дайындайды. Үшінші топ- темірден, әйнектен, қыштан жасалған ыдыс аяқ түрлерін талқылайды.

    Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

    Тапсырма №2. Топтық жұмыс:

    Тапсырманы орындама бұрын оқушыларға бірнеше сұрақ қойыңыз. Бұл тарсырмада оқушылардан интернет- ресурстарды және қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының ұлттық дөңгелек үстелі туралы таныстырылым дайындауларын сұраңыз. Оны орындауға қажетті материалдар мен құрал- жабдықтар туралы ақпараттар қамтылуы тиіс.

    Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

    Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

    «Бағдаршам» әдісі қолданылады.

    Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

    Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

    1 қосымша
    Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

    • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

    • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

    • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

    • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;

    • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

    • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

    • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

    • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.


    написать администратору сайта