Сабаты таырыбы Файлдармен жмыс файлды ашу жне жабу Мтіндік файла жазу
Скачать 18.74 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: Файлдармен жұмыс: файлды ашу және жабу 1. Мәтіндік файлға жазу 2. Мәтіндік файлдан оқу Мәтіндік файлды жазу үшін ашу үшін w (қайта жазу) немесе а (жазуға қосу) режимдерінің бірін қолдану керек. Содан кейін жазба жазу үшін write(str) әдісі қолданылады, онда жазылатын жол беріледі. Мұнда тек жол ғана жазылатынын атап өту керек, егер сандар немесе басқа да типті берілгендерді жазу керек болса, онда оларды жолға түрлендіру керек. "hello.txt" файлына қандай да бір ақпарат жазайық:
Егер біз Python-ның ағымдағы скрипті жазылған буманы ашатын болсақ, онда hello.txt файлының пайда болғанын байқаймыз. Бұл файлды кез келген мәтіндік редактормен ашып, қажет болса, өзгерту енгізуімізге болады. Енді осы файлға тағы бір жолды қосып жазайық:
Файлға жаңа жол қосқан кезде ол ондағы соңғы символға қосылады, сондықтан, жазбаны жаңа жолдан бастау керек болса, "\n" эскейп-тізбегін қою керек. Нәтижесінде hello.txt файлында келесідей жазба болады:
Файлға жазудың тағы бір әдісі print() стандартты әдісі болып табылады. Ол берілгендерді консольға шығару үшін қолданылады:
print әдісі көмегімен берілгендерді шығару үшін екінші параметр ретінде file параметрі арқылы файл атауы беріледі. Ал біпінші параметр файлға жазылатын жолды көрсетеді. Файлды оқу Файлды оқу үшін оны r (Read) режимінде ашу керек. Одан кейін оның мазмұнын әр түрлі әдістермен оқуға болады: readline(): файлдағы бір жолды оқиды read(): файлдың барлық мазмұнын бір жолға оқиды readlines(): файлдың барлық жолдарын бір тізімге оқиды. Мысалы, жоғарыда жазылған файлдың әр жолын жеке оқиық:
Әр жолды оқу үшін readline() әдісін нақты қолданбасақ та, бұл әдіс әр жолды алған кезде автоматты түрде шақырылады. Сондықтан циклде readline() әдісін қолмен жазып отырудың қажеті жоқ. Және жолдар "\n" жаңа жолға көшу символымен ажыратылғандықтан, жаңа жолға артық көше бермес үшін print функциясына end="" мәні беріледі. Енді жеке жолдарды оқу үшін readline() әдісін нақты қолданайық:
readline әдісін файлдағы әр жолды оқу үшін while циклінде қолдануға болады:
Егер файл үлкен болмаса, онда оны read() әдісі көмегімен бірден оқуға болады:
Сондай-ақ барлық файлды жолдар тізімі ретінде оқу үшін readlines() әдісін қолданамыз:
Қолданушы енгізген жолдар жиыны файлға енгізіліп, одан кейін қайта консольге шығарылатын скрипт жазайық:
# Жол енгізіңіз 1: salem Жол енгізіңіз 2: alem Жол енгізіңіз 3: kalyn Жол енгізіңіз 4: kalay salem alem kalyn kalay |