Главная страница
Навигация по странице:

  • «қу соқпақ»

  • Көлеңке басын ұзартып

  • Сұрақ-тапсырмалар

  • Сабақты қорыту. "Көлеңке басын ұзартып"

  • 12.«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі. Сабаты таырыбы Абай нанбаев Клеке басын зартып


    Скачать 24.08 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Абай нанбаев Клеке басын зартып
    Дата26.02.2022
    Размер24.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла12.«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі.docx
    ТипДокументы
    #373962

    Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі
    Мағынаны тану

    «КӨЛЕҢКЕ БАСЫН ҰЗАРТЫП» - Абайдың 1900 жылы жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтан тұрады.

    Заңғар көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» , «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық» дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз екеніне күңірене қамыққан, салып өттім деген жолының «қу соқпақ» болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай, «Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой» кімді таппақ, кімді иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың «не тындырдың» деген сауалына «Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге», енді менің кінәм не деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба алмаған, өкінішпен өмір кешкен сыңай танытады.

    Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.


    • Өлеңді оқу және талдау.



    Көлеңке басын ұзартып


    Көлеңке басын ұзартып,

    Алысты көзден жасырса;

    Күнді уақыт қызартып,

    Көк жиектен асырса;
    Күңгірт көңілім сырласар

    Сұрғылт тартқан бейуаққа,

    Төмен қарап мұңдасар,

    Ой жіберіп әр жаққа.
    Өткен өмір — қу соқпақ,

    Қыдырады талайды.

    Кім алдады, кім тоқпақ

    Салды, соны санайды.



    Нені тапсаң, оны тап,

    Жарамайды керекке.

    Өңкей уды жиып ап,

    Себеді сорлы жүрекке.
    Адасқан күшік секілді

    Ұлып жұртқа қайтқан ой

    Өкінді, жолың бекінді,

    Әуре болма, оны қой.
    Ермен шықты, ит қылып,

    Бидай шашқан егінге.

    Жай жүргенді уерд1 қылып,

    Тыныш өлсеңші тегінде.



    Сұрақ-тапсырмалар:
    1. Табиғат көріністеріне назар аударыңыз. Оның өлең идеясьш ашудағы маңызын талдаңыз.

    2. Ақын көңіл күйіне назар аударыңыз. Ол көңіл күйді білдіретін, бейнелейтін сөздерді табыңыз.

    3. Бұрын өзіңізге кездеспеген тың оралымдар, бейнелі сөздер бар ма?
    Сөздікпен жұмыс:

    • 1 Уерд (арабша) — жай жүрген адамды қиыншылыққа ұшырату.

    • Өлеңнен түсінгендерінізді «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» кестесіне толтыру.

    Үзінді

    Үзінді жайлы пікір









    Сабақты қорыту.

    "Көлеңке басын ұзартып" өлеңінің алғашқы шумағында қазақтар "екі кештің арасы", "зауал (қатерлі) шақ" деп ырымдайтын кездің жабырқау көрінісі берілген. Екінші шумақтан сол сұрқай бейуақпен мұңдасқан шерлі ақын бейнесін көреміз. Заманынан озып туып, "жұрт ермей, не ерік бермей" қор еткен дана жан өмірінің анау көкжиектен қызарып асып бара жатқан күндей кешкірген шағында бастан кешкен жалғыздың мұңын, арман-мұраттарын еске алып отырғандай. Сондықтан да болар, өлең бұрынғы сахара ақындығына беймәлім сарында, "көлеңке басын ұзартып", "күнді уақыт қызартып", "сұрғылт тартқан бейуақпен", "төмен қарап мұңдасу" сияқты кілең тың, әсерлі сөздерден тұрады. Бұл Абай ақындығының орасан күштілігін, жаңашылдығын көрсетеді.


    Үйге тапсырма: «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жаттау.


    написать администратору сайта